Об установлении границы (черты ) населенного пункта Аккольского района Қолданыста
Басқа 0
Ақкөл ауданының елді
мекенінің шекарасын
(шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 659,4 гектар Ақкөл ауданы Ерназар ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ақкөл ауданы Ерназар ауылының шекарасы (шегі)
Бірлескен Ақкөл ауданы
әкімдігінің қаулысына
2026 жылғы 26 мамырдағы
№ А-5/119 қаулысы
1-қосымша
Ақкөл аудандық мәслихатының
2026 жылғы 26 мамырдағы
№ С 60-3 шешіміне
1-қосымша
Ақкөл ауданы Ерназар ауылының шекарасы (шегі)
ШАРТТЫ БЕЛГІСІ
- Шекара (шегі)