Об утверждении Инструкции о пруденциальных нормативах страховой (перестраховочной) организации, методике их расчетов и представлении отчетов о выполнении пруденциальных нормативов, а также требованиях к степени диверсификации активов страховой (перестраховочной) организации Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45, 46-баптарын және«"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 9-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 21 тамыздағы N 310 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 2514 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 21 басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"»Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 5
5. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Басқа 0. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі   Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 355 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулық Осы Ереже "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45, 46-баптарына (бұдан әрі - Заң) және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 9-баптарын сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына (бұдан әрі - сақтандыру ұйымы) арналған пруденциалдық нормативтерді, оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп ұсынудың нысаны мен мерзімін, сондай-ақ активтерді диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында пруденциалдық нормативтердің мынадай түрлері белгіленген:
Тармақша 1
1) төлем қабілеттілігінің нормативтері;
Тармақша 2
2) қаржылық тұрақтылық нормативтері.
Тармақ 2
2. Төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымы төлем қабілеттілігінің мынадай нормативтерін сақтауы тиіс:
Тармақша 1
1) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі, ол мына формула бойынша өтімділігі жоғары активтердің сақтандыру резервтеріне қатысы ретінде есептеледі: ВА Нва = > ----------, СР мұндағы: Нва - өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі; ВА - осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген өтімділігі жоғары активтердің құны; СР - нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына (бұдан әрі - N 211 қаулы) сәйкес есептелген сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы. Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі бірліктен кем болмауы тиіс. Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативін есептеген кезде сақтандыру ұйымы активтері сомасының бір процентінен асатын кассадағы қалдық сомасы ескерілмейді;
Тармақша 2
2) сақтандыру ұйымының мына формула бойынша оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып сақтандыру резервтері мен өзге де міндеттемелер сомасына азайтылған барлық активтер құнының жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымына нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1513 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 117 қаулысымен (бұдан әрі - N 117 қаулы) белгіленген жеке капиталының ең төменгі мөлшеріне қатысы ретінде есептелген меншік капиталының жеткіліктілік нормативі: А - СР - О Нк = > --------------, Мск мұндағы: Нк - сақтандыру ұйымының меншік капиталының жеткіліктілік нормативі; А - сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген барлық активтерінің құны; СР - сақтандыру ұйымының N 211 қаулыға сәйкес есептелген сақтандыру резервтерінің сомасы; О - сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтері сомасын қоспағандағы міндеттемелері; Мск - жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымына N 117 қаулымен белгіленген меншік капиталының ең төменгі мөлшері. Сақтандыру ұйымының меншік капиталының жеткіліктілік нормативі бірліктен кем болмауы тиіс.
Тармақ 3
3. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымы активтерді диверсификациялаудың мынадай нормативтерін сақтауы тиіс:
Тармақша 1
1) сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияларының жиынтық мөлшері сақтандыру ұйымының активтері сомасының он бес процентінен кем болмауы тиіс;
Тармақша 2
2) сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің салымдарына (депозиттеріне) және Заңның 48-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 4)-6) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына инвестицияларының мөлшері мынадай мағыналардан аспауы тиіс: Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің біреуіне салымдары (депозиттері) (оның ішінде шетел валютасында) - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он бес процентінен; Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі біреуінің және осы банктің банк тобына кіретін әрі сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он процентінен; осы тармақшаның үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының бір эмитентінің бағалы қағаздарына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он бес процентінен; осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген ипотекалық облигацияларды қоспағанда, ипотекалық облигацияларға - сақтандыру ұйымының активтері сомасының жиырма процентінен; "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он бес процентінен; Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі біреуінің және осы банктің банк тобына кіретін әрі сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санаттан кейінгі санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының бес процентінен; осы тармақшаның бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санаттан кейінгі санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының бір эмитентінің бағалы қағаздарына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының бес процентінен;
Тармақша 3
3) сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 7) - 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарға инвестицияларының жиынтық мөлшері (Заңның 48-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып) - сақтандыру ұйымының активтері сомасының отыз процентінен кем болмауы тиіс;
Тармақша 4
4) "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына берілетін заемның жиынтық мөлшері сақтандыру ұйымы активтері сомасының он процентінен аспауы тиіс.
Тармақ 4
4. Төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын анықтау кезінде оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып сақтандыру ұйымының активтері құнының есебіне:
Тармақша 1
1) ақша: кассадағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде; жолдағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде; ағымдағы шоттардағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде; картшоттардағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған салымдар (депозиттер): талап ету бойынша салымдар - күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып шоттардағы соманың жүз проценті көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып); мерзімді салымдар - күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып шоттардағы соманың жүз проценті көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
Тармақша 3
3) осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 3) - 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар - күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып шоттардағы соманың жүз проценті көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
Тармақша 4
4) материалдық емес активтер: бағдарламалық қамтамасыз ету - жинақталған амортизацияны ескере отырып баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
Тармақша 5
5) күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып қайта сақтандырушылардан алынатын сома, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары: шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген берешек - алынатын соманың ағымдағы мөлшерінің жүз проценті көлемінде; 90 күнге дейінгі мерзімге шарт талаптары бойынша мерзімі өткен берешек - алынатын соманың ағымдағы мөлшерінің елу проценті көлемінде;
Тармақша 6
6) "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына берілетін заем - негізгі борыш сомасының жүз проценті мөлшерінде.
Тармақ 5
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сай сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын анықтау кезінде ескерілетін активтердің құнын есептеу кезінде мыналар ескерілмейді:
Тармақша 1
1) сақтандыру ұйымының меншік құқығы шектелген активтер (кепілге ұсыну, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану және басқалары);
Тармақша 2
2) еншілес, бағынышты және бірге бақыланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ өзге аффилиирленген ұйымдардың дебиторлық берешегі;
Тармақша 3
3) сақтандыру ұйымының активтері сомасының 10%-нен асатын сақтандыру ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуге инвестициялар сомасы;
Тармақша 4
4) осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген активтер.
Тармақ 6
6. Сақтандыру ұйымы активтерін есепке алу және қайта бағалау қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және сақтандыру ұйымының есеп саясатына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Құны шетел валютасында көрсетілген активтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаланады.
Тарау 2. 2-тарау. Активтерді диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар
2-тарау. Активтерді диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар
Тармақ 8
8. Активтерді диверсификациялау активтерді әр түрлі инвестициялау объектілеріне бөлу болып табылады.
Тармақ 9
9. Сақтандыру ұйымы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өз активтерінің бір бөлігін мынадай өтімділігі жоғары активтерге орналастырады:
Тармақша 1
1) кассадағы ақша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санатта енген, немесе шетел валютасында "А-" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктемесі бойынша) немесе "А3" ("Moody's Investors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктемесі бойынша) ұзақ мерзімді рейтингі бар еншілес банктер - резиденттер, бас банктер - резидент еместер болып табылатын екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (депозиттер) (оның ішінде шетел валютасында);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы эмитенттерінің Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған сауда ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары және жоғары санаттан кейінгі санатта енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар (ипотекалық облигациялар мен "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларын қоспағанда);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы эмитенттерінің сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санатта енгізілген ипотекалық облигациялар;
Тармақша 6
6) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигациялары;
Тармақша 7
7) шет мемлекеттердің "А-" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктемесі бойынша) төмен емес немесе "А3" ("Moody's Investors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктемесі бойынша) төмен емес дербес рейтингі бар бағалы қағаздары;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының эмитенттері - резидент еместерінің шетел валютасында "А-" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктемесі бойынша) төмен емес немесе "А3" ("Moody's Investors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктемесі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар мемлекеттік емес бағалы қағаздары;
Тармақша 9
9) тізбесі осы Нұсқаулықтың 10-тармағында анықталған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
Тармақша 10
10) сақтанушыларға берілген заемдар ("өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін).
Тармақ 10
10. Сақтандыру ұйымы өз активтерін мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздарға орналастыра алады:
Тармақша 1
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Тармақша 2
2) Еуропа қайта құру және даму банкі;
Тармақша 3
3) Америка аралық даму банкі;
Тармақша 4
4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
Тармақша 5
5) Азия даму банкі;
Тармақша 6
6) Африка даму банкі;
Тармақша 7
7) Халықаралық қаржы корпорациясы (The Internatіonal Fіnance Corporatіon);
Тармақша 8
8) Ислам даму банкі;
Тармақша 9
9) Еуропа инвестициялық банкі.
Тарау 3. 3-тарау. Пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есептерді ұсыну
3-тарау. Пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есептерді ұсыну
Тармақ 11
11. Сақтандыру ұйымы ай сайын, бірақ есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есеп) ұсынады. Есеп қағазда ұсынылады.
Тармақ 12
12. Есепті жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есептегі бес жүз теңгеден кем сома нольге дейін, ал бес жүз теңгеге тең және одан астам сома - мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 13
13. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 226 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Тармақ 14
14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған есепте дәлсіздіктер немесе қателер анықталған жағдайда уәкілетті орган оларды сақтандыру ұйымына жібереді. Сақтандыру ұйымы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықтаған есепті электрондық тасымалдағышта жібереді.
Тармақ 14-1
14-1. Уәкілетті орган сақтандыру ұйымы электрондық тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге есептіліктің негізінде пруденциалдық нормативтерді есептейді.
Тармақ 15
15. Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есеп ұсынылған күннен бастап үш күн ішінде уәкілетті органға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтінішін береді.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Басқа 1. 200__ жылғы ___________ "_____" жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есебі
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа 1-қосымша ____________________________________________________ (Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) 200__ жылғы ___________ "_____" жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есебі (мың теңге) N Көр­сет­кіш­тің ата­уы Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы Ес­ке­рі- ле­тін кө­лем Есеп­теу со­ма­сы 1 2 3 4 5 1. Ақ­ша - бар­лы­ғы (1.1. - 1.4 жол­дар­дың со­ма­сы), оның іш.: 100% 1.1 100 % ба­лан­стық құн­нан түс­кен кас­са­да­ғы ақ­ша 100% 1.2 100 % ба­лан­стық құн­нан түс­кен жол­да­ғы ақ­ша 100% 1.3 Ағым­да­ғы шот­тар­да­ғы ақ­ша - 100 % ба­лан­стық құн кө­ле­мін­де 100% 1.4 100 % ба­лан­стық құн кө­ле­мін­де­гі карт­шот­та­ғы ақ­ша 100% 2. Ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры "А" са­на­ты бой­ын­ша неме­се ре­зи­дент-ен­ші­лес банк­тер бо­лып та­бы­ла­тын "А" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рей­тинг агент­тікте­рі­нің жік­те­лі­мі бой­ын­ша) неме­се "А3" ("Moody's Investors Servіce" рей­тинг агент­тікте­рі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) - бар­лы­ғы (2.1. - 2.2. жол­да­ры­ның со­ма­сы) cа­нат­та­ры­нан тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі бар са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ре­зи­дент емес-ен­ші­лес банк­тер­де бар Қа­зақ­стан Респу- бли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рі­нің са­лым­да­ры (де­по- зит­те­рі) (оның ішін­де ше­тел ва­лю­та­сын­да­ғы), оның ішін­де: 100% 2.1 Күм­ән­ды бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зер- вті ше­гер­ген­де­гі шот­тар­да­ғы (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) со­ма­лар­дан 100 % кө­ле­мін­де түс- кен та­лап ету бой­ын­ша са­лым­дар 100% 2.2 Күм­ән­ды бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зер- вті ше­гер­ген­де­гі шот­тар­да­ғы (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) со­ма­лар­дан 100 % кө­ле­мін­де түс­кен мер­зім­ді са­лым­дар 100% 3. Күм­ән­ды бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зер- вті ше­гер­ген­де­гі ба­лан­стық құн­нан (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100% кө­ле­мін­де түс­кен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (оның ішін­де бас­қа мем­ле­кет- тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес ай­на­лы­сқа ақ­ша шы­ғар­ған) 100% 4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның эми- тент­те­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мен бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да- ры­на сәй­кес шы­ғар­ған ("Қа­зақ­стан Да­му Бан­кі" ЖАҚ-ның ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­я­ла­ры мен об­ли­га­ция- ла­ры­нан бас­қа­сы), күм­ән­ді бо­рыш- тар бой­ын­ша ре­зерв­ті ше­гер­ген- де­гі ба­лан­стық құн­нан (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100 % кө­ле­мін­де түс­кен ай­рық­ша жо­ға­ры са­нат бой­ын­ша са­уда-сат­тық ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­ген мем­ле­кет­тік емес эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 100% 4-1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған ("Қа­зақ­стан Да­му Бан­кі" АҚ-ның ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­я­ла­ры мен об­ли­га­ци­я­ла­ры­нан бас­қа­сы), са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ре­сми ті­зі­міне жо­ға­ры са­нат­тан кей­ін­гі са­нат бой­ын­ша ен­гі­зі­л­ген - күм­ән­ді бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зерв­ті ше­гер­ген­де­гі ба­лан­стық құ­ны­нан (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100 % кө­ле­мін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы эми­тент­те­рі­нің мем­ле­кет­тік емес эмис­си­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 100 % 5. Күм­ән­ды бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зер- вті ше­гер­ген­де­гі ба­лан­стық құн­нан (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100 % кө­ле­мін­де түс­кен ай­рық­ша жо­ға­ры са­нат бой­ын­ша са­уда-сат­тық ұй­ым­да­сты- ру­шы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы эми­тент- те­рі­нің ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­я­ла­ры 100% 6. Күм­ән­ды бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зер- вті ше­гер­ген­де­гі ба­лан­стық құн­нан (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100 % кө­ле­мін­де түс­кен "Қа­зақ­стан Да­му Бан­кі" ЖАҚ-ның об­ли­га­ци­я­ла­ры 100% 7. Күм­ән­ды бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зер- вті ше­гер­ген­де­гі ба­лан­стық құн­нан (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100 % кө­ле­мін­де түс­кен дер­бес рей­тин­гі "А" са­на­ты­нан тө­мен емес ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рей­тинг агент­тікте­рі- нің жік­те­уі бой­ын­ша) неме­се "А3"-дан ("Moody's Investors Servісe" рей­тинг агент­ті­гі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) тө­мен емес шет мем­ле­кет­тер­дің ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 100% 8. Күм­ән­ды бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зер- вті ше­гер­ген­де­гі ба­лан­стық құн­нан (негіз­гі бо­рыш пен есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100 % кө­ле­мін­де түс­кен дер­бес рей­тин­гі "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рей­тинг агент­тікте­рі- нің жік­те­уі бой­ын­ша) неме­се "А3"-дан  ("Moody's Investors Servісe" рей­тинг агент­ті­гі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) тө­мен емес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре- зи­дент емес - эми­тент­те­рі­нің мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 100% 9. Күм­ән­ды бо­ры­штар бой­ын­ша ре­зер- вті ше­гер­ген­де­гі ба­лан­стық құн- нан (негіз­гі бо­рыш пен есеп- тел­ген сый­а­қы со­ма­сын ес­ке­ре оты­рып) 100 % кө­ле­мін­де түс­кен ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық ұй­ым­дар- дың ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 100% 9-1. Негіз­гі бо­рыш со­ма­сы­ның 100% кө­ле­мін­де сақ­та­ну­шы­лар­ға бе­рі­л­ген за­ем­дар ("өмір­ді сақ­тан­ды­ру" са­ла­сын­да қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын сақ­тан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін) 100% 10. ЖА - өтім­ді­лі­гі жо­ға­ры ак­тив­тер жиын­тығы (жол­дар со­ма­сы 1.1., 2., 3., 4., 4-1., 5., 6., 7., 8., 9., 9-1.) Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның 1 %-нен аса­тын 5 ба­ған­ның 1.1 жо­лы­ның со­ма­сы ес­ке­ріл­мей­ді Х 100% 11. Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету (5-ба­ған­да жи­нақ­тал­ған амор­ти- за­ци­я­сы ес­ке­рі­л­ген ба­лан­сқа ар­нал­ған ак­тив­тер­дің 10%-тен ас­пай­тын со­ма­сы ес­ке­рі­ле­ді) 100% 12. Қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­лар­дан алы­на- тын со­ма­лар бой­ын­ша, сақ­та­ну­шы- лар­дан (қай­та сақ­та­ну­шы­лар­дан) және дел­дал­дар­дан алы­на­тын сақ- тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры бой­ын­ша күм­ән­ды бо­ры­штар жө­нін­де­гі ре­зерв­ті ше­гер­ген­де­гі шарт та­лап­та­рын­да­ғы со­ма­лар бой­ын­ша мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек 100% 13. Қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­дан алы­на­тын со­ма­лар бой­ын­ша, сақ­та­ну­шы­лар- дан (қай­та сақ­та­ну­шы­лар­дан) және дел­дал­дар­дан алы­на­тын сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры бой­ын­ша күм­ән­ды бо­ры­штар жө­нін- де­гі ре­зерв­ті ше­гер­ген­де­гі шарт та­лап­та­рын­да­ғы со­ма­лар бой­ын­ша 90 күн­дік мер­зім­ге мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек 50% 14. А - са­па­сы мен өтім­ді­лі­гі бой­ын­ша жік­те­луі ес­ке­рі­л­ген ак­тив­тер жиын­тығы (жол­дар со­ма­сы 1., 2., 3., 4., 4-1., 5., 6., 7., 8., 9., 9-1., 9.1., 11., 12., 13.) Х Х 15. СР - сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рі Х Х 16. Жла нор­ма­ти­ві - өтім­ді­лі­гі жо- ға­ры ак­тив­тер­дің жет­кі­лік­ті­лік нор­ма­ти­ві (10 жол/ 15 жол) Х Нва=>1 17. Сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рін қо­с­па­ған кез­де­гі мін­дет­те­ме­лер Х Х 18. Уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі бой­ын­ша бел­гі­лен­ген мен­шік ка­пи- та­лы­ның ба­рын­ша тө­мен­гі мөл­ше­рі Х Х 19. Нк нор­ма­ти­ві - мен­шік ка­пи­та- лы­ның жет­кі­лік­ті­лік нор­ма­ти­ві (14 жол - 15 жол 17)/ жол 18 жол)) Х Нк=>1 20. Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы Х Х Активтерді диверсификациялау нормативтерінің есебі (мың теңге) N Көр­сет­кіш ата­уы Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы- нан %-пен 1 2 3 4 1. Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның 15 %-нен кем емес, оның ішін­де бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на (НД1) сәй­кес ақ­ша­ны ай­на­лы­сқа шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы- ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­рын- да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лар­дың со­ма­лық мөл­ше­рі 2. Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы 20 %-тен ас­па­са ас­па­са екін­ші дең­гей­де­гі банк бо­лып та­был­май­тын (НД5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рі­нің ипо­те­ка­лық об­ли­га­ци­я­ла­ры мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі бан­кі­нің банк то­бы­на кі­ре­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның эми­тент­те­рін қо­с­па­ған­да­ғы ай­рық­ша жо­ға­ры са­нат бой­ын­ша са­уда-сат­тық ұй­ым­да­сты­ру­шы­ла­ры­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы эми­тент­те­рі­нің ипо­те­ка­лық об­ли­га- ци­я­лар­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­сы­ның со­ма­лық мөл­ше­рі 3. Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның 15 %-нен жо­ға­ры емес - "Қа­зақ­стан Да­му Бан­кі" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның об­ли­га­ци­я­ла­рын­да­ғы (НД6) ин­ве­сти­ци­я­ның со­ма­лық мөл­ше­рі 4. "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рей­тинг агент­тікте- рі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) неме­се "А3"-дан ("Moody's Investors Servісe" рей­тинг агент­ті­гі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) тө­мен емес дер­бес рей­тін­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ба­ға­лы қа­ға­з­да­рын­да­ғы ин­ве­сти­ция- лар­дың со­ма­лық мөл­ше­рі, "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рей­тинг агент­тікте­рі­нің жік­теу бой­ын­ша) неме­се "А3"-дан ("Moody's Investors Servісe" рей­тинг агент- тігі­нің жік­те­уі бой­ын­ша) тө­мен емес ше­тел ва­лю­та­сын­да­ғы ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі бар, ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның 30%-нен ас­пай- тын ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры­ның ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның эми­тент­тер- ре­зи­дент еме­сте­рі­нің мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры 5. Сақ­та­ну­шы­лар­ға бе­рі­л­ген за­ем­дар­дың жиын­тық мөл­ше­рі ("өмір­ді сақ­тан­ды­ру" са­ла­сын­да қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын сақ­тан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін) (НД8) - ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­ның 10%-нен астам емес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі біреуінің және осы банктің банк тобына кіретін әрі сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санаттан кейінгі санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына инвестициялар көлемін есептеу - (НДЗ.-1) - баланс бойынша активтер сомасының 5% астам емес: (мың теңге) N Эми­тент­тің ата­уы Эми­тент са­на­ты Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­нан % 1 2 3 4 5 1. Банк то­бы­ның ата­уы Х 1.1. Банк ата­уы Х 1.1.1. Ак­ци­я­лар Х Х 1.1.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 1.2. Эми­тент ата­уы Х 1.2.1. Ак­ци­я­лар Х Х 1.1.3. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 1.3. Эми­тент ата­уы Х 1.3.1. Ак­ци­я­лар Х Х 1.3.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 2. Банк то­бы­ның ата­уы Х 2.1. Банк ата­уы Х 2.1.1. Ак­ци­я­лар Х Х 2.1.2 Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 2.2. Эми­тент ата­уы Х 2.2.1. Ак­ци­я­лар Х Х 2.2.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 2.3. Эми­тент ата­уы Х 2.3.1. Ак­ци­я­лар Х Х 2.3.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х X Бар­лы­ғы (1 - 2 жол­дар­дың со­ма­сы) Х Х Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған ("Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның ипотекалық облигациялары мен облигацияларынан, екінші деңгейдегі банктердің және банктің банк тобына кіретін және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарынан басқасы), сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санаттан кейінгі санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының бір эмитентінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына инвестициялардың көлемін есептеу - (НД 4-1) - баланс бойынша активтер сомасының 5% астам емес: (мың теңге) N Эми­тент­тің ата­уы Эми­тент са­на­ты Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­нан % 1 2 3 4 5 1. 1.1. Ак­ци­я­лар Х Х 1.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 2. 2.1. Ак­ци­я­лар Х Х 2.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 3. 3.1. Ак­ци­я­лар Х Х 3.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х Бар­лы­ғы  (1 - 3 жол­дар­дың со­ма­сы) Х Х Бағалы қағаздары айрықша жоғары санат бойынша немесе еншілес банк-резидент болып табылатын банктер бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкінің (оның ішінде шетел валютасымен) салымдарындағы (депозиттеріндегі), "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А3"-дан ("Moody's Investors Servісe" рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар - (НД-2) - баланс бойынша активтер сомасының 15%-нен аспайтын еншілес банктердегі инвестициялар мөлшерінің есебі (мың теңге) N Банк ата­уы Банк­тің са­на­ты/ рей­тин­гі Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма­сы­нан %-пен 1 2 3 4 5 1. 1.1. Та­лап ету бой­ын­ша са­лым­дар Х Х 1.2. Мер­зім­ді са­лым­дар Х Х 2. 2.1. Та­лап ету бой­ын­ша са­лым­дар Х Х 2.2. Мер­зім­ді са­лым­дар Х Х 3. 3.1. Та­лап ету бой­ын­ша са­лым­дар Х Х 3.2. Мер­зім­ді са­лым­дар Х Х 4. 4.1. Та­лап ету бой­ын­ша са­лым­дар Х Х 4.2. Мер­зім­ді са­лым­дар Х Х 5. 5.1. Та­лап ету бой­ын­ша са­лым­дар Х Х 5.2. Мер­зім­ді са­лым­дар Х Х Бар­лы­ғы (1-5) Х Х Баланс бойынша активтердің 10 %-нен аспайтын айрықша жоғары санат бойынша (НД3) сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тізіміне енген, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын, осы банктің банктер тобына кіретін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкінің және Қазақстан Республикасы эмитентінің бағалы қағаздардағы инвестициясының мөлшерінің есебі (мың теңге) N Эми­тент ата­уы Эми­тент са­на­ты Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма- сы­нан %-пен 1 2 3 4 5 1. Банк то­бы­ның ата­уы Х 1.1. Банк­тің ата­уы Х 1.1.1. Ак­ци­я­лар Х Х 1.1.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 1.2. Эми­тент ата­уы Х 1.2.1. Ак­ци­я­лар Х Х 1.1.3. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 1.3. Эми­тент ата­уы Х 1.3.1. Ак­ци­я­лар Х Х 1.3.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 2. Банк то­бы­ның ата­уы Х 2.1. Банк­тің ата­уы Х 2.1.1. Ак­ци­я­лар Х Х 2.1.2 Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 2.2. Эми­тент ата­уы Х 2.2.1. Ак­ци­я­лар Х Х 2.2.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 2.3. Эми­тент ата­уы Х 2.3.1. Ак­ци­я­лар Х Х 2.3.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х Бар­лы­ғы (1-2) Х Х Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын банктер тобына кіретін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен эмитенттерінің бағалы қағаздарын, ипотекалық облигацияларын, "Қазақстан Даму Банкі" ЖАҚ-ның облигацияларын қоспағанда) шығарылған, баланс бойынша активтердің 10%-нен аспайтын айрықша жоғары санаты бойынша (НД4) сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тізіміне енген Қазақстан Республикасының бір эмитентінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардағы инвестициясы мөлшерінің есебі (мың теңге) N Эми­тент ата­уы Эми­тент са­на­ты Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер со­ма- сы­нан %-пен 1 2 3 4 5 1. 1.1. Ак­ци­я­лар Х Х 1.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 2. 2.1. Ак­ци­я­лар Х Х 2.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х 3. 3.1. Ак­ци­я­лар Х Х 3.2. Об­ли­га­ци­я­лар Х Х Бар­лы­ғы (1-3) Х Х Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы  _______________________      __________________________           _______________________             (Аты-жөні)                            (қолы)      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтері ______      __________________________           _______________________             (Аты-жөні)                            (қолы)      Сақтандыру (қайта сақтандыру)      ұйымы мөрінің орны
Басқа 2. 200__ жылғы ___________ "_____" жағдай бойынша пруденциалдық нормативтер есебі үшін қосымша мәліметтері
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа 2-қосымша ____________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) 200__ жылғы ___________ "_____" жағдай бойынша пруденциалдық нормативтер есебі үшін қосымша мәліметтері (мың теңге) Бел­гі N Көр­сет­кіш­тің ата­уы Ба­ланс бой­ын­ша со­ма­сы 1 2 3 8001 Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету - ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер 8002 Бас­қа да ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер 8003 Шарт та­лап­та­ры­на сай қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­лар­дан алы­на­тын со­ма­лар бой­ын­ша, күм­ән­ді бо­рыш ре­зер- він ше­ге­ре оты­рып сақ­та­ну­шы­дан (қай­та сақ­та­ну- шы­дан) және дел­дал­дан алы­на­тын сақ­тан­ды­ру сый- лы­қа­қы­ла­ры со­ма­ла­ры бой­ын­ша мер­зі­мі өт­пе­ген бе­ре­шек 8004 Күм­ән­ды бо­рыш ре­зер­він ше­ге­ре оты­рып, сақ­та­ну- шы­дан (қай­та сақ­та­ну­шы­дан) және дел­дал­дан алы­на­тын сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры со­ма­ла­ры бой­ын­ша, қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­лар­дан алы­на­тын со­ма­лар бой­ын­ша 90 күн мер­зім­ге ұзар­ты­л­ған бе­ре­шек 8005 Күм­ән­ды бо­рыш ре­зер­він ше­гер­ген­де­гі қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­лар­дан алы­ну­ға жа­та­тын со­ма­лар, сақ­та­ну­шы­лар­дан (қай­та сақ­та­ну­шы­лар­дан) және дел­дал­дар­дан алы­ну­ға жа­та­тын сақ­тан­ды­ру сый­а­қы­ла­ры бой­ын­ша бас­қа бе­ре­шек Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы  _______________________      __________________________           _______________________             (Аты-жөні)                            (қолы)      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтері ______      __________________________           _______________________             (Аты-жөні)                            (қолы)      Сақтандыру (қайта сақтандыру)      ұйымы мөрінің орны