Об установлении норматива распределения, оставшегося в распоряжении коммунальных государственных предприятий, части чистого дохода Қолданыста
Басқа 0
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза
кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін өндірісті дамытуға бағытталады.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуды;
осы қаулыдан туындайтын өзге қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі
Павлодар облысы әкімдігінің
2026 жылғы «28» мамырдағы
№ 141/1 қаулысымен бекітілді
Денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі
Өндірісті дамытуға
40 %
Инвестициялық жобаны іске асыруға
15 %
Резервтерді қалыптастыруға
20 %
Өзге бағыттарға (қызметкерлерге төлемдер, қадағалау кеңесінің мүшелеріне төлемдер, кредиторлық қарызды өтеу, коммуналдық қызметтер, ағымдық шығыстар)
25 %