Об утверждении Правил проведения сертификации специалистов (экспертов) в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности Күшіне енбеген
Басқа 0
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 43) тармақшасына және 57-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2028 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2026 жылғы 28 мамырдағы
№ 259
Бұйрықпен бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы Қағидалардың қолданысы мамандар (сарапшылар) кәсіптерінің тізбесіне сәйкес мынадай салаларда кәсіби қызметті жүзеге асыруға үміткер жеке тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 3
3. Сертификаттау мынадай деңгейлер бойынша жүргізіледі: 1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман; 2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сарапшы.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) ретінде сертификаттаудан өтуге үміткер кандидат (бұдан әрі - кандидат) - осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін және өзінің кәсіби біліктілігін тану үшін сертификаттау орталығына жүгінген жеке тұлға;
Тармақша 2
2) мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау - осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен сертификаттаудан өтуге үміткер кандидаттың кәсіби стандарттар талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында сертификаттау орталығы жүргізетін рәсім.
Тармақша 3
3) сертификаттау орталығы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізу тәртібі
2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізу тәртібі
Тармақ 5
5. Сертификаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) кандидаттың құжаттарын қабылдау және қарау; 2) әңгімелесу; 3) сертификат беру туралы шешім қабылдау.
Тармақ 6
6. Сертификаттауға осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттар жіберіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Біліктілік талаптары
3-тарау. Біліктілік талаптары
№ р/с
Рұқсат беру талаптары
Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
Жобалау
1
Құрылыс саласында жоғары білімнің болуы
жоғары кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, білім туралы құжат пен оған қосымшаның нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса);
2
Мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы
еңбек кітапшасы.
Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда мыналар ұсынылады:
жұмыс берушінің оның тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.
Шетел азаматтары үшін еңбек қызметін растайтын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса).
Жұмыс өтіліне құрылыс саласындағы жобалау ұйымдарындағы қызмет есептеледі.
Техникалық қадағалау

Мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

Жұмыс өтіліне құрылыс саласындағы мердігерлік, техникалық қадағалауды жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардағы қызмет есептеледі.
Авторлық қадағалау
5
Құрылыс саласында жоғары білімнің болуы
жоғары кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, білім туралы құжат пен оған қосымшаның нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса);
6
Мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы
еңбек кітапшасы.
Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда мыналар ұсынылады:
жұмыс берушінің оның тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.
Шетел азаматтары үшін еңбек қызметін растайтын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса.
Жұмыс өтіліне құрылыс саласындағы жобалау ұйымдарындағы қызмет есептеледі.
Іздестіру қызметі
7
Құрылыс саласында жоғары білімнің болуы (геодезист, топограф, гидрогеолог, геофизик)
жоғары кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, білім туралы құжат пен оған қосымшаның нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса);
8
Мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы
еңбек кітапшасы.
Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда мыналар ұсынылады:
жұмыс берушінің оның тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.
Шетел азаматтары үшін еңбек қызметін растайтын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса).
Жұмыс өтіліне құрылыс саласындағы ұйымдарда жұмыстар бейіні бойынша қызмет есептеледі.
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау
9
Құрылыс саласында жоғары білімнің болуы
жоғары кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, білім туралы құжат пен оған қосымшаның нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса);
10
Мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы
еңбек кітапшасы.
Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда мыналар ұсынылады:
жұмыс берушінің оның тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.
Шетел азаматтары үшін еңбек қызметін растайтын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса).
Жұмыс өтіліне құрылыс саласындағы жобалау ұйымдарындағы қызмет есептеледі.
Жобалар сараптамасы
11
Құрылыс саласында жоғары білімнің болуы
жоғары кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, білім туралы құжат пен оған қосымшаның нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса);
12
Мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы
еңбек кітапшасы.
Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда мыналар ұсынылады:
жұмыс берушінің оның тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.
Шетел азаматтары үшін еңбек қызметін растайтын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса)
Жұмыс өтіліне құрылыс саласындағы жобалау ұйымдарындағы қызмет есептеледі.
Құрылыс-монтажтау жұмыстары
13
Құрылыс саласында жоғары білімнің болуы
жоғары кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, білім туралы құжат пен оған қосымшаның нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса);
14
Мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы
еңбек кітапшасы.
Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда мыналар ұсынылады:
жұмыс берушінің оның тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.
Шетел азаматтары үшін еңбек қызметін растайтын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электрондық көшірмесі және мөртабан мөрінің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толықтай шет тілінде болса)
Жұмыс өтіліне құрылыс саласындағы мердігерлік ұйымдардағы қызмет есептеледі.
Тармақ 1
1-параграф. Кандидаттың құжаттарын қабылдау және қарау
Тармақ 7
7. Кандидаттар таңдалған кәсіби қызмет бағыты бойынша сертификаттауды жүргізетін сертификаттау орталығына электрондық түрде мынадай құжаттарды береді: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттаудан өтуге арналған өтініш;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын нотариат куәландырған құжаттар.
Өтініш беруші сертификаттау орталығының қызметкеріне салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсынған жағдайда, нотариат куәландыруы талап етілмейді.
Тармақ 8
8. Әңгімелесуге жіберуден бас тарту негіздері:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеу;
Тармақша 3
3) анық емес мәліметтерді ұсыну.
Жіберуден бас тарту қайта ұсынылған құжаттарды қарауға қабылдау үшін негіз болып табылмайды. Құжаттарды қайта ұсынуға бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін жол беріледі.
Тармақ 9
9. Сертификаттау орталығы ұсынылған құжаттарды құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген толықтығы мен біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, оның қорытындысы бойынша кандидаттың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды және оны әңгімелесуге жібереді не осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген негіздер бойынша әңгімелесуге жіберуден бас тартады.
Шешім хаттама түрінде ресімделеді.
Тармақ 10
10. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізілетін күн туралы хабардар етіледі. Хабардар ету телефон бойынша, қатысушылардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Рұқсат алмаған кандидаттар бұл туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Тармақ 2
2-параграф. Әңгімелесу
Тармақ 12
12. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби стандарттар талаптарына сәйкестігін айқындау болып табылады.
Әңгімелесу сертификаттау орталығында құрылатын комиссиямен өткізіледі.
Тармақ 13
13. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап бір ай ішінде сертификаттау орталықтарында әңгімелесуден өтеді.
Тармақ 14
14. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы жеке хаттама түрінде ресімделеді және жазудың техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.
Тармақ 15
15. Кандидатпен әңгімелесу хаттамасына комиссияның барлық мүшелері қол қояды және әңгімелесу өткізілген күні бекітіледі.
Тармақ 16
16. Сертификаттау орталығы әңгімелесуден өткен кандидаттарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) тізіліміне деректерді енгізе отырып, хаттама бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Тармақ 17
17. Осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маманның (сарапшының) сертификатын беру хабардар еткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Сертификаттау орталығы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) туралы мәліметтерді ұсынады.
Басқа 1. Мамандар (сарапшылар) кәсіптерінің тізбесі
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
мамандарды (сарапшыларды)
сертификаттаудан өткізу
қағидаларына
1-қосымша
Мамандар (сарапшылар) кәсіптерінің тізбесі
1. Жобалау:
1. Жобаның бас инженері,
2. Жобаның бас сәулетшісі
3. Бас конструктор:
1) Көтергіш және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс.
2) Көліктік құрылыс бойынша: автомобиль жолдары мен әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; теміржол жолдары инженері.
4. Бас маман:
1) Инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша: жылу-газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері.
2) Технологиялық жабдық бойынша.
5. Жетекші инженер-жобалаушы:
1) Сәулет бойынша.
2) Көтергіш және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник;
құрылыс.
3) Инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша: жылу-газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері.
4) Көліктік құрылыс бойынша: автомобиль жолдары мен әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; теміржол жолдары инженері.
5) Технологиялық жабдық бойынша.
2. Техникалық қадағалау:
1. көтергіш және қоршау конструкциялары бойынша;
2. инженерлік желілер бойынша;
3. технологиялық жабдық бойынша.
3. Авторлық қадағалау:
1. сәулет;
2. көтергіш және қоршау конструкциялары.
4. Іздестіру қызметі:
1. геодезист;
2. топограф;
3. гидрогеолог;
4. геофизик.
5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау.
6. Құрылыс жобаларының сараптамасы:
1) қала құрылысы;
2) жобалау алдындағы құжаттама;
3) сәулет;
4) конструктивтік бөлік;
5) инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша);
6) технологиялық бөлік (объектінің мақсатына байланысты);
7) сметалық бөлік;
8) өрт қауіпсіздігі;
9) экологиялық бөлік;
10) санитариялық-эпидемиологиялық бейін.
7. Құрылыс-монтаж жұмыстары:
1. Бас инженер;
2. Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы;
3. Учаске бастығы:
1) Көтергіш және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс;
2) Инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша: жылу-газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері;
3) Көліктік құрылыс бойынша: автомобиль жолдары мен әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері;
теміржол жолдары инженері.
4) Технологиялық жабдық бойынша;
4. Жұмыс өндіруші:
1) Көтергіш және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс;
2) Инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша: жылу-газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері;
3) Көліктік құрылыс бойынша: автомобиль жолдары мен әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; теміржол жолдары инженері;
4) Технологиялық жабдық бойынша;
5. Шебер:
1) Көтергіш және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс;
2) Инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша: жылу-газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері;
3) Көліктік құрылыс бойынша: автомобиль жолдары мен әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; теміржол жолдары инженері;
4) Технологиялық жабдық бойынша.
Басқа 2. Сертификаттаудан өтуге арналған өтініш
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
мамандарды (сарапшыларды)
сертификаттаудан өткізу
қағидаларына
2-қосымша
нысан
Сертификаттаудан өтуге арналған өтініш
Сертификаттау орталығының басшысына
_________________________________
_________________________________ атынан
(Т.А.Ә. толық)
ЖСН
_________________________________
Байланыс телефоны
_________________________________
Электрондық пошта
_________________________________
ӨТІНІШ
Мені сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мына бағыт бойынша сертификаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын:
☐ жобалау
☐ техникалық қадағалау
☐ авторлық қадағалау
☐ іздестіру қызметі
☐ ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау
☐ құрылыс жобаларының сараптамасы
☐ құрылыс-монтаждау жұмыстары
Сертификаттау деңгейі:
☐ 1-санаттағы маман (сарапшы);
☐ 2-санаттағы маман (сарапшы);
☐ 3-санаттағы маман (сарапшы).
Қағидалардың шарттарымен және талаптарымен таныстым және келісемін.
Күні ____________ Қолы ____________
Басқа 3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маманның (сарапшының)
СЕРТИФИКАТЫ
Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі
саласындағы мамандарды
(сарапшыларды) сертификаттаудан
өткізу қағидаларына
3-қосымша
нысан
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маманның (сарапшының)
СЕРТИФИКАТЫ
_____________________________________________________________________-
(Т.А.Ә., ЖСН)
және оның ____________________________________________________________
бағыты бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін растайды.
Сертификаттау деңгейі:
☐ 1-санаттағы маман (сарапшы)
☐ 2-санаттағы маман (сарапшы)
☐ 3-санаттағы маман (сарапшы)
Берілген күні _________________________________________________________
Қолданылу мерзімі __________
Сертификаттау органының басшысы _____________________ (қолы)