О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының үшінші, төртінші, жетінші, сегізінші абзацтарын, 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 28 мамырдағы № 213 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыруға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 6-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 7-қосымша осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 8-қосымша осы тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 9-қосымша осы тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 10-қосымша осы тізбеге 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 11-қосымша осы тізбеге 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 12-қосымша осы тізбеге 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы тізбеге 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 335 «Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33282 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидаларында: 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МҚ) – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және ақпараттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған цифрлық жүйе;»; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, туған жері, жынысы, тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы;»; 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 125) және 126) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларына және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының цифрлық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларына сәйкес мәліметтер мен өзгерістерді дерекқорға уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді;»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшыларының деректемелерінде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, ЖСН және жынысы бойынша сәйкессіздіктер анықталған кезде Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшысының деректемелерін бір күн ішінде ЖТ МДҚ деректеріне сәйкес келтіреді.».
Тармақ 3
3. «Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37713 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-2-бабының 1) тармақшасына, 16-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 79) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидалары осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Басқа 1.1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің __________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Тізбеге 1-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 1-қосымша Нысан Ауданның коды _______________ Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің __________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға Өтініш Азамат (ша) ___________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күні: ______жылғы « ___ » ___________ Жеке сәйкестендiру нөмiрі: ____________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _______________________ Құжаттың сериясы: ______ құжаттың нөмірі: ____ кім берген: ____ Берілген күні: _____ жылғы «___» ______________________________ Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы: ____________________________ Облыс _________________________________________________________ қала (аудан) __________________ауыл ___________________________ көше (шағынаудан) _______________________ үй, ___________ пәтер Банк деректемелері: Банктің атауы _________________________________________________ Банк шотының № _____________________________________________ Шот түрі: ағымдағы__________ карта шоты _______________________ (қажеттісінің асты сызылсын) Маған бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеу үшін біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын. Төленетін ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің өзгеруі (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне күнтізбелік 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын. Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: р/с № Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат­та­ғы па­рақ­тар­дың са­ны Ес­керт­пе 1 2 3 Төлем тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеу үшін біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабарлауға келісім беремін. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Өтініш берушінің байланыс деректері: үй телефоны _______ ұялы телефоны ______________ Е-маil _______ өтініш берген күні: 20 ____ жылғы «____» ______________________ Өтініш берушінің қолы _________________________________________ ____________________________________________________________________ (қию сызығы) Азамат (ша) ___________________________________________________ өтiнiшi № ____ болып тіркелді. Құжаттар қабылданған күн 20 ____ жылғы «____»_____ ______________________________________________________________ құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы
Басқа 1.2. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Тізбеге 2-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 2-қосымша Нысан Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат 20__ жылғы «___» _______________ № ______ Азамат (ша) ___________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күні _____ жылғы «___» __________________________________ Қамқоршы ______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________ _______________________________________________________________ (себебi көрсетiлсiн) тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды _______________________________________________________________ (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы)
Басқа 1.3. Тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналы
Тізбеге 3-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 3-қосымша Нысан Тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналы Өті­ніш­тің № Тір­кеу кү­ні Жү­гі­ну кү­ні Бө­лім­ше ко­ды Іс­тің № Өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) 1 2 3 4 5 6 7 Жүк­теу (кестенің жалғасы) Ту­ған кү­ні Төлем­нің тү­рі Ма­ман Ше­шім­нің /та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту кү­ні Төлем­нің мөл­ше­рі Та­ғай­ын­дау кү­ні Та­ғай­ын­дау тү­рі 8 9 10 11 12 13 14
Басқа 1.4. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы 20____ жылғы « ____ » __________ № _____ шешім
Тізбеге 4-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 4-қосымша Нысан Код __________ Облыс (қала) ____________ Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы 20____ жылғы « ____ » __________ № _____ шешім Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ___________________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті Істің № _________ Азамат (ша) ___________________________________________________ Жеке сәйкестендiру нөмiрі _____________________________________ Туған күні ____________________________________________________ Жүгінген күні ____________________ № __________________________ Капиталдандырылған төлемдер сомасы ____________________________ Капиталдандыру кезеңі _________________________________________ Тағайындау күні _______________________________________________ Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі _______ (%-бен) Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі _______________ мерзімге дейін белгіленді. 1. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес тағайындалсын. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері _______ бастап _____ дейін _____ теңге (_________________ теңге) (сомасы жазбаша). 2. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылсын: _____________________________________________________________________ (бас тарту негіздемесі) Департамент басшысы ______________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы) Департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы ______________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы) Департаменттің тағайындау жөніндегі маманы _________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы) Шешім жобасын дайындаған: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жауапты адамдары___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 1.5. Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама
Тізбеге 5-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 5-қосымша Нысан Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама 20__ жылғы «___» ___________ № ________ Азамат (ша) ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күні ____ жылғы «___» ____________ Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы 20__ жылғы «___»______ № _______ шешім Тағайындалған ақша қаражатының сомасы: 20__ жылғы «___»____________ бастап ___________________________________________ теңге (сомасы жазбаша) _____________________________________________________________________ негіздеме (себебі көрсетілсін) тағайындаудан бас тартылды Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды ______________________________________________________________ (жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 1.6. Хабарламалар журналы _________________________________ (төлемнің түрі)
Тізбеге 6-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 6-қосымша Нысан Хабарламалар журналы _________________________________ (төлемнің түрі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ___________ бөлімшесі бойынша р/с № Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Ту­ған кү­ні Іс­тің № Төлем­нің тү­рі Ха­бар­ла­ма­ны та­быст­ау кү­ні Ма­ман
Басқа 1.7. Sms-хабарлар журналы
Тізбеге 7-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 7-қосымша Нысан Sms-хабарлар журналы _____________________________________________ (төлемнің түрі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ____________ бөлімшесі бойынша Р/ с № Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Ту­ған кү­ні Іс­тің № Төлем­нің тү­рі sms-ха­бар жі­бе­ру кү­ні Те­ле­фон нө­мі­рі Ма­ман
Басқа 1.8. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшерін арттыру туралы электрондық шешім жобасы
Тізбеге 8-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 8-қосымша Нысан Код __________ Облыс (қала) ____________ Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшерін арттыру туралы электрондық шешім жобасы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ________________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті 20____ жылғы « ________ » ___________ № _________ Істің № __________________ Азамат (ша) _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күні 20______ жылғы « _____ » ______________ Тағайындау күні 20_____ жылғы « ________ » ________ Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері 20___ жылғы « ___ » ____ дейін _______ теңге _____________________________________________________________________ (сомасы жазбаша) Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері __________________________________________________сәйкес арттырылсын (нормативтік құқықтық актінің атауы, нөмірі және күні) Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері 20___ жылғы________ бастап __________________________________ теңге (сомасы жазбаша) Департамент басшысы __________________________ ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы) Департамент басқармасының (бөлімінің) басшысы ______________________ ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы) Департаменттің тағайындау жөніндегі маманы _________________________ ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы) Шешім жобасын дайындаған: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жауапты адамдары ____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 1.9. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамның қағаз нұсқадағы ісі
Тізбеге 9-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 9-қосымша Нысан Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамның қағаз нұсқадағы ісі Ай сай­ын­ғы тө­лем­дер тү­рін­де­гі әле­умет­тік кө­мек­ті алу­ға құқы­ғы бар адам­ның қа­ғаз нұс­қа­да­ғы ісі № ___ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Об­лыс Қа­ла (аудан) Те­ле­фон Төлем­нiң түрi Те­гi Аты Әкесiнiң аты (ол болған жағ­дай­да) Банк фи­ли­а­лы № бай­ла­ныс бөлiм­ше­сi Тө­леу кестесi Есепке қабылдау және есептен шығару туралы белгiлер Есеп­тен 20__ жы­л­ғы «___» _________________________________ шы­ға­рыл­сын Төлем­нiң түрi _______________________________________________________ Төлем­нiң мөл­шерi ______________________________________________ тең­ге 20__ жы­л­ғы ____________________________________________ дей­iн тө­лен­дi Iсте­гi па­рақ­тар­дың са­ны __________ _________________________________ М.О. Бөлiм­ше ба­стығы ________________________________________________ Есеп­ке 20__ жы­л­ғы «___» _________________________________ қа­был­дан­сын Төлем­нiң түрi _______________________________________________________ Төлем­нiң мөл­шерi ______ тең­ге/______________________________________/ Iсте­гi па­рақ­тар­дың са­ны _____ _______________________________________ М.О. Бөлiм­ше ба­стығы ______________________________________________ Есеп­тен 20__ жы­л­ғы «___»__________________________________ шы­ға­рыл­сын Төлем­нiң түрi _______________________________________________________ Төлем­нiң мөл­шерi ______________________________________________ тең­ге 20__ жы­л­ғы ________ дей­iн тө­лен­дi. Iсте­гi па­рақ­тар­дың са­ны _____ _______________________________________ М.О. Бөлiм­ше ба­стығы ________________________________________________ Есеп­ке 20__ жы­л­ғы «___» _________________________________ қа­был­дан­сын Төлем­нiң түрi _______________________________________________________ Төлем­нiң мөл­шерi ______ тең­ге/______________________________________/ Iсте­гi па­рақ­тар­дың са­ны _____ _______________________________________ М.О. Бөлiм­ше ба­стығы _____________________________________________ Түгендеу жүргiзу туралы белгiлер ___ па­рақ |______________|___ па­рақ |___________________| (күнi, қо­лы) (күнi, қо­лы) ___па­рақ |______________|___ па­рақ |___________________| (күнi, қо­лы) (күнi, қо­лы) ___ па­рақ |______________|___ па­рақ |___________________| (күнi, қо­лы) (күнi, қо­лы) ___ па­рақ |______________|___ па­рақ |___________________| (күнi, қо­лы) (күнi, қо­лы) ___ па­рақ |______________|___ па­рақ |___________________| (күнi, қо­лы) (күнi, қо­лы) ___ па­рақ |______________|___ па­рақ |___________________| (күнi, қо­лы) (күнi, қо­лы) Iстердi тексеру туралы белгiлер Өкiл |___________________| Өкiл |___________________| (күнi, қолы) (күнi, қолы) Өкiл |___________________| Өкiл |___________________| (күнi, қолы) (күнi, қолы) Өкiл |___________________| Өкiл |___________________| (күнi, қолы) (күнi, қолы) Өкiл |___________________| Өкiл |___________________| (күнi, қолы) (күнi, қолы) Өкiл |___________________| Өкiл |___________________| (күнi, қолы) (күнi, қолы) Өкiл |___________________| Өкiл |___________________| (күнi, қолы) (күнi, қолы)
Басқа 1.10. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті алушының қағаз нұсқадағы ісіне сұрау салуға өтiнiш
Тізбеге 10-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 10-қосымша Нысан Ауданның коды _______ Қазақстан Республикасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының __________________________ облысы бойынша _________ бөлімшесі Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті алушының қағаз нұсқадағы ісіне сұрау салуға өтiнiш Азамат (ша) ___________________________________________________ (алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күнi: ______ жылғы «___» ________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________ Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі:________________________ Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі: ______ кім берген: ___ Берілген күні: _______ жылғы «___» ____________________________ Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы: _____________________________ Облыс _________________________________________________________ қала (аудан) __________________ ауыл __________________________ көше (шағынаудан) _________________ ______ үй ___________ пәтер Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті алушының қағаз нұсқадағы ісін сұратуды сұраймын. Төленетін ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне күнтізбелік 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. Бұрын тұрған жерінің мекенжайы: _______________________________ Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: р/с № Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат­та­ғы па­рақ­тар­дың са­ны Ес­керт­пе 1 2 Өтініш берушінің байланыс деректері: үй телефоны ___________ ұялы телефон ___________ Е-mail _______ Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім ____________________________________ Берілген күні 20__ жылғы «___» ________ Өтініш берушінің қолы __________ _____________________________________________________________________ (қию сызығы) Азамат (ша) ___________________________________________ өтiнiшi 20__ жылғы «___» ________ № _____ қабылданды ___________________________________________________________________ Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы:___________________________________
Басқа 1.11. №____ АНЫҚТАМА-АТТЕСТАТ 20____ жылғы____ ________
Тізбеге 11-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 11-қосымша Нысан №____ АНЫҚТАМА-АТТЕСТАТ 20____ жылғы____ ________ Азамат (ша) ___________________________ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының _____ _______________ бөлімшесінен ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті алып отырды 1. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек 20__ жылғы ______ дейін ____ теңге мөлшерінде төленді Қосымша: _____________________________________________________________________ Төлем тоқтатылды және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесінен есептен алынды _____________________________________________________________________ (маманның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қызмет телефонының №) М.О. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің бастығы ________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің маманы _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қызмет телефонының №)
Басқа 1.12. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтата тұру туралы 20__ жылғы «___» __________ № _______ шешiм
Тізбеге 12-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 12-қосымша Нысан Код __________ Облыс (қала) ____________ Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтата тұру туралы 20__ жылғы «___» __________ № _______ шешiм Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментi Iстің № ____________ Азамат (ша) ___________________________________________________ Жынысы ________ туған күнi 19__ жылғы «___» ___________________ Төлем 20__ жылғы «___» ______ бастап тоқтатыла тұрсын. Негiздеме _____________________________________________________ (себебi көрсетiлсiн) Департамент басшысы ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Басқарма (бөлiм) басшысы ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Маман _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Шешiмнiң жобасын дайындаған: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жауапты адамдары _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 1.13. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату туралы 20__ жылғы «___» _____________ № _________________ шешiм
Тізбеге 13-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 466 бұйрығына 13-қосымша Нысан Код __________ Облыс (қала) ____________ Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату туралы 20__ жылғы «___» _____________ № _________________ шешiм Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің _________________________ облысы (қаласы) бойынша департаментi Iстің № _________________ Азамат (ша) ___________________________________________________ Жынысы _________ туған күнi 19__ жылғы «___» __________________ Төлем 20__ жылғы «___» ______ бастап тоқтатылсын Негiздеме _____________________________________________________ (себебi көрсетiлсiн) Департамент басшысы ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Басқарма (бөлiм) басшысы ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Маман _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Шешiмнiң жобасын дайындаған: Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жауапты адамдары ________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 1.14. Цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидалары
Тізбеге 14-қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 419 бұйрығымен бекітілген Цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-2-бабының 1) тармақшасына, 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) туралы ереженің 15-тармағының 79) тармақшасына сәйкес әзірленген және цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен (бұдан әрі – ЦЖ) жұмыс істеу, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың қолданысы ЦЖ-ға қол жеткізуі бар және жұмыс істеуші, сүйемелдеуші пайдаланушыларға таралады.
Тармақ 3
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпарат – ақпарат иеленушілер жасаған немесе алған және олардың иелігіндегі, кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) ақпаратқа қол жеткізу - әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында бекітілген, мемлекеттің кепілдік берген құқығы;
Тармақша 3
3) дерекқор – осы деректердің сипаттамаларын, сондай-ақ олардың объектілері арасындағы өзара байланыстарды сипаттайтын тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректер жиынтығы;
Тармақша 4
4) киберқауіпсіздік – цифрлық объектілердің құпиялылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзудан қорғалу жай-күйі;
Тармақша 5
5) киберқауіпсіздік әкімшісі (бұдан әрі – КҚ әкімшісі) – ЦЖ-ға қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын адам;
Тармақша 6
6) ҚББЖ – цифрлық жүйелерге қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі;
Тармақша 7
7) қол жеткізу өтінімі – пайдаланушыны тіркеуге (есептік жазба жасауға) және оған цифрлық жүйелерге қол жеткізу құқығын беруге (немесе оны өзгертуге) арналған өтінім;
Тармақша 8
8) нормативтік-техникалық құжаттама – цифрлық объектілерді құруға және қолдануға (пайдалануға), сондай-ақ олардың цифрлық салада белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауға қойылатын жалпы міндеттерді, қағидалар мен талаптарды айқындайтын құжаттар жиынтығы;
Тармақша 9
9) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 10
10) пайдаланушы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін цифрлық объектілерді пайдаланатын цифрлық субъект;
Тармақша 11
11) техникалық құжаттама – цифрлық объектіні құру мен дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану өзінің негізінде жүзеге асырылатын цифрлық объектіге арналған құжаттамалар жиынтығы;
Тармақша 12
12) ЦЖ әкімшісі – бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және ЦЖ-ні сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 13
13) цифрлық жүйе – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені;
Тармақша 14
14) цифрлық жүйелердің меншік иесі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Тармақша 15
15) цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі;
Тармақша 16
16) цифрлық объектілердің иеленушісі – цифрлық объектілердің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен цифрлық объектілерді иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект;
Тармақша 17
17) цифрлық объектіні сүйемелдеу – өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген цифрлық объектісін оған жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан және оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға түзету, түрлендіру жүргізу және оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтитын, мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) цифрлық ресурс – реттелген цифрлық деректер, цифрлық жазбалар мен оларды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге және таратуға арналған бағдарламалық қамтылым жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс істеу тәртібі
2-тарау. Цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 4
4. ЦЖ-мен жұмыс істеу пайдаланушылардың ЦЖ-мен жұмыс барысында сақтауы тиіс іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. ЦЖ-ны пайдаланушылардың іс-әрекеттері ЦЖ-ға құрастырушыларымен енгізілген пәрмендер негізінде жүзеге асырылады. Аталған пәрмендер пайдаланушылардың ЦЖ-мен жұмысының жүйелі болуына және ЦЖ-мен жұмыс жасау барысындағы олардың құқықтық жауапкершілігін реттеуге мүмкіндік береді.
Тармақ 5
5. ЦЖ пайдаланушылары:
Тармақша 1
1) ЦЖ олардың қолдану мақсатына сәйкес пайдаланады;
Тармақша 2
2) ЦЖ-мен жұмыс істеу кезінде киберқауіпсіздіктің қағидаларын сақтайды;
Тармақша 3
3) логиндер мен құпиясөздердің сақталуын қамтамасыз етуге, оларды үшінші тұлғаларға беруге жол бермейді;
Тармақша 4
4) құпиясөздерді уақтылы жаңартады;
Тармақша 5
5) ЦЖ әкімшілерін немесе КҚ әкімшілерін деректердің тұтастығын бұзу фактілері, ЦЖ жұмыс істеуіндегі ақаулар, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабардар етеді.
Тармақ 6
6. ЦЖ-мен жұмыс істеу кезінде пайдаланушыларға:
Тармақша 1
1) бөгде адамдардың есептік жазбаларын пайдалануға;
Тармақша 2
2) ЦЖ жұмыс істеу параметрлерін ЦЖ әкімшілерінің рұқсатынсыз дербес өзгертуге;
Тармақша 3
3) ЦЖ-дағы деректерді көшіруге, түрлендіруге, жоюға немесе таратуға;
Тармақша 4
4) қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес мақсаттарда ЦЖ пайдалануға;
Тармақша 5
5) ЦЖ-ға ЦЖ әкімшілерімен келісілмеген бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеуге;
Тармақша 6
6) ЦЖ жұмыс қабілеттілігінің немесе ақпаратқа қол жеткізудің бұзылуына әкеп соқтыратын іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. ЦЖ-дағы пайдаланушылардың іс-әрекеттері ҚББЖ-де тіркелуге жатады.
Тармақ 8
8. ЦЖ жұмыс жүйесіне техникалық қызмет көрсету, жаңарту, өзгерту бойынша барлық жұмыстарды ЦЖ әкімшілері жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Цифрлық жүйелерді және дерекқорларды сүйемелдеу тәртібі
3-тарау. Цифрлық жүйелерді және дерекқорларды сүйемелдеу тәртібі
Тармақ 9
9. ЦЖ сүйемелдеуді қамтамасыз ету Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың 30-тармағына сәйкес бекітілген Министрліктің киберқауіпсіздік саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Цифрлық объектілерінің иеленушісі ЦЖ әкімшілері арқылы жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ЦЖ жұмыс істеу мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел әрекет етуді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. ЦЖ тәулік бойы мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істейді.
Тармақ 12
12. ЦЖ жұмыс істеуінде техникалық іркілістің туындауы туралы ақпарат көздері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес кері байланыс нысаны арқылы берілген пайдаланушының хабарламасы;
Тармақша 2
2) ЦЖ жұмыс істеу мониторингін орындайтын әкімшілерінің хабарламасы;
Тармақша 3
3) техникалық іркілісті анықтаған, функционалдың жұмыс қабілеттілігі мен қол жеткізуді айқындау үшін пайдаланылатын ЦЖ ақаулықтарын мониторингілеу және анықтау жөніндегі бағдарламалық-аппараттық құралдар;
Тармақша 4
4) техникалық іркілістің туындауын немесе туындау мүмкіндігін куәландыратын жазбалар тіркелетін ЦЖ жүйелік журналдары.
Тармақ 13
13. Пайдаланушы техникалық іркілістің туындауы туралы мынадай мәліметтер қамтылған өтінімді ЦЖ-да көрсетілген электрондық пошта немесе телефон арқылы береді:
Тармақша 1
1) пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, дербес бірегей сәйкестендіргіші (логині);
Тармақша 2
2) жүгіну себебі;
Тармақша 3
3) пайдаланушының байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы).
Тармақ 14
14. Пайдаланушылар ЦЖ арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық мәселелер болған жағдайда, ЦЖ әкімшілеріне интернет-ресурста орналастырылған кері байланыс нысаны арқылы жүгінеді. Пайдаланушылардың өтінішінде мынадай мәліметтер бар:
Тармақша 1
1) байланыс деректері;
Тармақша 2
2) тіркеме (файл);
Тармақша 3
3) өтініш тақырыбы;
Тармақша 4
4) өтініштің мәтіні;
Тармақша 5
5) электрондық пошта мекенжайы.
Тармақ 15
15. Егер пайдаланушының жүгіну себебі ЦЖ-ның жұмыс істеуіне байланысты болса, өтінімді орындау мерзімі пайдаланушының өтінімін берген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 16
16. ЦЖ әкімшілері ЦЖ жұмыс істеуі туралы мынадай:
Тармақша 1
1) мәтіндік және бейне форматтағы нұсқаулықтар, жиі қойылатын сұрақтар және оларға жауаптар;
Тармақша 2
2) пайдаланушыларды хабардар ету үшін интернет-ресурстың жаңа мүмкіндіктері туралы ақпаратты орналастырады.
Тармақ 17
17. ЦЖ-ның жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық жүйелердің меншік иесі ЦЖ әкімшісі арқылы мыналарды:
Тармақша 1
1) мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, ЦЖ-ның тәулік бойы режимде үздіксіз жұмыс істеуін;
Тармақша 2
2) ақпараттың сақталуы, қорғалуы, істен шыққан немесе бүлінген жағдайда қалпына келтірілуі, ЦЖ-да ақпараттың резервтік көшірмесі және уақтылы өзектендірілуін бақылау, автоматтандырылған есепке алу, ЦЖ бойынша барлық өтініштер ақпаратының мерзімді мұрағатталуы және сақталуы;
Тармақша 3
3) өтініштерді шешу шеңберінде ЦЖ бағдарламалық кодына түзетулер, модификациялар енгізу, және оның тұтастығын сақтау шартымен әрі жаңғыртуды жүргізбей және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмай ЦЖ ақауларын жою;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен және өзге де цифрлық объектілермен өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 5
5) ақпараттың қосымша түрлерін орналастыру;
Тармақша 6
6) ЦЖ жағдайына аудит жүргізу;
Тармақша 7
7) Заңның 7-2-бабына сәйкес киберқауіпсіздіктің Жедел орталығына қосылуды қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Цифрлық жүйелерге және дерекқорларға қол жеткізу тәртібі
4-тарау. Цифрлық жүйелерге және дерекқорларға қол жеткізу тәртібі
Тармақ 18
18. ЦЖ-ға қол жеткізу үшін пайдаланушыларды ЦЖ-да тіркеу қажет.
Тармақ 19
19. Пайдаланушыны тіркеу (есептік жазба жасау) және оған ЦЖ-ға қол жеткізу құқығын беру (немесе оны өзгерту) рәсімі қол жеткізу өтінімімен басталады. ЦЖ-ға қол жеткізу туралы өтінім ҚББЖ арқылы беріледі.
Тармақ 20
20. Пайдаланушының есептік жазбасы дербес бірегей сәйкестендіргішті (логинді) және ЦЖ-ға бірінші кіруге арналған уақытша парольді қамтиды, олар бойынша ЦЖ-да тіркеледі және жұмыс істейді.
Тармақ 21
21. Пайдаланушыны тіркеу және оған ЦЖ-ға қол жеткізу құқығын беру немесе өзгерту процестерін ұйымдық қамтамасыз етуді берілген өтінімдер негізінде КҚ әкімшісі жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Келіп түскен ЦЖ-ға қол жеткізу өтінімдеріне сәйкес КҚ әкімшісі өтінімді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген корпоративтік электрондық поштаға жауап жібереді. Жауапта бірінші кіру үшін дербес бірегей сәйкестендіргіш (логин) және уақытша пароль, немесе ЦЖ-ға қол жеткізуді беру үшін негіз болмаған жағдайда, ЦЖ-ға қол жеткізу өтінімін қанағаттандырудан бас тарту туралы ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Жұмысқа қабылдау, басқа лауазымға ауысу, қызметкерді жұмыстан шығару туралы өтінім берілген күнге дейін бір жыл ішінде бекітілген бұйрық ЦЖ-ға қол жеткізу өтінімін беру үшін негіз болып табылады. Негіз болған құжаттың көшірмесі қол жеткізу өтініміне қосымшамен жіберіледі.
Тармақ 24
24. ЦЖ-ға бірінші кіру үшін уақытша парольді пайдаланушы ЦЖ-ға бірінші рет кірген кезде ауыстырады. Пайдаланушыларды тіркеу процесі пайдаланушы ЦЖ-ға бірінші кіру үшін құпиясөзді ауыстырғаннан кейін аяқталған болып саналады.
Тармақ 25
25. ҚББЖ автоматты түрде пайдалану жағдайларын қоспағанда, ЦЖ-ға бірінші кіру үшін пайдаланушыға дербес бірегей сәйкестендіргішті (логинді) және уақытша парольді беруді КҚ әкімшісі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушыларды тіркеу және дербес бірегей сәйкестендіргіштерді (логиндерді) беру журналында тіркейді.
Тармақ 26
26. ЦЖ жұмыс істеу кезінде:
Тармақша 1
1) бірнеше пайдаланушының бір дербес бірегей сәйкестендіргішті (логинді) пайдалануы;
Тармақша 2
2) пайдаланушының өзінің дербес бірегей сәйкестендіргіші (логині) мен парольін басқа тұлғаларға беруі рұқсат етілмейді.
Тармақ 27
27. Өтініш беруші ұйым ішінде жұмыстан босатылған, басқа жұмысқа ауыстырылған, ЦЖ-да жұмыс істеуге байланысты пайдаланушының функционалдық міндеттерін кеңейткен (азайтқан) жағдайда, жаңадан берілген өтінім негізінде пайдаланушының құқықтарын өзгерту жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам ЦЖ-ға кіру жүзеге асырылмаған және (немесе) киберқауіпсіздікті бұзушылықтар анықталған пайдаланушының есептік жазбасы бұғатталады.
Тармақ 29
29. Бұғатталған есепке алу жазбаларын іске қосу үшін, сондай-ақ пароль және (немесе) дербес бірегей сәйкестендіргіш (логин) жоғалған, дербес бірегей сәйкестендіргіш (логин) пен парольдің сақталуы жөніндегі талаптар қамтамасыз етілмеген кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан өтінім береді.
Тармақ 30
30. ЦЖ-ға қол жеткізу мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс жасайтын қызметкерлеріне ғана қызметтік өкілеттіктері шеңберінде беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге тұлғаларға ЦЖ-ға қол жеткізуге жол берілмейді.
Тармақ 31
31. Пайдаланушылар ЦЖ-ны пайдалану кезінде Заңды және нормативтік-техникалық құжаттаманы, цифрлық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік стандарттарды, цифрлық жүйелері иесінің киберқауіпсіздік саясатын басшылыққа алады.
Басқа 14.1. Пайдаланушыларды тіркеу және дербес бірегей сәйкестендіргіштерді (логиндерді) беру журналы
Цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Пайдаланушыларды тіркеу және дербес бірегей сәйкестендіргіштерді (логиндерді) беру журналы № Өңір / өті­ніш бе­ру­ші­нің ха­ты­ның шы­ғыс нө­мі­рі, кү­ні және ЦЖ ие­сі­нің ха­ты­ның кі­ріс нө­мі­рі, кү­ні Қол жет­кі­зе­тін цифр­лық жүй­е­лер мен де­рекқор­лар­дың ата­уы Пай­да­ла­ну­шы­лар­ды тір­кеу және дер­бес бі­ре­гей сәй­кестен­дір­гіш­тер­ді (ло­гин­дер­ді) бе­ру кү­ні Негіз Әкім­ші­сі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Ес­керт­пе
Басқа 14.2. Пайдаланушының есептік жазбасын тіркеуге (құруға) және оған цифрлық жүйелерге қол жеткізу құқықтарын беруге (немесе оны өзгертуге) өтінім
Цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен жұмыс, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Пайдаланушының есептік жазбасын тіркеуге (құруға) және оған цифрлық жүйелерге қол жеткізу құқықтарын беруге (немесе оны өзгертуге) өтінім __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (өтінім берілетін негізді көрсете отырып, пайдаланушының цифрлық жүйеге кіру, бұғаттау, құқықтарды өзгертуді) № Пай­да­ла­ну­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), ЖСН, ло­ги­ні, жұ­мыс те­ле­фо­ны, ұя­лы те­ле­фо­ны, ком­пью­тер­дің ip-ме­кен­жайы Пай­да­ла­ну­шы ла­у­а­зы­мы­ның, өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ата­уы Қол жет­кі­зе­тін цифр­лық жүй­е­лер мен де­рекқор­лар­дың ата­уы Цифр­лық жүй­е­лер­де жү­зе­ге асы­ры­ла­тын функ­ци­я­лар­дың (іс-қи­мыл­дар­дың) ата­уы Деректерді _______________ электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.       ______________ 20__ жыл _____________________________/__________________ (Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)