Об утверждении Правил единовременных материальных выплат отдельным категориям граждан за счет средств районного бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық бюджеттің қаржысының есебінен жеке санаттағы азаматтарға берілетін біржолғы материалдық төлемақының Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің 53 бабының 4 тармағының 1 тармақшасы ретімен және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкесті Жақсы ауданы әкімшілігінің аудан бюджетінің қаржысы есебінен жеке санаттағы азаматтарға көрсетілетін біржолғы материалдық төлемақыны беру Ережесін бекіту туралы ұсынысын қарап аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. Ұсынылған Жақсы ауданы бюджетінің қаржысы есебінен жеке санаттағы азаматтарға төленетін біржолғы материалдық төлемақы Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ереже 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы шешім облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Жақсы аудандық
мәслихатының шешімімен
Бекітілді 20 желтоқсан
№ ВС-12-1
Аудандық бюджеттің қаржысының есебінен біржолғы материалдық төлемақыны төлеудің ЕРЕЖЕСІ
Ереже Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 3-ші бабының 1 тармағының4 тармақшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына аудан бюджеті есебінен әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Осы Ереже жекелеген санаттағы азаматтарға аудан бюджеті есебінен төленетін «Жергілікті өкілдік ұйымдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша біржолғы материалдық төлемақы төлеуді ретейді.
Тармақ 2
2. Біржолғы қаржылай төлем атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия жүзеге асырады (әріқарай-комиссия), оның сандық және дербес құрамы, сонымен қатар әлеуметтік төлем көлемі аудан әкімдігінің Қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджет есебінен төленетін біржолғы төлем ақының уәкілетті ұйымы «Жақсы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия арыз берушінің келісімімен, біржолғы материалдық төлемақыны төлеу үшін керекті мәліметтерді тиісті ұйымдардан алу үшін сұрау салуға құқылы.
Тармақ 5
5. Комиссия арыз қабылданған күннен 10 күн ішінде біржолғы төлемақы төлеу жөнінде шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Біржолғы материалдық төлемақы жергілікті деңгейде төмендегідей түрде болады:
Тармақша 1
1) жұмыссызды, тұрмысы аз қамтылған азаматтарды жерлеу рәсіміне біржолғы төлемақы төлеу;
Тармақша 2
2) азаматтардың жекелеген санатындағыларға мерекелік шаралар өткізуге арналған біржолғы материалдық төлемақылар;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекке өте мұқтаж тұрмысы аз қамтылған азаматтарға біржолғы материалдық төлемақылар
Тармақша 4
4) мүгедектерді оңалтуға біржолғы материалдық төлемақы төлеу;
Тармақша 5
5) тұрмысы аз қамтылған азаматтарға отын алуға берілетін біржолғы материалдық төлемақылар;
Тармақша 6
6) тұрмысы аз қамтылған азаматтарға қосалқы шаруашылықты дамыту үшін берілетін біржолғы материалдық төлемақылар.
Тармақ 7
7. Біржолғы материалдық төлемақы отбасы мүшесіне (азаматқа) жылына бір рет ақша түрінде және басқа да түрде берілуі мүмкін.
Тарау 2. 2. Жұмыссыз және тұрмысы аз қамтылған азаматтарды жерлеу рәсіміне берілетін біржолғы материалдық төлемақылар
2. Жұмыссыз және тұрмысы аз қамтылған азаматтарды жерлеу рәсіміне берілетін біржолғы материалдық төлемақылар
Тармақ 8
8. Біржолғы материалдық төлемақы жұмыссыздар мен тұрмысы аз қамтылған азаматтарға (әсіресе халықты жұмыспен қамту уәкілетті ұйымдарында есепте тұрмасада) егерде тоқсанына отбасының әр адамға шаққанда айлық кірісі, ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болмаса.
Тармақ 9
9. Біржолғы төлемақы кісіні жерлеуге, қайтыс болған кісінің отбасына немесе жерлеу рәсімін реттейтін тұлғаға көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Жерлеу рәсіміне төленетін біржолғы төлемақының кісі қайтыс болған күннен екі ай мерзімге дейін азаматтар алуға құқылы.
Тармақ 11
11. Біржолғы материалдық төлемақы тағайындауға төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) біржолғы материалдық төлемақы тағайындау жөніндегі арыз;
Тармақша 2
2) АХАЖ ұйымы берген өлгені туралы анықтама;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту уәкілетті ұйымның анықтамасы;
Тармақша 4
4) төл құжат;
Тармақша 5
5) налог төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН)
Тармақша 6
6) әлеуметтік жеке коды (СИК);
Тармақша 7
7) тұрғылықты жердің анықтамасы;
Тармақша 8
8) қайтыс болған кісінің отбасының тоқсандағы кірісі.
Тарау 3. 3. Мерекелік шаралар өткізу үшін азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы материалдық төлемақы
3. Мерекелік шаралар өткізу үшін азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы материалдық төлемақы
Тармақ 12
12. Мерекелік шаралар өткізу үшін уәкілетті ұйымнан көрсетілетін біржолғы материалдық төлемақыға Ұлы Отан соғысы ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар, еңбек ардагерлері, жалпы аурудан мүгедектер, көп балалы аналар, ауданның құрметті азаматтары, жалғыз басты зейнеткерлер құқылы.
Тармақ 13
13. Біржолғы материалдық төлемақы алу үшін уәкілетті ұйым тізімді ААҚ «Қазпочта-ға» береді.
Тармақ 14
14. Көрсетілген санаттағы азаматтарды құрметтеу үшін өткізілетін мерекелік шараларға ақшалай қаржыларды «Қазпочта» ААҚ-ына, қосымша тізімге келісімді аударылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекке өте мұқтаж тұрмысы аз қамтылған азаматтарға біржолғы материалдық төлемақы төлеу
4. Әлеуметтік көмекке өте мұқтаж тұрмысы аз қамтылған азаматтарға біржолғы материалдық төлемақы төлеу
Тармақ 15
15. Біржолғы материалдық төлемақыны алуға кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен азаматтар және белгілі жағдайда , әлеуметтік көмекке өте зәру азаматтар құқылы
Тармақ 16
16. Біржолғы төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арыз;
Тармақша 2
2) тұрмыстық хал-ахуал тексеріс қорытындысы;
Тармақша 3
3) әлеуметтік төлемге мұқтаждығын растайтын құжат;
Тарау 5. 5. Мүгедектерді оңалтуға берілетін біржолғы материалдық төлемақы.
5. Мүгедектерді оңалтуға берілетін біржолғы материалдық төлемақы.
Тармақ 17
17. Оңалтуға берілетін біржолғы материалдық төлемақы алуға мүгедектер құқылы, оларға уәкілетті ұйым емделуге, емделу орынына жетуге және дәрі-дәрмек алуға қаржы бөледі.
Тармақ 18
18. Біржолғы материалдық төлемақы тағайындауға төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы:
Тармақша 2
2) тұрмыстық хал-ахуал тексеріс қорытындысы;
Тармақша 3
3) біржолғы төлемақы алуға арызданушының емдеуге зәру екендігі жөніндегі дәрігерлік мекеменің анықтамасы;
Тармақша 4
4) мүгедектік тобы жөніндегі әлеуметтік-дәрігерлік сараптама комиссисының анықтамасы;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жердің анықтамасы;
Тармақша 6
6) жеке бас куәлігі, РНН.
Тарау 6. 6. Тұрмысы аз қамтылған азаматтарға отын алуына арналған біржолғы материалдық төлемақылар
6. Тұрмысы аз қамтылған азаматтарға отын алуына арналған біржолғы материалдық төлемақылар
Тармақ 19
19. Отын (ағаш, кемір) алуға берілетін біржолғы материалдық төлемақы алуға жеке меншік үйде тұратын, кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен аспайтын тұрмысы аз қамтылған азаматтар құқылы.
Тармақ 20
20. Отын алуға берілетін біржолғы материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар табыс етілуі керек:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) тұрмыстық хал-ахуал тексеріс актісі
Тармақша 3
3) тұрғылықты жерден анықтама;
Тармақша 4
4) тұрғын үйдін тиесілігі жөніндері, кез келген құжат (сату-сатып алу жөніндегі шарт, жекешеленгені жөніндегі шарт).
Тарау 7. 7. Тұрмысы аз қамтылған азаматтарға қосалқы шаруашылықты дамыту үшін берілетін біржолғы материалдық төлемақылар
7. Тұрмысы аз қамтылған азаматтарға қосалқы шаруашылықты дамыту үшін берілетін біржолғы материалдық төлемақылар
Тармақ 21
21. Қосалқы шаруашылықты дамыту үшін уәкілетті ұйым көрсететін біржолғы материалдық төлемақыны алуға тұрмысы аз қамтылған, көп балалы азаматтар құқылы.
Тармақ 22
22. Біржолғы материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар керек:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) тұрмыстық хал-ахуал тексеріс актісі.
Тарау 8. 8. Қорытынды қағида.
8. Қорытынды қағида.
Тармақ 23
23. Арызданушыға тағайындалатын біржолғы материалдық төлемақының заңнамаға сәйкес дұрыстығына комиссия жауапты.
Тармақ 24
24. Алдын ала дәл емес мәлімет немесе біржолғы төлем ақыны алуға немесе көлеміне әсер ететін өзгерістер туралы уақытылы хабарламаған азаматтар біржолғы материалдық төлемақы алу құқығынан бір жылға дейін айырылады.
Тармақ 25
25. Біржолғы төлемақыны төлеу «Қазпочта» ААҚ Жақсы филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Уәкілетті қаржылық ұйым біржолғы материалдық төлемақының төленуіне бөлінетін қаржының дұрыстығын басқылауды жүзеге асырады.