О присвоении наименования и переименовании улиц города Шалкар Шалкарского района Актюбинской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласындағы көшелеріне атау беру және қайта атау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабына, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №3 және Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындылары негізінде және Шалқар қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының атауы жоқ көшесіне схемалық картаға сәйкес «Сарыбұлақ» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының «Жаңа» көшесі «Бөрібай Дәрібаев» есімімен қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.