Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление по защите прав детей Павлодарской области" Қолданыста
Басқа 0
«Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Павлодар облысы әкімдігінің
2026 жылғы «_29_» сәуірдегі
№ 119/1 қаулысымен
бекітілген
«Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, Павлодар облысының аумағында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "«Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 5Б.
Тармақ 10
10. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Управление по защите прав детей Павлодарской области».
Тармақ 12
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы Ереже «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жолданады.
Тарау 2. 2-тарау. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты Павлодар облысының аумағында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру болып табылады.
Тармақ 17
17. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 18
18. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;
Тармақша 2
2) бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;
Тармақша 4
4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылықтар болған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру.
Тармақ 19
19. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде сұрау салулар жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алу;
тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.
Тармақ 20
20. Функциялары:
Тармақша 1
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, сондай-ақ балалардың өмір сүру сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алуды және ерте анықтауды үйлестіру, балалардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған балаларды тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған шаралардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру, балалардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 6
6) уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасыны қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, өз құзыреті шегінде отбасылар мен балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру және жеке профилактика шараларын қолдану:
- орта білім беру ұйымдарының және техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарының тәуекел тобындағы, оның ішінде зорлық-зомбылық және қатыгез қарым-қатынас туралы хабарлаған кәмелетке толмағандар үшін, өзіне-өзі қол жұмсау ниеттерімен, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерімен, сондай-ақ педагогикалық сүйемелдеу шеңберінде аса назар аударуды талап ететін балалар үшін;
- отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарының сүйемелдеуіндегі;
- кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралған;
- бұрын баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда олардың құқықтарының бұзылуына (оның ішінде қатыгездіктің салдарынан) байланысты болған;
- тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларға) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі ұтқыр топтар анықтаған;
- заңды өкілдері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі өздерінің ата-аналық міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың тәрбиесіне теріс әсер ететін ата-аналар;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандар орналасқан білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына кедергісіз бару;
Тармақша 8
8) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде жұмылдыру топтарының жұмысына қатысу;
Тармақша 10
10) ведомствоаралық ынтымақтастықты және әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың қызметін үйлестіруді, балалардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету мәселелерін қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру қызметі;
Тармақша 12
12) балалардың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 13
13) облыстың, аудандардың/қалалардың кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының отырыстарына қатысу;
Тармақша 14
14) жеке және заңды тұлғалар өтініштерде (өтініштерде, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, қайтарымдарда және хабарламаларда көтеретін жүйелі проблемаларды талдауды, мониторингілеуді және анықтауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) өңірлік психологиялық қолдау орталығының қызметін үйлестіру;
Тармақша 16
16) өңірлік психологиялық қолдау орталығының қызметін әдістемелік сүйемелдеу, психологиялық көмек көрсетуге бірыңғай тәсілдерді әзірлеу және енгізу.
Тармақша 17
17) өңірлік психологиялық қолдау орталығы қызметінің тиімділігін мониторингілеу және талдау;
Тармақша 18
18) өңірлік психологиялық қолдау орталығының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 19
19) өмірлік қиын жағдайға тап болған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға психологиялық көмек көрсету жөніндегі шараларды үйлестіру;
Тармақша 20
20) өңірлік психологиялық қолдау орталығының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 21
21) уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасыны қолдау орталықтарын және отбасылар мен балаларға арналған өңірлік психологиялық қолдау орталығын тарта отырып, өз құзыреті шегінде көмек көрсетуді ұйымдастыру және жеке профилактика шараларын қолдану:
- орта білім беру ұйымдарының және техникалық және кәсіптік, оның ішінде кәмелетке толмағандар үшін білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтерінің қатер тобындағы;
Тармақша 22
22) қылмыстық процесте балаларды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 23
23) қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында зардап шеккен балалардың және зорлық-зомбылық куәгерлерінің құқықтарын қорғауға жәрдемдесу;
Тармақша 24
24) қылмыстық салада балалар құқықтарының бұзылу жағдайларын ерте анықтауды және оларға ден қоюды ұйымдастыру;
Тармақша 25
25) алдын алу шараларын әзірлеу үшін қылмыстық процесте балалар құқықтарының бұзылу жағдайларын есепке алуды және талдауды жүргізу;
Тармақша 26
26) кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде көмек көрсетуді және баланы алып жүруді ұйымдастырудың жеке жоспарын жасау;
Тармақша 27
27) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарауға, зорлық-зомбылыққа (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысу;
Тармақша 28
28) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажеттіліктеріне талдау жүргізу және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді;
Тармақша 29
29) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәгерлері болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 30
30) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектептерден және түрмелерден қайтып оралған балаларды жеке алып жүруді жүргізу;
Тармақша 31
31) балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен бұзақылыққа қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу;
Тармақша 32
32) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 33
33) білім беру/балалардың құқықтарын қорғау бөлімдерінің бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы, қонақтайтын және кәсіптік отбасының мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және бақылау;
Тармақша 34
34) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 35
35) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
Тармақ 21
21. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауап береді.
Тармақ 22
22. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 23
23. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншiк нысанына қарамастан барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кеңестерін өткізеді;
Тармақша 10
10) «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты береді;
Тармақша 12
12) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
«Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 25
25. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 26
26. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 27
27. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 28
28. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 29
29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 30
30. «Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.