Об утверждении Правил аттестации государственных строительных инспекторов, осуществляющих архитектурно-строительный контроль и надзор Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекттік тіркеу тізілімінде № 10057 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Басқа 1. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 275 Бұйрығына қосымша Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республика Құрылыс кодексінің 24-бабының 59) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - инспекторлар).
Тармақ 2
2. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының бас мемлекттік құрылыс инспекторы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары мен мемлекеттік құрылыс инспекторларының жатады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - мемлекеттік басқару, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы - жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мемлекеттік ведомствосының басшысы (бұдан әрі - ведомство басшысы);
Тармақша 3
3) уәкілетті органның мемлекттік құрылыс инспекторлары - уәкілетті органның штаттық қызметкерлері, олардың лауазымдық міндеттеріне жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметіне бақылау жасау, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру кіреді;
Тармақша 4
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) органдардың басшылары;
Тармақша 5
5) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.
Тармақша 6
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары - лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру кіретін жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) органдардың штаттағы қызметкерлері.
Тармақ 4
4. Аттестаттау мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттарды білу деңгейін, құзыреттілігін айқындау, жүзеге асырылатын жұмыстардың сапасын арттыру, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргізіледі және үш кезеңнен тұрады:
Тармақша 1
1) аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарауы;
Тармақша 2
2) тестілеу (теориялық білім деңгейін анықтау мақсатында);
Тармақша 3
3) әңгімелесу (күнделікті қызметте теориялық білімді практикалық қолдану деңгейін анықтау мақсатында). Аттестаттау рәсімінен өткеннен кейін мемлекеттік құрылыс инспекторына төбелгі беріледі.
Тармақ 5
5. Инспекторлар инспектор лауазымында әрбір келесі үш жыл қызмет өткеннен кейін, бірақ осы лауазымды атқаруға кіріскен күннен бастап үш айдан ерте емес мерзімде аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте, аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Тармақ 6
6. Аттестаттау аттестатталатын инспектордың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекттік құрылыс инспекторларын аттестаттау тәртібі
2-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекттік құрылыс инспекторларын аттестаттау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Аттестаттау комиссиясы
1-параграф. Аттестаттау комиссиясы
Тармақ 7
7. Аттестаттауды өткізу үшін ведомство басшысының шешімімен аттестаттау комиссиясы құрылады. Аттестаттау комиссиясы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелерінен және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамнан тұрады. Аттестаттау комиссиясы төрағасы отырысқа қатыспаған жағдайда, оның міндеттерін аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары атқарады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығына ие емес.
Тармақ 8
8. Аттестаттау комиссиясының жұмыс органы ведомство басшысы айқындайтын уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 9
9. Ведомство басшысы жұмыс органының ұсынымы бойынша аттестаттауға жататын инспекторлардың тізбесі бекітілетін, аттестаттауды өткізу мерзімдері мен кестелері белгіленетін бұйрық шығарады. Жұмыс органы аттестаттаудан өтетін адамдарға қатысты қажетті құжаттарды дайындауды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Аттестаттау комиссиясының құрамына ведомство басшысының орынбасарлары және уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіретіні көзделген.
Тармақ 11
11. Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде кворум болған жағдайда заңды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Шешім аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 13
13. Аттестаттау комиссиясының мүшелерінің бірі аттестаттаудан өтетін жағдайда, аталған түлға өзіне қатысты дауыс беруге қатыса алмайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Аттестаттауды өткізуге ұйымдастыру
2-параграф. Аттестаттауды өткізуге ұйымдастыру
Тармақ 14
14. Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестаттауға жататын инспекторларды айқындайды және аттестатталуға жататын инспекторлардың тізбесін ведомство басшысының бекітуіне ұсынады.
Тармақ 15
15. Жұмыс органы аттестаттауға жататын тұлғаларды аттестаттау өткізілетін мерзімдер туралы жазбаша түрде аттестаттауды өткізу басталған дейін кемінде бір ай бұрын хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Уәкілетті органның және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының кадр қызметтері аттестаттау өткізілетін күнге дейін екі апта аттестатталуға жататын инспекторлар бойынша мынадай құжаттарды дайындайды және жұмыс органына жолдайды:
Тармақша 1
1) қызметтік мінездеме;
Тармақша 2
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған қызметтік тізім;
Тармақша 3
3) өмірбаян;
Тармақша 4
4) құрылыс саласындағы білімі туралы дипломның көшірмесі;
Тармақша 5
5) ғылыми дәреженің, атақтардың, біліктілікті арттырудың, сертификаттар мен куәліктердің бар екенін растайтын куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда).
Тармақ 17
17. Қызметтік мінездеме аттестатталатын тұлғаның кәсіби, жеке қасиеттерін және қызметтік қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтуға тиіс және мынадай тұлғалар қол қояды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекттік құрылыс инспекторларына;
Тармақша 2
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына - жергілікті атқарушы органның басшысы немесе басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларына - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын ведомство басшыларының орынбасарлары;
Тармақша 4
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік құрылыс инспекторларына - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын областардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті органдарының басшылары немесе олардың орынбасарлары.
Тармақ 3. 3-параграф. Аттестаттауды өткізу
3-параграф. Аттестаттауды өткізу
Тармақ 18
18. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделей отырып, мынадай екі шешімнің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) тестілеуге жіберу;
Тармақша 2
2) тестілеуге жібермеу.
Тармақ 19
19. Тестілеуге жібермеу туралы шешім осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы, құрылыс саласындағы кәсіптік білімнің болмауы, теріс мінездеменің ұсынылуы, сондай-ақ аттестатталатын тұлғаның аттестаттауға дәлелсіз себептермен (еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе демалысты көрсетпей) келмеуі жағдайында қабылданады.
Тармақ 20
20. Аттестаттауға жататын, бірақ дәлелді себептермен қатыспаған тұлғалар аттестаттау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде аттестаттау рәсімінен өтеді.
Тармақ 21
21. Тестілік сұрақтарды қалыптастыруды жұмыс органы жүзеге асырады және олар ведомство басшысы тарапынан бекітіледі. Тестілік сұрақтар аттестатталатын тұлғалардың білім деңгейін жауап парақтарын толтыру арқылы бағалау кезінде пайдаланылады.
Тармақ 22
22. Аттестатталатын тұлғаға аттестаттау комиссиясы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
Тармақ 23
23. Аттестаттау аттестатталатын тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Тестілеу тестілеуге қатысушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Тестілеу екі кезеңнен тұрады:
Тармақша 1
1) тестілеуге қатысушылардың тест тапсырмаларын орындауы;
Тармақша 2
2) нәтижелерді есептеу.
Тармақ 26
26. Тест тапсырмаларын орындауға берілетін жалпы уақыт 90 минутты құрайды. Тестілік сұрақнама 100 (жүз) сұрақтан тұрады. Тест орындауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін материалдар аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
Тармақ 27
27. Тестілеу барысында қатысушыларға:
Тармақша 1
1) тестілеу аяқталғанға дейін үй-жайдан шығуға;
Тармақша 2
2) сөйлесуге және тестілеуге қатысушылардың назарын басқа әрекеттермен бөлуге;
Тармақша 3
3) жеке электрондық құрылғыларды (оның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды) пайдалануға жол берілмейді. Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, тестілеуге қатысушы тестілеу өткізілетін үй-жайдан шығарылады. Бұл тұлға үшін аттестаттау өтпеген болып есептеледі, аттестаттау комиссиясы аталған тұлғаға қатысты мынадай шешім қабылдайды: аттестатталмады, қайта аттестаттауға жатады. Аталған тұлға қайта тестілеуден аттестаттау комиссиясы белгілейтін мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде өтеді.
Тармақ 28
28. Тестілеу нәтижелерін есептеу дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып, аттестаттау комиссиясы тарапынан 3 (үш) сағат ішінде жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін шекті мән тестілеу нәтижесі ретінде 70 және одан да көп дұрыс жауап болып есептеледі, ал аттестаттауға жататын өзге санаттағы тұлғалар үшін – 60 және одан да көп дұрыс жауап.
Тармақ 30
30. Тестілеу барысында шекті мәннен төмен нәтиже алған тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді. Аталған тұлға қайта тестілеуден аттестаттау комиссиясы белгілейтін мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде өте алады.
Тармақ 31
31. Қайта тестілеуден өту барысында тестілеуге қатысушы шекті мәннен төмен нәтиже алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы тестілеуге қатысушының инспектор лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 32
32. Тестілеу қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген шекті мәнге сәйкес балл жинаған тұлғалар әңгімелесуге жіберіледі.
Тармақ 33
33. Аттестаттау комиссиясы аттестатталатын тұлғамен әңгімелесу қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) аттестатталды;
Тармақша 2
2) аттестатталмады, қайта аттестаттауға жатады;
Тармақша 3
3) аттестатталмады, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асырудан шеттетіледі.
Тармақ 34
34. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және отырысқа қатысқан хатшысы қол қояды.
Тармақ 35
35. Аттестатталатын тұлға аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылады. Комиссия органның шешімдерімен келіспеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің сәйкес белгіленген тәртіппен оған шағымдана алады.
Тармақ 36
36. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау өткізілген күннен бастап бір ай мерзімде ведомство басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 37
37. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімі аттестатталатын тұлғаның аттестаттау парағына енгізіледі.
Тармақ 38
38. Аттестаттаудан өткен аттестатталатын тұлғаның аттестаттау парағы оның жеке ісінде сақталады.
Басқа 1.1
Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларына қосымша Нысан Аттестаттау парағы Аттестатталатын инспектор туралы ақпарат Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________ Туған күні және жері ______________________________________________ Білімі __________________________________________________________ Лауазымы және тағайындалған күні ____________________________________ Жалпы еңбек өтілі _______ (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарында), оның ішінде осы лауазымда ____________________________ Қосымша мәліметтер: Қатысқан комиссия мүшелерінің саны _____________ Дауыс беру нәтижелері: «Жақтағандар» ___________ «Қарсы» _________________ Қабылданған шешім: __________________________________________________ (аттестаттаудан өтті; аттестаттаудан өтпеді және қайта аттестатталуға жатады; аттестаттаудан өтпеді) Төраға /____________/ Төрағаның орынбасары /______________/ Хатшы /______________/ Мүшелері /______________/ Қабылданған шешіммен таныстым _______________________________________ (аттестатталатын адамның қолы және күні)