Об установлении публичного сервитута Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69-баптын 4 тармағына, 71-1 баптын 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ақтөбе облысының энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылдық округі, Құмқұдық, Шибұлақ, Бабатай ауылдарына жеткізуші және кентішілік газ құбырын орналастыру және қызмет көрсету үшін жалпы көлемі 2,7956 га жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, тұрақты жер пайдалану құқығына қауымдық сервитут қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Темір ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Басқа 5
Темір ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «25» мамырдағы № 131 қаулысына қосымша Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері Учаске № Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары Қауымдық сервитут белгілеу көлемі (гектар) оның ішінде Жай­ы­лым, га Бас­қа да жер­лер, га 1 «Амир» ша­руа қо­жа­лы­ғы (ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер) 0,9052 0,9052 2 «Жа­қия» ша­руа қо­жа­лы­ғы (ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер) 0,5579 0,5579 3 «Аман-Есен-Құм­құ­дық» ша­руа қо­жа­лы­ғы (ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер) 0,5620 0,5620 4 Қай­ың­ды ауыл­дық окру­гі 0,7705 0,7705 Барлығы: 2,7956 2,7956