Об утверждении систематизированных признаков индивидуальных предпринимателей или юридических лиц, реализующих товары и услуги в кредит либо предоставляющих отсрочки платежей Қолданыста
Басқа 0
Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерiн бекiту туралы
"Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын және 20-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерi бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 18 қаңтардағы
N 25 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерi
Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерi:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету (электрмен, газбен, сумен жабдықтау, жылу беру, кәрiз);
Тармақша 2
2) телефон байланысы қызметтерiн көрсету;
Тармақша 3
3) ұтқыр ұялы байланыс операторлары қызметтерiн көрсету;
Тармақша 4
4) телевизиялық кабель желiсiн пайдалану қызметтерiн көрсету болып табылады.