Об утверждении Правил по разработке, согласованию и утверждению образовательно-оздоровительных программ несовершеннолетним, а также требований к их структуре и содержанию Қолданыста
Басқа 0
Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 68-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қағидалардың 14-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Бағдарламаны келісу үшін Ұйым Уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық нысанда «Е-Otinish» цифрлық жүйесі арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:
Тармақша 1
1) Ұйым айқындайтын нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) Бағдарлама жобасы;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес хаттамалық шешімнің көшірмесі;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бұйрықтың көшірмесі;
Тармақша 5
5) жария талқылауға орналастырылған Бағдарлама жобасына сілтеме.
Құжаттар оларды оқуға және құжат мазмұнын сақтауға мүмкіндік беретін форматтарда жолданады және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес Ұйым басшысының не уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.».
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Басқа 1. Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 147-НҚ
Бұйрығымен бекітілген
Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 68-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін айқындайды, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды (бұдан әрі – Талаптар) белгілейді.
Тармақ 2
2. Бағдарламаны меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру бағдарламаларын іске асыратын балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы (бұдан әрі – Ұйым) әзірлейді.
Тармақ 3
3. Бағдарлама бала тұлғасының кешенді дамуын қамтамасыз ету, олардың физикалық және психоэмоционалдық денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім беру, әлеуметтік және тұлғалық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында әзірленеді.
Тармақ 4
4. Бағдарлама білім беру саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) келісімі бойынша Ұйыммен бекітіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
2-тарау. Бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
Тармақ 5
5. Бағдарламаны әзірлеу үшін Ұйым:
Қазақстан Республикасының білім беру, тәрбиелеу, балаларды сауықтыру және демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы заңнамасына талдау жүргізеді;
кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің қажеттіліктерін талдау сапалық және (немесе) сандық зерттеу әдістері арқылы, соның ішінде сауалнама, сұрау жүргізу, сұхбат алу тәсілдерін пайдалана отырып, балалардың жас, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады;
Ұйымның жұмыс істеу жағдайларын талдау, оның ішінде мыналарды бағалау:
Тармақша 1
1) қызмет режимін (жыл бойғы немесе маусымдық);
Тармақша 2
2) ауысымдардың ұзақтығын, бір ауысымдағы күнтізбелік күндер санын және оларды өткізу кезеңділігін;
Тармақша 3
3) материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымын;
Тармақша 4
4) кадрлық қамтамасыз етілуін;
Тармақша 5
5) тұру және тамақтану жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін;
Тармақша 6
6) аумақтың климаттық, табиғи және географиялық ерекшеліктерін;
Тармақша 7
7) ауысым барысында күн тәртібін сақтау, білім беру және сауықтыру қызметінің кезектесу мүмкіндіктерін;
Тармақша 8
8) балаларға арналған қосымша білім беру бағыттары бойынша ауысымдардың бейінін бағалайды.
Тармақ 6
6. Жүргізілген талдау нәтижелері Бағдарламаның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, іске асыру нысандары мен мерзімдерін айқындау үшін пайдаланылады. Талдау нәтижелері талдау жүргізген тұлғалар және Ұйым басшысы қол қоятын хаттамалық шешіммен ресімделеді.
Тармақ 7
7. Хаттамалық шешім негізінде Ұйым Бағдарламаның атауын, кәмелетке толмағандардың жас санатын, Бағдарламаны іске асыру ұзақтығын, оны іске асыру нысандары мен шарттарын көрсете отырып бұйрық шығарады.
Тармақ 8
8. Бағдарлама:
Тармақша 1
1) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес әзірленеді;
Тармақша 2
2) «Білім беру ұйымдарында балаларды сауықтыруды және олардың демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37091 болып тіркелген);
Тармақша 3
3) «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29092 болып тіркелген);
Тармақша 4
4) «Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9923 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген Талаптарға сәйкес болуы тиіс. Бағдарлама осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес ресімделеді.
Тармақ 10
10. Бағдарлама жобасы Уәкілетті органға келісуге жіберілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардан ескертулер мен ұсыныстар қабылдау үшін кері байланыс функционалын көздейтін Ұйымның интернет-ресурсында және (немесе) білім беруді басқару органының интернет-ресурсында жария талқылауға орналастырылады.
Бағдарламаны жария талқылау мерзімі Ұйымның интернет-ресурсында және (немесе) білім беруді басқару органының интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 11
11. Жария талқылау қорытындысы бойынша Ұйым келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген жауап ұсынады. Бағдарлама жобасын жария талқылау барысында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар Ұйымның міндетті қарауына жатады.
Тармақ 12
12. Бекітілген Бағдарламаның мазмұны үш жылда 1 рет жаңартылып отырады.
Тармақ 13
13. Бекітілген Бағдарламаны жаңарту үшін Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына, Бағдарламаның тиімділігіне жүргізілген мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізеді және оларды хаттамамен рәсімдейді.
Жаңартылған Бағдарлама осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес келісіледі және бекітіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Бағдарламаларды келісу және бекіту тәртібі
3-тарау. Бағдарламаларды келісу және бекіту тәртібі
Тармақ 14
14. Бағдарламаны келісу үшін Ұйым Уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық нысанда «Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:
Тармақша 1
1) Ұйым айқындайтын нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) Бағдарлама жобасы;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес хаттамалық шешімнің көшірмесі;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бұйрықтың көшірмесі;
Тармақша 5
5) жария талқылау үшін орналастырылған Бағдарлама жобасына сілтеме.
Құжаттар оларды оқуға және құжат мазмұнын сақтауға мүмкіндік беретін форматтарда жолданады және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес Ұйым басшысының не уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Тармақ 15
15. Бағдарлама жобасын келісу үшін Уәкілетті орган үш жыл мерзімге консультативтік-кеңесші орган құрады.
Тармақ 16
16. Консультативтік-кеңесші органның дербес құрамы және ол туралы ереже Уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Консультативтік-кеңесші органның құрамына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және балаларға қосымша білім беру, балалардың демалысы мен сауықтыруы саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар білім беру, тәрбие, балалар демалысы мен сауықтыру, денсаулық сақтау, психология, дене шынықтыру және спорт салаларының мамандары енгізіледі.
Тармақ 17
17. Консультативтік-кеңесші органның сандық құрамы кемінде 9 (тоғыз) мүшеден тұрады және тақ сан болып қалыптастырылады.
Тармақ 18
18. Консультативтік-кеңесші органның отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Отырыстар күндізгі, сырттай және (немесе) қашықтан өткізіледі.
Шешімдер қатысып отырған мүшелер санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 19
19. Консультативтік-кеңесші органның мүшелері мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу шараларын қабылдайды. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда консультативтік-кеңесші органның мүшесі өзін-өзі шеттету туралы мәлімдеуге міндетті және тиісті Бағдарлама жобасын қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға қатыспайды.
Тармақ 20
20. Консультативтік-кеңесші органды төраға басқарады, ол оның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, отырыстардың өткізілетін күні мен күн тәртібін айқындайды және отырыстарда төрағалық етеді.
Тармақ 21
21. Консультативтік-кеңесші органның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ осы Қағидалардың 25-тармағында белгіленген қарау мерзімі шегінде әрбір Бағдарлама жобасы бойынша кемінде бір отырыс өткізіледі.
Тармақ 22
22. Консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді хатшы жүзеге асырады, ол отырысқа материалдарды дайындауды және хаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді, консультативтік-кеңесші органның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығына ие емес.
Тармақ 23
23. Консультативтік-кеңесші орган отырысының хаттамасына өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қояды.
Консультативтік-кеңесші органның сараптамалық қорытындысы отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға жолданады.
Тармақ 24
24. Уәкілетті орган құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарлама жобасын консультативтік-кеңесші органның қарауына жібереді.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өтініш тіркелуге жатпайды. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің тіркелмегені туралы себептерін және жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Ұйымды хабардар етеді. Көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін Ұйым осы Қағидаларда көзделген тәртіппен құжаттарды қайта жіберуге құқылы.
Тармақ 25
25. Бағдарлама жобасын консультативтік-кеңесші органның қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Бағдарлама жобасын қарау қорытындысы бойынша консультативтік-кеңесші орган мынадай шешімдердің бірін қабылдай отырып, қорытынды жібереді:
Тармақша 1
1) Бағдарлама жобасын келісуге ұсыну;
Тармақша 2
2) Бағдарлама жобасын келісуге ұсынбау.
Бағдарлама жобасын келісуден бас тартуға мынадай негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) Бағдарлама жобасының Қазақстан Республикасының білім беру, кәмелетке толмағандарды сауықтыру және демалысын ұйымдастыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) Бағдарламаның құрылымы мен мазмұнының осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген хаттамалық шешім көшірмесінің болмауы;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген бұйрық көшірмесінің болмауы;
Тармақша 5
5) Бағдарлама жобасын жария талқылау нәтижелерінің ескерілмеуі.
Тармақ 26
26. Консультативтік-кеңесші органның Бағдарлама жобасын келісуге ұсыну не ұсынбау туралы шешімді қабылдауы мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Бағдарлама жобасының білім беру және кәмелетке толмағандарды сауықтыру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) Бағдарлама құрылымы мен мазмұнының осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігі;
Тармақша 3
3) Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері мен күтілетін нәтижелерінің негізділігі, олардың өлшенетіндігі және қолжетімділігі, сондай-ақ Бағдарлама жобасын жария талқылау нәтижелерін ескеру және олар бойынша қабылданған шешімдердің негізділігі;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктерін және Бағдарламаны іске асыру жағдайларын ескере отырып, білім беру және сауықтыру жүктемесінің теңгерімін қамтамасыз ету.
Бағдарлама жобасын келісуге ұсынбау туралы шешім осы тармақта көрсетілген өлшемшарттардың біреуіне немесе бірнешеуіне Бағдарлама жобасының сәйкес келмеуі жағдайында ғана қабылданады, бұл ретте сараптамалық қорытындыда нақты негіздер мен Бағдарлама жобасын пысықтау бойынша ұсынымдар міндетті түрде көрсетіледі.
Тармақ 27
27. Қорытындыда консультативтік-кеңесші орган отырысы хаттамасының күні мен нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органның сараптамалық қорытындысы негізінде, ол келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Бағдарлама жобасын келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және Ұйымға консультативтік-кеңесші органның сараптамалық қорытындысының көшірмесін қоса бере отырып тиісті хабарлама жолдайды.
Бағдарлама жобасын келісуден бас тартылған жағдайда, сараптамалық қорытындыда Бағдарлама жобасын пысықтау және анықталған ескертулерді жою жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
Тармақ 29
29. Уәкілетті орган Бағдарлама жобасы бойынша Бағдарламаны келісуден бас тарту не өтініш берушінің жағдайын нашарлататын ескертулер енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес тыңдауды өткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Ұйым Бағдарлама жобасын келісуден дәлелді бас тартуды алғаннан кейін осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Бағдарлама жобасын Уәкілетті органға қайта енгізуге құқылы.
Тармақ 31
31. Уәкілетті органмен келісілген Бағдарлама жобасы Уәкілетті орган электрондық нысанда жүргізетін білім беру-сауықтыру бағдарламаларының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізіледі.
Тізілімге Бағдарламаның атауы, әзірлеуші Ұйым, келісу күні және Бағдарламаны іске асыру мерзімі туралы мәліметтер енгізіледі.
Тізілімге мәліметтерді енгізу Бағдарлама жобасы келісілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тізілімдегі мәліметтерді өзгерту келісілген Бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы Ұйымның өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны Тізілімнен алып тастау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Бағдарламаны іске асырудың тоқтатылуы;
Тармақша 2
2) жаңартылған Бағдарламаны келісуден бас тарту;
Тармақша 3
3) Бағдарламаның қолданылуын тоқтату туралы Ұйымның өтініші.
Тармақша 4
4) жаңартылған Бағдарламаның осы Қағидаларда көзделген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылмауы.
Тармақ 32
32. Тізілімде Уәкілетті органмен келісілген Бағдарламалардың атауы, әзірлеуші Ұйымның атауы, келісілген күні және Бағдарламаны іске асыру мерзімі қамтылады. Тізілім Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 33
33. Бағдарлама Уәкілетті органның келісімін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұйымның бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 34
34. Қабылданған шешім құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер ететін Ұйым Уәкілетті органның және (немесе) консультативтік-кеңесші органның әкімшілік актісіне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Бағдарламаның құрылымы
мен мазмұнына қойылатын талаптар
4-тарау. Бағдарламаның құрылымы
мен мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 35
35. Бағдарламаның құрылымы логикалық бірізділікті, тұтастықты және аяқталғандықты қамтамасыз етеді және мынадай бөлімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жалпы ережелер;
Тармақша 2
2) глоссарий;
Тармақша 3
3) бағыттылығы мен тақырыбы.
Тармақша 4
4) мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері;
Тармақша 5
5) құрылымы және мазмұны екі модуль бойынша: білім беру және сауықтыру;
Тармақша 6
6) іске асыру шарттары;
Тармақша 7
7) кадрлық және әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) іске асыру нәтижелерін мониторингтеу және бағалау;
Тармақша 9
9) негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
Тармақ 36
36. Бағдарламаның мазмұны кәмелетке толмағандардың жас, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, ауысымның ұзақтығын, балаларға арналған қосымша білім беру бағыттары бойынша ауысымның бейіндік бағыттылығын және Ұйымның жұмыс режимін (жыл бойғы немесе маусымдық) ескере отырып қалыптастырылады.
Тармақ 37
37. «Жалпы ережелер» бөлімінде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Бағдарламаның атауы;
Тармақша 2
2) Бағдарламаны іске асыратын Ұйым туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) Бағдарламаны әзірлеудің құқықтық негізі;
Тармақша 4
4) Бағдарламаның ұзақтығы;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандардың жас санаты.
Тармақ 38
38. «Глоссарий» бөлімінде Бағдарламада пайдаланылатын терминдер мен ұғымдардың тізбесі және олардың нормативтік анықтамалары не Бағдарлама шеңберінде қолданылатын анықтамалары көрсетіледі.
Тармақ 39
39. «Бағыттылығы мен тақырыбы» бөлімі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) балаларға арналған қосымша білім беру бағыттары бойынша Бағдарламаның бейіндік бағыттылығын көрсету;
Тармақша 2
2) Бағдарламаның тақырыптық мазмұнын сипаттау;
Тармақша 3
3) таңдалған бағыттылықтың өзектілігін негіздеу;
Тармақша 4
4) мақсатты аудиторияның сипаттамасы;
Тармақша 5
5) Бағдарламаның жаңашылдығын немесе ұқсас бағдарламалармен салыстырғандағы ерекшеліктерін сипаттау.
Тармақ 40
40. «Мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері» бөлімі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарға кешенді білім беру, тәрбиелік және сауықтыру әсерін көрсететін Бағдарламаның мақсатын тұжырымдау;
Тармақша 2
2) білім беру және сауықтыру модульдері бойынша топтастырылған Бағдарлама міндеттерінің тізбесі;
Тармақша 3
3) Бағдарламаны іске асырудың күтілетін нәтижелерін, оның ішінде білімдік, сауықтыру, тұлғалық және әлеуметтік нәтижелерін сипаттау;
Тармақша 4
4) ауысым қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелердің өлшенетіндігін және тексерілетіндігін көрсету.
Тармақ 41
41. «Құрылымы және мазмұны» бөлімі білім беру және сауықтыру модульдерінің сипаттамасын қамтиды және осы Қағидалардың 42–51-тармақтарында көзделген талаптарды қамтиды.
Тармақ 42
42. Білім беру модулінің мазмұны балаларға арналған қосымша білім беру оқу процесінің сабақтастығын қамтамасыз ету және білім беру процесінің дамытушы компонентін іске асыру мақсатында оқу үдерісі кезеңінде жүзеге асырылатын білім беру іс-шараларының жиынтығы мен тұтастығын білдіреді.
Тармақ 43
43. Жыл бойы жұмыс істейтін Ұйымның Бағдарламасының білім беру модулі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) STEM-зертханалар базасында STEM-тәсілін қолдана отырып, іргелі пәндер (алгебра, геометрия, физика, химия, биология) бойынша балаларға арналған қосымша білім берудің практикаға бағдарланған сабақтары (күніне кемінде 2 сабақ);
Тармақша 2
2) қызығушылықтар бойынша үйірмелер мен секциялар арқылы дамытушы сабақтарды, жобалық, зерттеу және шығармашылық қызметті, мастер-кластарды, тренингтерді, зертханалық және практикалық жұмыстарды (күніне кемінде 2 сабақ);
Тармақша 3
3) тәрбие іс-шараларын (күніне кемінде 2 іс-шара).
Тармақ 44
44. Маусымдық әрекет ететін Ұйым Бағдарламасының білім беру модулінің мазмұны білім беру іс-шараларының жиынтығын білдіреді және мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) қызығушылықтар бойынша үйірмелер мен секциялар арқылы дамытушы сабақтарды, жобалық, зерттеу және шығармашылық қызметті (күніне кемінде 2 сабақ);
Тармақша 2
2) мастер-кластар, тренингтер, зертханалық және практикалық жұмыстар арқылы практикаға бағдарланған сабақтарды (күніне кемінде 2 сабақ);
Тармақша 3
3) тәрбие іс-шаралары мен жобалары (күніне кемінде 2 іс-шара).
Тармақ 45
45. Білім беру қызметінің көлемі, мазмұны және қарқындылығы тиісті жастағы білім алушыларға рұқсат етілген жүктемені ескере отырып айқындалады және білім беру мен сауықтыру қызметінің теңгерімін қамтамасыз ете отырып, ауысым күндері бойынша бөлінеді.
Тармақ 46
46. Жыл бойы және маусымдық әрекет ететін Ұйымдардың Бағдарламасының білім беру модулінің тәрбиелік іс-шаралары мен жобалары балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, ауысымның бейіндік бағытын, Қазақстан Республикасының ұлттық құндылықтарын ескере отырып өткізіледі.
Тармақ 47
47. Жыл бойы және маусымдық әрекет ететін Ұйымдардың Бағдарламасының білім беру модулінің тәрбиелік іс-шаралары мен жобалары мынаған бағытталған:
Тармақша 1
1) азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және мәдени мұраға құрметті қалыптастыруға;
Тармақша 2
2) қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға;
Тармақша 3
3) шығармашылық, көшбасшылық және тұлғалық қабілеттерін дамытуға;
Тармақша 4
4) экологиялық мәдениетті және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыруға;
Тармақша 5
5) жағымды мінез-құлық пен қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталады.
Тармақ 48
48. Бағдарламаның сауықтыру модулінің мазмұны сауықтыру іс-шараларының жиынтығын білдіреді және кәмелетке толмағандардың физикалық және психоэмоциялық денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, медициналық көрсетілімдерге және балалардың жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ жергілікті аумақтың климаттық және табиғи жағдайларына сәйкес салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Тармақ 49
49. Сауықтыру модулі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) дене белсенділігі бойынша іс-шаралар (гимнастика, спорттық ойындар, дене шынықтыру сабақтары);
Тармақша 2
2) балаларды шынықтыру іс-шаралары;
Тармақша 3
3) аурулардың алдын алу іс-шаралары;
Тармақша 4
4) дұрыс тамақтану мен ауызсу режимін сақтау бойынша іс-шаралар;
Тармақша 5
5) оңтайлы күн тәртібі мен демалысты қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) балаларды психологиялық сүйемелдеу және эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
Тармақ 50
50. Сауықтыру модулінің ұзақтығы күніне 3 академиялық сағаттан аспайды. Сауықтыру іс-шараларының көлемі мен қарқындылығы білім беру жүктемесіне сәйкес келеді және ауысым бойына біркелкі бөлінеді.
Тармақ 51
51. Бағдарлама білім беру және сауықтыру жүктемесінің теңгерімін қамтамасыз етеді.
Тармақ 52
52. «Іске асыру шарттары» бөлімі мыналардың сипаттамасын қамтиды:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық жағдайлар (үй-жайлар, жабдықтар, инфрақұрылым);
Тармақша 2
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тұру жағдайлары;
Тармақша 3
3) күн тәртібін, тамақтануды және демалысты ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) медициналық сүйемелдеу және профилактикалық іс-шаралар;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздік;
Тармақша 6
6) аумақтың климаттық және табиғи ерекшеліктерін ескеру;
Тармақша 7
7) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін (олар қатысқан жағдайда) ортаның қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тармақ 53
53. «Кадрлық және әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) Бағдарламаны іске асыруға қатысатын педагогикалық, медициналық және өзге де қызметкерлердің құрамы туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес кадрлардың біліктілігіне қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) Бағдарламаны іске асыруға қатысушылар арасында функционалдық міндеттерді бөлу;
Тармақша 4
4) қолданылатын әдістемелердің, білім беру технологияларының және жұмыс нысандарының сипаттамасы;
Тармақша 5
5) оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдардың тізбесі.
Тармақ 54
54. «Мониторинг және іске асыру нәтижелерін бағалау» бөлімінде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Бағдарламаның іске асырылуына ағымдағы және қорытынды мониторинг жүргізу нысандары;
Тармақша 2
2) күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді бағалау көрсеткіштері мен өлшемшарттары;
Тармақша 3
3) ақпаратты жинау және талдау әдістері (бақылау, анкета жүргізу, қатысуды талдау және басқалар);
Тармақша 4
4) Бағдарламаны түзету кезінде мониторинг нәтижелерін ескеру тәртібі.
Тармақ 55
55. «Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі» бөлімінде мыналардың тізбесі көрсетіледі:
Тармақша 1
1) оқу-әдістемелік материалдардың;
Тармақша 2
2) ғылыми, әдістемелік және анықтамалық басылымдардың;
Тармақша 3
3) электрондық ресурстар мен ресми интернет-дереккөздердің (болған жағдайда);
Тармақша 4
4) соңғы 5 жылдағы өзекті дереккөздердің, қазақстандық және шетелдік дереккөздердің.
Тармақ 56
56. Қазақстан Республикасының заңнамасы, Бағдарламаны іске асыру жағдайлары (материалдық-техникалық, кадрлық, санитариялық-эпидемиологиялық және қаржылық жағдайлар) өзгерген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын оны іске асыру тиімділігінің мониторингі нәтижелері бойынша Бағдарлама қайта қаралуға жатады.
Басқа 1.1. Бағдарламаны ресімдеуге қойылатын талаптар
Кәмелетке толмағандарға арналған
білім беру-сауықтыру бағдарламаларын
әзірлеу, келісу және бекіту
қағидаларына, сондай-ақ олардың
құрылымы мен мазмұнына қойылатын
талаптарға қосымша
Бағдарламаны ресімдеуге қойылатын талаптар
Мәтін *.docx форматында мынадай параметрлерді сақтай отырып ұсынылады:
Тармақша 1
1) парақ форматы – А4;
Тармақша 2
2) қаріп – «Times New Roman», өлшемі 14;
Тармақша 3
3) жоларалық интервал – бірлік;
Тармақша 4
4) абзацтық шегініс (бірінші жол) – 1,25 см;
Тармақша 5
5) жиектер: сол жақ – 2,5 см, оң жақ – 1,5 см, колонтитулдар – 2,5 см;
Тармақша 6
6) Бағдарламаның атауы, бөлімдері мен тараулары қалың қаріппен белгіленеді.
Титулдық парақта:
Тармақша 1
1) Бағдарламаның атауы;
Тармақша 2
2) Әзірленген орны мен жылы көрсетіледі.