Об утверждении Правил и условий внедрения адаптационной программы для обучающихся первых классов с казахским языком обучения, нуждающихся в дополнительной языковой поддержке Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 42-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 143-НҚ бұйрығымен бекітілген Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 42-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру тәртібі мен шарттарын (бұдан әрі – Бейімдеу бағдарламасы) айқындайды.
Тармақ 2
2. Бейімдеу бағдарламасын «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде қазақ тілін оқыту тілі ретінде оқыту әдістемесін меңгерген педагогтер іске асырады.
Тармақ 3
3. Бейімдеу бағдарламасы сыныптан тыс сабақтар немесе сынып сағаттары арқылы қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған нақты өмірлік коммуникативтік жағдаяттарды (орта білім беру ұйымында, отбасында және қоғамдық орындарда) пайдалана отырып іске асырылады.
Тармақ 4
4. Сабақтар «Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 47-НҚ бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін:
Тармақша 1
1) Бейімдеу бағдарламасының мақсаттары, міндеттері және мазмұны;
Тармақша 2
2) Бейімдеу бағдарламасын іске асыру тәртібі мен шарттары;
Тармақша 3
3) білім алушылардың Бейімдеу бағдарламасын меңгеру нәтижелері туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді. Білім алушылардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін хабардар ету ата-аналар жиналыстары, консультациялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өзара іс-қимыл нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Бейімдеу бағдарламасын енгізу тәртібі
2-тарау. Бейімдеу бағдарламасын енгізу тәртібі
Тармақ 6
6. Бейімдеу бағдарламасы:
Тармақша 1
1) білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
Тармақша 2
2) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болған жағдайда, педагогтің ұсынымы негізінде енгізіледі.
Тармақ 7
7. Білім алушының ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері орта білім беру ұйымы басшысының атына жазбаша өтініш береді. Орта білім беру ұйымының басшысы білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішін қарайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы білім алушының ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне хабарлайды.
Тармақ 8
8. Педагог бірінші сынып білім алушыларының білім беру процесіне бейімделуін қарапайым коммуникативтік тапсырмаларды пайдалана отырып, ауызша және жазбаша сөйлеуді түсінуі мен дағдыларын (бастапқы, базалық, орта) бағалау арқылы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Қосымша тілдік қолдауды қажет ететін білім алушы анықталған жағдайда педагог:
Тармақша 1
1) білім алушыны Бейімдеу бағдарламасына қабылдау мүмкіндігі туралы жазбаша ұсыным ресімдейді;
Тармақша 2
2) аталған ұсынымды білім алушының ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне жеткізеді.
Тармақ 10
10. Білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініштерін, сондай-ақ педагогтердің ұсынымдарын (білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болған жағдайда) қарау нәтижелері бойынша Бейімдеу бағдарламасына қабылдауға жататын білім алушылардың тізімі құрылады және орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Бейімдеу бағдарламасы тиісті оқу жылы ішінде орта білім беру ұйымы басшысы бекіткен жоспар мен кестеге сәйкес іске асырылады.
Тармақ 12
12. Оқу жылы аяқталғанға дейін білім алушының Бейімдеу бағдарламасына қатысуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде қабылданады.
Тармақ 13
13. Білім беру ұйымы білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде білім алушының Бейімдеу бағдарламасына қатысуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы бұйрық шығарады.
Тарау 3. 3-тарау. Бейімдеу бағдарламасын іске асыру шарттары
3-тарау. Бейімдеу бағдарламасын іске асыру шарттары
Тармақ 14
14. Бейімдеу бағдарламасы мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Бейімдеу бағдарламасына қабылданған білім алушылардың бекітілген тізімінің болуы;
Тармақша 2
2) Бейімдеу бағдарламасын іске асыру жоспары мен кестесінің орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілуі;
Тармақша 3
3) білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін қолайлы білім беру ортасының құрылуы;
Тармақша 4
4) Бейімдеу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін оқу-әдістемелік материалдардың пайдаланылуы;
Тармақша 5
5) Бейімдеу бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша педагогтердің білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауы.