Об установлении границ водоохранных зон, полос реки Урал Атырауской области и режим их хозяйственного использования Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысының Жайық өзенінің су қорғау аймақтары, белдеулерінің шекаралары және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 85, 86-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Атырау облысының Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Атырау облысының Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Басқа 9
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы «___»_______ № ____ қаулысына 1- қосымша Атырау облысының Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары № Орналасқан жері Ауданы Ені Су қорғау аймағы мен белдеу орнатылған өзен ұзындығы (метр) Су қор­ғау ай­ма­ғы (гек­тар) Су қор­ғау бел­де­уі (гек­тар) Су қор­ғау ай­ма­ғы (метр) Су қор­ғау бел­де­уі (метр) 1 Аты­рау қа­ла­сы 4763,246 643,6618 70-500 35-100 Оң жа­ға­лау 1926,2716 280,6752 67 Сол жа­ға­лау 2837,0044 362,9866 85 2 Ин­дер ауда­ны 3326,2919 638,1578 100-500 35-100 Оң жа­ға­лау 2601,9083 493,2967 52 Сол жа­ға­лау 724,3836 144,8611 14 3 Ма­хам­бет ауда­ны 6382,5603 1230,3435 186-500 35-100 Оң жа­ға­лау 5371,2680 1034,8325 90 Сол жа­ға­лау 1011,2923 195,5110 16
Басқа 10
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы «___» _______ №____қаулысына 2- қосымша Атырау облысының Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Жайық өзенінде:
Тармақша 1
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
Тармақша 2
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 3
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
Тармақша 4
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
Тармақша 6
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
Тармақша 7
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
Тармақша 1
1) мыналарды: су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын; көпірлерді, көпір құрылысжайларын; айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін; балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды; ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды; су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
Тармақша 2
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
Тармақша 3
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
Тармақ 3
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
Тармақша 1
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
Тармақша 4
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
Тармақша 5
5) зираттарды орналастыруға;
Тармақша 6
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Орналастырылуы осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.