Об утверждении Правил проведения конкурса на право сертификации и типовой формы договора на право сертификации специалистов (экспертов) в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, а также квалификационных требований к участникам конкурса Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 40) және 42) тармақшалараны сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидалары және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысаны, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 273 бұйрығымен бекітілген Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 24-бабының 40) және 42) тармақшаларына сәйкес әзірленді және сертификаттау құқығына конкурс өткізу тәртібін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақ 1
1. конкурстық комиссия – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына конкурс өткізу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы құратын алқалы орган;
Тармақ 2
2. конкурсқа қатысушы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауды жүзеге асыруға ниет білдірген және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі нысанындағы заңды тұлға;
Тармақ 3
3. уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына конкурс өткізу тәртібі
2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына конкурс өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Конкурс өткізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның сертификаттауды жүргізу құқығына өтінімдер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастыруы;
Тармақша 2
2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі нысанындағы заңды тұлғаның осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар топтамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім беруі;
Тармақша 3
3) комиссияның ұсынылған өтінімдер мен құжаттарды қарауы;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның конкурс жеңімпазы туралы шешім қабылдауы;
Тармақша 5
5) конкурс жеңімпазымен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт жасасу.
Тармақ 4
4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі нысанындағы заңды тұлғалар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.
Тармақ 5
5. Конкурсқа қатысушының өтінімі мынадай жағдайларда қаралмайды, егер:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысушы өз мүшелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаса;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсынса.
Тармақ 6
6. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін өтінімдер болмаған жағдайда, уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарландыруды қайта жариялайды. Конкурсқа қатысушылар хабарландыру қайта жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін де өтінімдер болмаған жағдайда, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты конкурс өткізілмеді деп танылғаны туралы хабарландыру жарияланады.
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдарды қарауды комиссия жүзеге асырады, оның шешімі бойынша жеңімпаз айқындалады. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысымен бекітіледі және тақ саннан, бірақ бес адамнан кем емес адамнан тұрады. Конкурстық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан кезде заңды болып саналады. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы, комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Конкурстық комиссияның шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 8
8. Құжаттарды қарау және конкурс жеңімпазы туралы шешім қабылдау мерзімі өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 9
9. Конкурс жеңімпазы туралы шешім уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 10
10. Конкурс жеңімпазы туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарт 3 (үш) жыл мерзімге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Тармақ 11
11. Конкурстық комиссия қызметінің мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым уәкілетті органның ведомствосына беріледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды. Уәкілетті орган ведомствосының шағымы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылдаған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жіберілмейді. Шағымды қарайтын орган ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын шағым берген конкурсқа қатысушыны алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстаным білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1.1. Конкурсқа қатысуға өтініш
Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанына, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына 1-қосымша Нысан ___________________________ (уәкілетті органның толық атауы) Конкурсқа қатысуға өтініш Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығын Сертификаттау орталығы ретінде _______________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) беруіңізді сұраймын. Қызметтің мынадай түрі бойынша (қажеттісінің астын сызу): жобалау; құрылыс-монтаж жұмыстары; техникалық қадағалау; авторлық қадағалау; іздестіру қызметі; ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қарап тексеру; құрылыс жобаларын әзірлеу және (немесе) сараптау; Қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі: _____________________________________________________________ Байланыс деректері: ___________________________________________________ (электрондық пошта мекенжайы, жұмыс және ұялы телефон нөмірлері) Күні 20__ ж. «____» ______________ Ұйым басшысы: _______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы)
Басқа 1.2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанына, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына 2-қосымша Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары р/с № Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры Бі­лік­ті­лік та­лап­тар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар Ес­керт­пе 1 2 3 4 1 Іш­кі ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік құ­жат­тар­дың бо­луы Мы­на­дай құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі ұсы­ны­ла­ды: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы құ­жат; жар­ғы; құ­пи­я­лы­лық­ты қам­та­ма­сыз ету және дер­бес де­ректер­ді қор­ғау қа­ғи­да­ла­ры. Кон­кур­сқа қа­ты­су­шы сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті са­ла­сын­да ма­ман­дар­ды (са­рап­шы­лар­ды) сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін аза­мат­тық құқық қа­бі­лет­ті­лі­гіне ие. Кон­кур­сқа қа­ты­су­шы: та­ра­ту про­це­сін­де; банк­рот­тық неме­се оңал­ту рә­сі­мін­де; қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға сот тый­ы­мы­ның қол­да­ны­луын­да емес. Кон­кур­сқа қа­ты­су­шы­ның жар­ғы­сын­да ма­ман­дар­ды (са­рап­шы­лар­ды) сер­ти­фи­кат­та­у­ға бай­ла­ны­сты қыз­мет түр­ле­рі ті­ке­лей көз­дел­ген. 2 Штат­та қа­жет­ті пер­со­нал­дың бо­луы, оның ішін­де: Штат­та бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­ды жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты ке­мін­де үш оқы­ту­шы­ның бо­луы Штат­та сер­ти­фи­кат­та­уды жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты ке­мін­де екі тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­дің бо­луы Штат­та ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар (IT) жө­нін­де­гі ма­ман­ның бо­луы Оқы­ту­шы­ның бі­лік­ті­лі­гін (ди­плом, сер­ти­фи­кат) және ең­бек қа­ты­на­ста­рын (та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық, ең­бек шар­ты) рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі Ебек қа­ты­на­ста­рын (та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық, ең­бек шар­ты) рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі Ма­ман­ның бі­лік­ті­лі­гін (ди­плом, сер­ти­фи­кат) және ең­бек қа­ты­на­ста­рын (та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық, ең­бек шар­ты) рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі 3 Сер­ти­фи­кат­та­уды жүр­гі­зу үшін са­ни­та­ри­я­лық та­лап­тар­ды қа­на­ғат­тан­ды­ра­тын, жал­пы ауда­ны ке­мін­де 100 (жүз) шар­шы метр бо­ла­тын, оның ішін­де әң­гі­ме­ле­су өт­кізу­ге және бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­ға ар­нал­ған ауда­ны ке­мін­де 45 (қы­рық бес) шар­шы метр үй-жайы бар, мен­шік құқы­ғын­да неме­се ке­мін­де бір жыл мер­зім­ге жал­ға алу құқы­ғын­да (құқық­тық ка­дастр­да мем­ле­кет­тік тір­ке­умен) әкім­ші­лік-тұр­мыстық үй-жай­лар­дың бо­луы Әкім­ші­лік-тұр­мыстық үй-жай­лар мен­шік құқы­ғын­да болған кез­де: тех­ни­ка­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі . Өзге заң­ды негіз­де пай­да­ла­ны­л­ған кез­де: жал­дау шар­ты­ның кө­шір­ме­сі, тех­ни­ка­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі
Басқа 1.3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған үлгілік шарт нысаны
Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанына, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына 3-қосымша Нысан Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған үлгілік шарт нысаны ________ қ. 20__ жылғы «__» __________ Осы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын бір тараптан сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның ведомствосы атынан ____________________ негізінде әрекет ететін _______________________ және бұдан әрі «Сертификаттау орталығы» деп аталатын екінші тараптан ____________________ негізінде әрекет ететін _______________________ арасында мыналарды:
Тармақша 1
1) Уәкілетті орган осы Шартты жасасуға және оның орындалуын бақылауға тікелей байланысты өкілеттіктерге ие екенін;
Тармақша 2
2) Тараптар Шарт оның талаптарын іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтінін уағдаласқанын назарға ала отырып жасалды және төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Осы Шарттың мәні сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауды жүргізу құқығын беру болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
Тармақ 2
2. Сертификаттау орталығы:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізуге;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне деректерді енгізе отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификатын беруге;
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) қызметін ішкі бақылау (мониторингтеу) тәртібін әзірлеуге және бекітуге;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) үшін біліктілікті арттыру графигін бекітуге;
Тармақша 5
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) анықталған бұзушылықтары туралы мәліметтерді бұзушылықтар анықталған кезден бастап сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне енгізуге және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын жол берілген бұзушылықтар үшін сертификатталған маманға (сарапшыға) шаралар қолдануға, оның ішінде сертификаттың қолданысын тоқтатуға;
Тармақша 7
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) қызметін мониторингтеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) осы Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 4
4. Сертификаттау орталығы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу арқылы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауға байланысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысуға;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) Шарттың орындалуы бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
Тармақша 2
2) осы Шартта белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тексерулер жүргізуге құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 6
6. Шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Шартқа сәйкес жауапты болады.
Тармақ 7
7. Шарт орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, Уәкілетті орган Сертификаттау орталығына анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, оларды жою қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жібереді. Бұзушылықтар жоюды Сертификаттау орталығы хабарлама алынған күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Тараптар осы Шартты мерзімінен бұрын:
Тармақша 1
1) Тараптардың келісімі бойынша;
Тармақша 2
2) Сертификаттау орталығы осы Шарттың 7-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, Уәкілетті органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен;
Тармақша 3
3) еңсерілмейтін күш мән-жайлары болған кезде бұзуға құқылы.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган Сертификаттау орталығын Шартты бұзудың болжамды күнінен 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар ете отырып, мынадай :
Тармақша 1
1) Сертификаттау орталығы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
Тармақша 2
2) Уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Сертификаттау орталығы Уәкілетті органды 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар ете отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Еңсерілмейтін күш
4-тарау. Еңсерілмейтін күш
Тармақ 11
11. Егер міндеттемелерді орындамау немесе орындауды кешіктіру еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
Тармақ 12
12. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі апаттар, коммуникациялардың бұзылуы және т.б.) және өзге де төтенше әрі алдын алу мүмкін емес оқиғалар жатады.
Тармақ 13
13. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, зардап шеккен Тарап олардың туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа оқиғаның басталу күні мен мән-жайларын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 14
14. Мұндай мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және салдарларды барынша азайту үшін барлық шараларды қолданады.
Тарау 5. 5-тарау. Құпиялылық
5-тарау. Құпиялылық
Тармақ 15
15. Тараптар осы Шартты оның қолданыс мерзімі ішінде іске асыру бойынша жұмысқа қатыстыарлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде құпиялылықты сақтайды.
Тармақ 16
16. Тараптардың ешқайсысы басқа тараптардың жазбаша келісімінсіз мына жағдайларды қоспағанда:
Тармақша 1
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылған кезде;
Тармақша 2
2) ақпарат тарап келісім бойынша мұндай банк немесе қаржы ұйымы мұндай ақпараттың құпиялылықты сақтау міндеттемесін өзіне алу шартымен қаржы қаражатын алған банкке немесе өзге қаржы ұйымына ұсынылған кезде;
Тармақша 3
3) ақпарат кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа Сертификаттау орталығының кез келген банктік шоттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік банктерде ашылған шоттарына қолжетімділігі бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынылған кезде Шарттың мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп саналатын және осы Шарттың ережелерін іске асырумен байланысты, өзге де ақпаратты жария етуге құқылы емес.
Тарау 6. 6-тарау. Дауларды реттеу
6-тарау. Дауларды реттеу 17.Шартты түсіндіруге немесе қолдануға байланысты кез келген дау консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Тармақ 18
18. Реттелмеген даулар сот тәртібімен шешіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Қорытынды ережелер, Шарттың күшіне енуі және тоқтатылуы
7-тарау. Қорытынды ережелер, Шарттың күшіне енуі және тоқтатылуы
Тармақ 19
19. Осы Шарт 3 (үш) жыл мерзімге, ұзарту мүмкіндігінсіз жасалады және 20 жылғы «_» _________ дейін қолданылады.
Тармақ 20
20. _________ қ. «___» ____________ ______ жылы әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде, тең заңды күші бар екі данада жасалды, әр тарапқа 1 (бір) данадан беріледі. Осы Шарт ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді. Уәкілетті орган Сертификаттау орталығы ___________________ _________________