О дополнительных мерах по переселению жителей поселка Заречный Қолданыста
Басқа 0
Заречный кентінің тұрғындарын көшіру жөніндегі
қосымша шаралар туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 37-баптарын, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15, 44 және 104-баптарын басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің су тасқыны салдарының алдын алу және жою мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында, өңір аумағында орын алған нақты су тасқынын ескере отырып, су басатын аймақта орналасқан Петропавл қаласы Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді болғызбау мақсатында, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласының Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылсын.
Тармақ 2
2. Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды одан әрі көшіру мәселелері жөніндегі комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын және бекітілсін.
Тармақ 3
3. Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды одан әрі көшіру жөніндегі комиссияның ережесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ азаматтарды көшіру бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес азаматтардың мүлкіне бағалау жүргізуді, шарттар жасасуды және заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй-жайларға құқықтарды ресімдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ Заречный кентінің аумағы су басуға бейім аймаққа жатқызылуына байланысты, аталған аумақта жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге тыйым салсын.
Тармақ 7
7. Азаматтарды көшіру тұрғын үйлер мен жер учаскелерін тұрғын үй-жайларға ауыстыру шарттарын жасасу немесе мүлікті бағалау нәтижелеріне сәйкес ақшалай өтемақы беру арқылы ерікті негізде жүзеге асырылсын.
Тармақ 8
8. Заречный кентінің тұрғындарын көшіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 9
9. Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарға аталған аумақ тасқын суымен басуға бейім екендігі түсіндірілсін.
Қоныс аударудан бас тартқан жағдайда азаматтар одан әрі тұру туралы шешімді дербес қабылдайды және оларға тиесілі мүліктің сақталуына жауапты болады.
Тармақ 10
10. Қоныс аударудан бас тартқан Заречный кентінің тұрғындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық қызметтер көрсетуді, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 13
Петропавл қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «26» мамырдағы
№ 1170 қаулысына
1-қосымша
Петропавл қаласының Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Мелехов Сергей Владимирович
Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасы
Қалелов Данияр Ниязбекұлы
«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің құқықтық жұмыс, коммуналдық және ипотекалық тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Мәкенов Айдын Есләмұлы
«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары
Баксимов Арман Кеңесарұлы
«Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысы
Еркін Жомарт
«Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ басшысы
Ерханов
Марат Түркменұлы
«Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы
Ысқақов
Марат Жақсылықұлы
Петропавл қалалық мәслихатының депутаты
Ғұмар
Нұртаза Арманұлы
Петропавл қалалық мәслихатының депутаты
Басқа 14. Петропавл қаласының Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы
Ереже
Петропавл қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «26» мамырдағы
№ 1170 қаулысына
2-қосымша
Петропавл қаласының Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Петропавл қаласының Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесін, мақсаттарын, міндеттерін, құрамын, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия азаматтарды Заречный кентінен көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру мақсатында құрылатын Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңнамасын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Петропавл қаласы әкімдігінің қаулыларын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты жыл сайын тасқын сумен су басу аймағында орналасқан Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) азаматтарды көшіру мәселелерін қарауды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) қоныс аударуға жататын азаматтардың тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттарды тексеруді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қоныс аударудың шарттары мен нысандарын айқындауға қатысу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) қоныс аудару мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау;
Тармақша 7
7) қоныс аудару процесінде туындайтын даулы мәселелерді реттеу кезінде қарау.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкілеттіктері
3. Комиссияның өкілеттіктері
Тармақ 7
7. Жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында комиссия:
Тармақша 1
1) азаматтардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді;
Тармақша 3
3) тәуелсіз бағалау ұйымдарының есептерін қарайды;
Тармақша 4
4) ұсынылатын көшіру нысаны туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және өзге де тұлғалардан мәліметтер сұратады;
Тармақша 6
6) шарттарды ресімдеу үшін материалдарды уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 7
7) қоныс аударуға байланысты даулы жағдайларды қарайды.
Тарау 4. 4. Комиссияның өзара іс-қимылы
4. Комиссияның өзара іс-қимылы
Комиссия мүшелерінің уәкілетті органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылы:
- азаматтардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
- ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Комиссияның құрамы және жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссияның құрамы және жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия тақ санда, бірақ кемінде жеті адамнан құралады.
Тармақ 8
8. Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша жұртшылық өкілдері кіреді, атап айтқанда:
- Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары (комиссия төрағасы):
Мемлекеттік органның өкілдері:
- «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары;
- «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысы;
- «Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ басшысы;
- «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы;
- жұртшылық өкілдері (келісім бойынша).
Комиссия хатшысы әкімдік қызметкерлерінің арасынан тағайындалады және дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 9
9. Комиссия құрамы Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы:
- комиссияның ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз етеді;
- комиссия отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады;
- комиссия мүшелерін отырыстардың өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;
- отырыстарға материалдар дайындауды қамтамасыз етеді.
- комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;
- комиссияның құжаттамасын сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақ 11
11. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 12
12. Комиссия отырысы қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімдері қатысып отырған Комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшесінің ерекше пікірі хаттамаға қоса беріледі және қарауға жатады.
Тармақ 14
14. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 15
15. Комиссия шешімдері Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 16
16. Уәкілетті мемлекеттік органның атынан өкілдік ететін комиссия мүшесі болмаған жағдайда, дәлелді және өзге де себептер бойынша оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз міндетін атқарушы лауазымды адам алмастырады.
Тарау 6. 6. Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі
6. Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі
Тармақ 17
17. Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтар комиссияға қоныс аудару туралы өтініш береді.
Тармақ 18
18. Өтінішке қоса беріледі:
- өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
- Заречный кентінде мүлікті иеліктен шығаруға және жаңа тұрғын үй сатып алуға жұбайының (зайыбының) нотариалды куәландырылған келісімі (бар болса);
- тұрғын үй-жай мен жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
- жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының көшірмесі;
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;
- меншік құқығының туындау негіздемесін растайтын құжаттың көшірмесі (сатып алу-сату, жекешелендіру, мұрагерлік, қабылдау және пайдалануға беру, жария ету шарты, сот шешімі және өзге де құжаттар)
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
Тармақ 19
19. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және қоныс аудару мәселесі бойынша шешім қабылдайды.
Тарау 7. 7. Мүлікті бағалау тәртібі
7. Мүлікті бағалау тәртібі
Тармақ 20
20. Жылжымайтын мүліктің құнын анықтау үшін бағалау жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті лицензиясы бар бағалау ұйымы жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Бағалау туралы есепті Комиссия қарайды және қоныс аудару шарттарын анықтауда қолданылады.
Тарау 8. 8. Азаматтарды көшіру тәртібі
8. Азаматтарды көшіру тәртібі
Тармақ 23
23. Азаматтарды көшіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Қоныс аудару келесі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлікті айырбастау шартын жасасу;
Тармақша 2
2) ақшалай өтемақы төлей отырып, жылжымайтын мүлікті сатып алу.
Тармақ 25
25. Комиссияның шешімі негізінде уәкілетті орган тиісті шартты ресімдейді. Мүлікке арналған құжаттардың түпнұсқалары шартты ресімдеу үшін уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 26
26. Мүлікті беру және тұрғын үй-жай беру не өтемақы төлеу жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Шартқа қол қойылғаннан кейін тараптар берілген мүлікті пайдалану құқығынан айырылады.
Тармақ 28
28. Меншік құқығының ауысуы белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
Тарау 9. 9. Тұрғын үй беру тәртібі
9. Тұрғын үй беру тәртібі
Тармақ 29
29. Азаматтарға «Заречный кентінің тұрғындарын көшіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан жайлы тұрғын үй беріледі.
Тармақ 30
30. Тұрғын үй берілген кезде азаматтар Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй кезегінен шығарылуға жатады.
Тармақ 31
31. Азаматтар өтінішті қарау кезінде жалғыз болып табылатын жалға берілетін-коммуналдық тұрғын үйде тұрған жағдайда, тұрғын үй «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жалдау шарты негізінде беріледі.
Тармақ 32
32. Тұрғын үй беру кезінде мыналар ескеріледі:
- иеліктен шығарылатын тұрғын үй-жайдың жалпы ауданы;
- бағалау нәтижелері бойынша иеліктен шығарылатын мүліктің құны.
Тармақ 33
33. Тұрғын үй-жай иеліктен шығарылатын жылжымайтын мүліктің жалпы алаңына сәйкес қосымша алаңдар (шаршы метр) берілместен ұсынылады.
Тармақ 34
34. Бір шаршы метрдің құны 380 000 (үш жүз сексен мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 35
35. Заречный кентінің аумағында меншігінде жылжымайтын мүлкі бар шетел азаматтарына мүлікті бағалау туралы есепке сәйкес ақшалай өтемақы төленеді.
Тармақ 36
36. Шарттар жасасу бойынша Заречный кентінің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікке және жер учаскелеріне меншік құқығы тоқтатылады. Көрсетілген мүлік тапсыру актісі бойынша Петропавл қаласы әкімдігінің уәкілетті органына берілуге тиіс.
Тармақ 37
37. Мүлікті берген сәттен бастап оны пайдалануға жол берілмейді. Мүлікті пайдалануға жол берген адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тарау 10. 10. Шешімдерге шағымдану
10. Шешімдерге шағымдану
Тармақ 38
38. Комиссияның шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Тарау 11. 11. Қорытынды ережелер
11. Қорытынды ережелер
Тармақ 39
39. Азаматтардың құжаттары комиссия материалдары ретінде қалыптастырылады және белгіленген тәртіппен сақталуы тиіс.
Тармақ 40
40. Комиссияның қызметі Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде тоқтатылады.
Тармақ 41
41. Осы ереже бекітілген күннен бастап күшіне енеді.