Об установлении публичного сервитута Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Аралтоғай ауылдық округі, Қияқты және Ұлғайсын ауылдарына күзет аймағымен бірге жеткізуші газ құбырын (газ құбыры, шкафты газ реттеу пункті (ГРПШ) орналастыру және пайдалану үшін жалпы көлемі 3,0966 га жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлемі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресмі жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) Осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасттыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.