Об утверждении Правил проведения предпрокатной экспертизы фильмов Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі министрлігі Келісілді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 1 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығымен бекітілген Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 5-1-тармағына сәйкес әзірленді және фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) құқық иеленуші – авторлық құқыққа қатысты автор (оның мұрагерлері), сабақтас құқықтарға қатысты орындаушы (оның мұрагерлері), фонограммаларды жасаушы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымы, сондай-ақ шарт бойынша немесе «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Авторлық құқық туралы Заң) көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған өзге де жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) фильмге прокаттау куәлігі (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) – фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
Тармақша 4
4) фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасы – прокаттау куәлігін алу үшін келіп түскен, оның прокатталынатын нұсқасымен бірдей фильм нұсқасы.
Тарау 2. 2-тарау. Прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу тәртібі
2-тарау. Прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Прокаттауға дейінгі сараптама фильм мазмұнында Заңның 7-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген белгілердің бар-жоғын анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау үшін жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Прокаттауға дейінгі сараптама жүргізу үшін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы уәкілетті органның жолдаған фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын ұсыну қажеттілігі туралы сұратуын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеке немесе заңды тұлға кинопрокаттауға арналған фильмнің нұсқасын уәкілетті органға интернет-ресурстағы фильмге сілтеме арқылы/материалдық жеткізгіште ұсынады немесе жабық көрсетілім ұйымдастырады. Уәкілетті орган фильмнің кинопрокатқа арналған нұсқасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны прокаттауға дейінгі сараптама жүргізу үшін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізетін Сараптама комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жолдайды. Комиссия – уәкілетті орган айқындайтын ұйым жанынан құрылатын, фильмнің кинопрокатқа арналған нұсқасына прокаттауға дейінгі сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік органдар өкілдерінің, сарапшылар мен мамандардың қатарынан құрылған консультативтік-кеңесші орган. Заңның 7-бабы 5-1-тармағына сәйкес Комиссияның жұмысын ұйымдастыру тәртібін және оның құрамын уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Прокаттауға дейінгі сараптама мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) фильмді көру;
Тармақша 2
2) фильмнің мазмұнын талдау;
Тармақша 3
3) Комиссия отырысында фильмді талқылау;
Тармақша 4
4) Комиссия шешімін қабылдау үшін Комиссия мүшелерінің дауыс беруі;
Тармақша 5
5) сараптамалық қорытындыдан тұратын хаттама дайындау.
Тармақ 6
6. Прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу кезінде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) фильмнің жалпы мағынасы мен көркемдік ниеті;
Тармақша 2
2) жеке көріністердің сипаты мен қызметі;
Тармақша 3
3) заңсыз мазмұнның болуы немесе болмауы;
Тармақша 4
4) болжамды аудиторияның жасы.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссияның шешімі
3-тарау. Комиссияның шешімі
Тармақ 7
7. Прокаттауға дейінгі сараптама фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасы Комиссияның қарауына келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Комиссияның шешімі Комиссия отырысына қатысып отырған мүшелер санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады және Комиссия төрағасы мен хатшысының қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия қабылдаған шешіммен келіспеген Комиссия мүшесі ерекше пікірді жазбаша түрде фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде баяндауға құқылы.
Тармақ 8
8. Хаттама фильм туралы мәліметтер (фильмнің атауы, өндіруші ел, өндіруші студия, шығарылған жылы, фильмнің хронометражы, сценарий авторы (лар), қоюшы режиссер (лар), қоюшы оператор(лар), қоюшы суретші (лер), музыкалық шығарманың авторы, продюсер (лер), фильмнің жанры, фильм тілі), заңсыз контенттің болуы не болмауы және фильмге тиісті жас санатын беру туралы, прокаттау куәлігін беру не беруден бас тарту туралы ұсынымдардан құралуы тиіс.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оны уәкілетті орган прокаттау куәлігін беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде пайдаланады. Комиссия хатшысы электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органға хаттама жолдайды.
Тармақ 10
10. Заңның 7-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес егер фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталғандығы анықталған жағдайда прокаттау куәлігін беруден бас тартуға негіз болып табылады.
Тарау 5. 5-тарау. Құпиялылық және ақпаратты қорғау
5-тарау. Құпиялылық және ақпаратты қорғау
Тармақ 11
11. Комиссия мүшелері фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасының, фильм туралы мәліметтердің, сценарий материалдарының, сараптамалық қорытындылардың және прокатқа дейінгі сараптама жүргізу барысында ұсынылған және алынған құжаттардың да құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Авторлық құқық туралы Заңның 16-бабы 2-тармағына сәйкес прокатқа дейінгі сараптама жүргізу үшін ұсынылған фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын, фильм туралы мәліметтерді және сценарий материалдарын құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз қайта шығаруға, үшінші тұлғаға беруге немесе өзгедей пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ Авторлық құқық туралы Заңның 48-бабы 1-тармағына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 13
13. Прокатқа дейінгі сараптама жүргізуге қатысты құжаттар мен материалдар, оның ішінде материалдық жеткізгіштегі фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқалары мен Комиссия шешімінің хаттамалары жанынан Комиссия құрылатын ұйымда кемінде 3 (үш) жыл сақталады.