«Об отмене постановления «Об установлении публичного сервитута с акционерным обществом СНПС-Ақтөбемұнайгаз для целей бурения разведочных и контрольных скважин» Қолданыста
Басқа 0
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамымен барлау және бақылау ұңғымаларын бұрғылау мақсатында қоғамдық сервитут белгілеу үшін» қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 81-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының 2026 жылғы 8 мамырдағы № ҰЗ-99 санды қатынас хаты негізінде Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 87 «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамымен барлау және бақылау ұңғымаларын бұрғылау мақсатында қоғамдық сервитут белгілеу үшін» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.