Об утверждении Правил выявления и оказания помощи несовершеннолетним, подвергшимся насилию, жестокому обращению, травле (буллингу), а также ставшим свидетелями насилия Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі __________Е. Саденов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі __________А. Балаева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі __________А. Ертаев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі __________А. Альназарова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы __________М. Мелдебекова
Басқа 8. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 386, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 1 маусымдағы № 261-НҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 28 мамырдағы № 212, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 62 мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 25 мамырдағы № 136-НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:
Тармақша 1
1) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандар – оқу пәндері бойынша үлгермейтін, қадағалаусыз, панасыз қалған, қаңғыбастықпен, қайыр сұраумен айналысатын, білім беру ұйымдарының жарғысын және (немесе) ішкі тәртіп қағидаларын өрескел немесе бірнеше рет бұзатын, бір ай ішінде төрт күн немесе одан да көп уақыт бойы дәлелді себепсіз сабақтарды жүйелі түрде өткізіп жіберетін, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкогольдік, энергетикалық сусындарды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды, электрондық тұтыну жүйелерін, темекі бұйымдарын тұтынатын, ойынқұмарлықтан зардап шегетін (лудомания), жүкті, зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас жасаған, жәбірлеген (буллинг) кәмелетке толмағандар, қоғамға жат мінез-құлық жасаған арнайы білім беру ұйымдарының түлектері.
Тармақша 2
2) кейс-менеджер – өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке оңалту жоспары негізінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруді және зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағанды сүйемелдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкері;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері – құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдары мен азаматтары.
Тарау 2. 2-тарау. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау тәртібі
2-тарау. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау тәртібі
Тармақ 3
3. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдармен;
Тармақша 2
2) ішкі істер органдарымен;
Тармақша 3
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармасы органдарымен;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымдарымен;
Тармақша 5
5) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдармен (бұдан әрі – қорғаншылық органдары);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдарымен;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялармен (бұдан әрі – КІҚҚК);
Тармақша 8
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілімен (бұдан әрі – БҚЖӨУ);
Тармақша 9
9) психологиялық қолдау орталықтарымен;
Тармақша 10
10) отбасын қолдау орталықтарымен;
Тармақша 11
11) мобильді топтармен;
Тармақша 12
12) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» байланыс орталығымен (бұдан әрі – «111» байланыс орталығы);
Тармақша 13
13) денсаулық сақтау ұйымдарымен;
Тармақша 14
14) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдармен;
Тармақша 15
15) прокуратура органдарымен;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құқық бұзушылық профилактикасының өзге де субъектілерімен.
Тармақ 4
4. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өздерінің функционалдық міндеттерін орындауы кезінде;
Тармақша 2
2) жеке тұлғаларды және (немесе) заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кезінде;
Тармақша 3
3) өтініштерді қарау кезінде;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған баладан, баланың ата-анасынан немесе басқа да заңды өкілдерінен, БҚЖӨУ-ден, «111» байланыс орталығынан ақпарат алу кезінде;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен хабарламалардың мониторингі кезінде.
Тармақ 5
5. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау кезінде келесі кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылады:
Тармақша 1
1) баса назар аударуды талап ететін;
Тармақша 2
2) орта білім беру ұйымдары немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтері мен (немесе) әлеуметтік педагогтері тәуекел тобына алған;
Тармақша 3
3) отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарының сүйемелдеуіне алынған;
Тармақша 4
4) КІҚҚК отырыстарында қаралған;
Тармақша 5
5) баланың құқықтарының бұзылуына байланысты олардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда бұрын болған;
Тармақша 6
6) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтары тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтаған;
Тармақша 7
7) ата-аналары, заңды өкілдері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін.
Тармақ 6
6. Балаға қатысты қатыгездіктің болу белгілерін бағалау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі №123, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33002 болып тіркелді) бекітілген әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Балаға жасалған зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың, баланың жәбірленуінің (буллинг), сондай-ақ зорлық-зомбылық куәгері болғанының ықтимал белгілеріне дене жарақаттары (көгеру, сызаттар, жаралар), мінез-құлықтың күрт өзгеруі, мазасыздық, депрессия, әлеуметтік оқшаулану белгілері, себепсіз жүйелі түрде сабақтан қалу жатады.
Тармақ 8
8. Кәмелетке толмаған адамның зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшырауы, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәгері болуы анықталған кезде және (немесе) ол туралы ақпарат түскен жағдайда осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдар ақпаратты дереу ішкі істер органдарына, Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органға, ал ол болмаған жағдайда қамқоршылық және қорғаншылық органдарына, БҚЖӨУ жолдайды.
Тармақ 9
9. Балаға қатысты жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31180 болып тіркелді) (бұдан әрі - №506 Бұйрық) бекітілген Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларына сәйкес беріледі.
Тармақ 10
10. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа ұшырағанын және (немесе) зорлық-зомбылықтың куәгері болғанын анықтаған және (немесе) ол туралы ақпарат алған жағдайда, бұл фактілер туралы білім беру ұйымының басшысына дереу хабарлайды.
Тармақ 11
11. Білім беру ұйымының басшысы кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа ұшырағаны, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәгері болғаны туралы ақпарат алған кезде:
Тармақша 1
1) баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, бұл туралы баланың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне дереу хабарлайды;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағанда медициналық көмек көрсету қажеттігін айғақтайтын белгілер анықталған жағдайда, жедел медициналық жәрдемді дереу шақырады;
Тармақша 3
3) анықталған және (немесе) ақпарат алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау үшін КІҚҚК жолдайды.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдары, ал ол болмаған жағдайда қорғаншылық органдары:
Тармақша 1
1) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпаратты алған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде оны Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға жолдайды;
Тармақша 2
2) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпарат алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағанды алып жүруге жауапты кейс-менеджерді тағайындайды;
Тармақша 3
3) мобильдік топпен, БҚЖӨУ, психологиялық қолдау орталығымен бірлесіп, дереу оқиға орнына барады, кәмелетке толмағанның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жүргізеді;
Тармақша 4
4) баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шаралар қолданады;
Тармақша 5
5) ата-ана қамқорлығы болмаған жағдайларда баланы баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға орналастыру жөнінде дереу шаралар қабылдайды;
Тармақша 6
6) анықталған және (немесе) ақпарат алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау үшін оны КІҚҚК береді;
Тармақша 7
7) анықталған және (немесе) ақпарат алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны балаларға психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық қолдау орталығына және олардың қажеттіліктеріне қарай баланың отбасына көмек көрсету және жан-жақты қолдау көрсету үшін отбасын қолдау орталығына береді.
Тармақ 13
13. БҚЖӨУ зорлық – зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпаратты алған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде оны Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілге (бұдан әрі – БҚЖУ) береді.
Тармақ 14
14. «111» байланыс орталығы зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпарат алған кезде:
Тармақша 1
1) келіп түскен мәселелер бойынша шешудің неғұрлым тиімді жолын айқындау үшін өтініштер бойынша ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қолда бар байланыс арналары арқылы дереу орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, БҚЖУ, БҚЖӨУ келіп түскен ақпаратты береді;
Тармақша 3
3) жауапты мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттерін үйлестіруді және қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Ішкі істер органдары келіп түскен ақпаратты қарайды және әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғына тексеру жүргізеді.
Тармақ 16
16. Зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған түскен кезде денсаулық сақтау ұйымдары:
Тармақша 1
1) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелді) сәйкес ақпаратты дереу тіркейді;
Тармақша 2
2) баланы визуалды тексеріп, көрсеткіштер бойынша медициналық көмек көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету тәртібі
Тармақ 17
17. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету жөніндегі қызметті үйлестіруді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдары, ал олар болмаған жағдайда қорғаншылық органдары (бұдан әрі – органдар) жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдардан мәліметтер келіп түсуі, кәмелетке толмаған баланың және (немесе) ата-анасының немесе баланың басқа да заңды өкілінің өтініші зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетудің негізі болып табылады.
Тармақ 19
19. Жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанға көмек №506 бұйрыққа сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмағандар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жан-жақты көмек көрсету үшін зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинетіне дереу жеткізіледі.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдары, ол болмаған жағдайда қорғаншылық органы зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың жағдайын бастапқы бағалауды жүргізеді.
Тармақ 22
22. Баланың жағдайын бастапқы бағалау негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) әзірленеді.
Тармақ 23
23. ОЖЖ келесі көмек түрлерін қамтиды:
Тармақша 1
1) медициналық көмек;
Тармақша 2
2) психологиялық көмек;
Тармақша 3
3) педагогикалық көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) құқықтық көмек.
Тармақ 24
24. Медициналық көмек медициналық көрсеткіштерге сәйкес, тіркелген жерінде диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамаларына сай көрсетіледі. 25. Психологиялық көмек Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36047 болып тіркелді) бекітілген Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қағидаларына сәйкес көрсетіледі және оны психологиялық қолдау орталығы үйлестіреді.
Тармақ 26
26. Педагогикалық көмек:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруді;
Тармақша 2
2) балаларға білім беру және оларды тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды, олардың әлеуметтенуіне, әлеуметтік ортада бейімделуіне және ықпалдасуына жәрдемдесуді;
Тармақша 3
3) білім алуға жәрдемдесуді;
Тармақша 4
4) түзету-педагогикалық сүйемелдеуді көздейді.
Тармақ 27
27. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар, алименттер және тиісті төлемдер алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуді көздейді.
Тармақ 28
28. Құқықтық көмек:
Тармақша 1
1) заңгерлік кеңес беруді;
Тармақша 2
2) зорлық-зомбылық, қатыгездік, сот ісін жүргізу және орындау фактілерін тексеру шеңберінде құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтастықта жәрдемдесуді;
Тармақша 3
3) заңды маңызы бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету және жәрдемдесуді;
Тармақша 4
4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе оларға қысым жасайтын ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне өтініштерді дайындауға және беруге көмек көрсетуді;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды және әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуді;
Тармақша 6
6) балалардың мүдделерін білдіруге сенімхаттарды ресімдеуді;
Тармақша 7
7) сот-тергеу органдары мен мекемелерінде балалардың мүдделерін білдіруді көздейді.
Тармақ 29
29. КІҚҚК зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпарат алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. БҚЖӨУ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 149 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34535 болып тіркелді) бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі қызметiнiң қағидаларына сәйкес балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 31
31. Отбасын қолдау орталықтары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34499 болып тіркелді) бекітілген Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес адамдарға (отбасыларға) көмек және жан-жақты қолдау көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91 және 92-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдардың өз функцияларын орындауы кезеңінде белгілі болған кәмелетке толмағандардың дербес деректері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарияланбайды.
Тармақ 34
34. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес баланың және оның отбасының жеке деректері (сәйкестендіру деректері, фотосуреттері, мекен жайлары, білім беру ұйымдарының атауы) қамтылған материалдардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Басқа 1. Баланың жағдайын бастапқы бағалау нысаны
Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан Баланың жағдайын бастапқы бағалау нысаны Баланың деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы және жасы): Бағалауды жүргізген қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы: Баланың жағдайын бастапқы бағалау: 1. Баланың үйдегі және отбасындағы жағдайын бағалау (ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері өз міндеттерін орындай ма, бала отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырай ма және басқа да мән-жайлар): 2. Баланың туыстарымен және достарымен қарым-қатынасын бағалау (бала жақын туыстарын біле ме, отбасы мүшелерінің біріне бауыр басуы бар ма, достары бар ма және басқа да мән-жайлар): 3. Баланың әлеуметтік, құқықтық, медициналық, психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін бағалау: Әлеуметтік (тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, жәрдемақылар алу және басқа да мәселелер): Құқықтық (құжаттарының болуы, құқықтық мәртебесі және басқа да мәселелер): Медициналық (денсаулық жағдайы, ерекше күтім қажеттілігі, қатыгездікпен қарау және зорлық-зомбылық белгілері, темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін қолдану және басқа да мәселелер): Психологиялық (баланың/отбасының мінез-құлық және тұлғалық ерекшеліктері): Білім беру (оқу орны, үлгерімі, қосымша біліммен қамтылуы, білім беру қызметтеріне қажеттілігі): 4. Баланың психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін бағалау: Қауіпсіздік (баланың қауіпсіз мінез-құлық дағдылары қаншалықты дамыған? Бала тәуекелді мінез-құлық көрсетеді ме? Бала бөгде адамдармен байланысқа шыға ма? Әлеуметтік желілерде өзіне қатысты жеке ақпарат бөліседі ме?) Әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі күту дағдылары (бала гигиеналық процедураларды қалай орындайды (өздігімен, көмек қажет пе, бақылауды қажет етеді ме, ересектің ескертуін қажет етеді ме? Бала тұрмысқа қаншалықты бейімделген: не істей алады, не істеуді ұнатады?: Отбасылық және әлеуметтік байланыстар (бала айналасындағы адамдармен қалай байланыс орнатады? Қандай жастағы балалармен қарым-қатынас жасағанды ұнатады? Бала жақын ересекпен және балалармен достық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты қалай құрады? Қақтығыс жағдайында қалай әрекет етеді? Бала туыстарымен қарым-қатынасын сақтай ма, қандай тәсілдер қолданады?): Эмоциялық және мінез-құлық дамуы (баланың көңіл-күйі көбінесе қандай? Көңіл-күйдің өзгеруіне қандай оқиғалар себеп болуы мүмкін? Көңіл-күйдің өзгеруі баланың мінез-құлқына қалай әсер етеді? Баланың оң және теріс мінез-құлық ерекшеліктері қандай, олар мінез-құлықта қалай көрінеді?): Білім беру және оқыту (бала қай мектепте, қандай бағдарлама бойынша оқиды? Оқу процесіне қалай қарайды, үлгерімі қандай? Үй тапсырмасын қалай орындайды? Қандай пәндерге қызығушылығы бар, қай пәндерді үйренуде қиындықтар туындайды? Пәнді үйренуде қандай кедергілер бар? Бала бос уақытында немен айналысады, қызығушылықтары қандай? Қандай қабілеттері, жетістіктері мен табыстары бар?): 5. Баланың психологиялық қажеттіліктерін бағалау: Психологиялық әл-ауқат (басым көңіл-күй, қауіпсіздік сезімі) Өткен психологиялық жарақаттардың салдары (бала қандай жарақаттарды бастан кешірген (байланыс жарақаты, қатыгездікке ұшырау жарақаты, жоғалтудан туындаған жарақат және басқа; олар қалай көрінеді (депрессиялық күй, агрессивті реакциялар, нашар үлгерім және басқа): Өзін-өзі бағалау, тұлғаның ерекшеліктері (баланың өзіне қатысты көзқарастары қандай? Өзіне қалай қарайды? Темпераменті қандай және қалай көрінеді? Мінез-құлқы қандай және қалай көрінеді?) Туыстармен және жақындарымен қарым-қатынасы (баланың туыстық байланыстар туралы түсінігі. Бала анасына, әкесіне, бауырларына, атасы мен әжесіне және басқаларға қалай қарайды (естеліктері, уайымдары)? Туыстарымен қарым-қатынасты сақтай ма (қаншалықты жиі, қалай: бетпе-бет, әлеуметтік желі арқылы және т.б., бастамашылық жасай ма/қарсы бола ма)? Туыстарымен қарым-қатынастан бұрын және кейін өзін қалай сезінеді? Баланың отбасына оралу туралы ойлары қандай, ол қандай сезімдер тудырады? Бала балама отбасыға орналасуды (туыстық қамқоршылық, қабылдаушы отбасы, патронат) қарастыра ма?) 6. Қызметкерлердің жалпы бағалауы мен қорытындылары: 7. Қызметкерлердің қолы: Күні: Бекітілді: Күні:
Басқа 2. Баланың жеке оңалту жоспары
Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан Баланың жеке оңалту жоспары Кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні _____________________________________________________________________ Байланыс ақпараты ____________________________________________ Тұратын мекен жайы ___________________________________________ Баланың жағдайын бастапқы бағалау ______ бастап ______дейін жүргізілді Баланы оңалтудың жеке жоспары _____бастап _____кезеңге дейін әзірленді Баланың жағдайын бастапқы бағалауға сәйкес тағайындалған іс-шаралар (түрлері мен көлемін көрсету): № Атауы Тағайындалған күні Аяқталған күні Іс шараны іске асыруға жауапты ұйым Іс шараларды орындау нәтижелері Медициналық көмек Іс-шаралар Психологиялық көмек Іс-шаралар Педагогикалық көмек Іс-шаралар Әлеуметтік көмек Іс-шаралар Құқықтық көмек Іс-шаралар Ескертпелер, толықтырулар: ____________________________________ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган, ал ол болмаған жағдайда. қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы _____________________________________________________________ Ата-ананың немесе баланың басқа заңды өкілінің жеке оңалту жоспармен келісуі: Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________________ Қолы _______________________________________________ Күні ________________________________________________ Егер келісім алу мүмкін болмаса, себебін көрсетіңіз ____________________________________________________________