Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунального государственного предприятия Қолданыста
Басқа 0
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы, 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабы 2 тармағына сәйкес, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ақсуат мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі таза табыс кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ақсуат ауылдық округі әкімінің «Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 09 қыркүйек 2025 жылғы №1227 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.