Об утверждении Правил поощрения, видов, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Кызылординской области Қолданыста
Басқа 0
Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы «2» маусымдағы № 103
қаулысына қосымша
Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 1
1. Алғыс жариялау.
Тармақ 2
2. Грамотамен наградтау.
Тармақ 3
3. Ақшалай сыйақы төлеу.
Ақшалай сыйақы айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төленеді.
Тармақ 4
4. Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу.
Тармақ 5
5. Ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдарды жолдау.
Тармақ 6
6. Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныстар енгізу.
Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.