О порядке финансирования капитальных вложений на безвозвратной основе Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қайтарымсыз негіздегі күрделі қосылымдарды қаржыландырудың тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 06.01.2001 № 298 бұйрығымен. Извлечение из приказа Министерства финансов Республики Казахстан от 6 июня 2001г. N 298 О признании утратившим силу приказа Министерства финансов Республики Казахстан В связи с принятием постановления Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2000 года N 1675 "Об утверждении Правил финансирования республиканских и местных бюджетных программ, выполняемых в рамках государственного заказа", приказываю:
Тармақ 1
1. Признать утратившим силу приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 9 марта 1998 года N 104 "О порядке финансирования капитальных вложений на безвозвратной основе". Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын күрделі қосылымдардың, жобалау-іздестіру жұмыстарының және мемлекеттік геологиялық зерделеу мен жер қойнауын қорғау жөніндегі шығыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен күрделі қосылымдарды қаржыландырудың ұсынылып отырған Уақытша тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2. Қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен күрделі қосылымдарды қаржыландырудың Уақытша Тәртібі
2. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен өзге орталық және жергілікті өкілетті және атқару органдары және басқа да ұйымдар, қазынашылықтың аймақтық органдары құрылыстар мен объектілердің қаржыландырылуын жүзеге асырған кезде осы Уақытша тәртіпті басшылыққа алсын. Қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен күрделі қосылымдарды қаржыландырудың Уақытша Тәртібі
Тармақ 1
1. Осы тәртіп қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен күрделі қосылымдарды қаржыландырудың (әрі қарай - өтемсіз бюджеттік қаржыландыру) тетігін белгілейді.
Тармақ 2
2. Күрделі қосылымдарды қаржыландырудың лимиттерін ашуды республикалық бюджет бойынша - қолданылып жүрген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті, жергілікті бюджет бойынша - тиісті қаржылық орган жүргізеді. Бұл орайда бөлу құжаттары (NN 1,2,2,-а1-МБЗ, 1-МБР нысандары) объектілердің тізілімімен бірге беріледі.
Тармақ 3
3. Өтемсіз бюджеттік қаржыландырудың қаражатын лимиттердің бас басқарушылары (әрі қарай - тапсырысшы) республикалық бюджет бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті бюджет бойынша - жергілікті атқару органдарының шешімдері негізінде тиісті бюджеттерден бөледі.
Тармақ 4
4. Күрделі қосылымды өтемсіз бюджеттік қаржыландыру тиісті бюджеттерге қаражаттардың түсуіне қарай функционалдық топтарға, мекемелерге, бағдарламаларға, ішкі бағдарламаларға және экономикалық сыныптаманың ерекшеліктеріне жіктеліп айларға бөлінген қаржылық жылға арналған бекітілген тізімнің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Өтемсіз бюджеттік қаржыландыру есебінен күрделі қосылымдар бойынша шығыстарды жүзеге асыру үшін тапсырысшылар аймақтық қазынашылық органдарына мыналарды тапсырады: - әрбір объект бойынша оларға белгіленген қаржыландыру көлемдеріне сәйкес (7-нысан) ағымдағы жылға арналған күрделі құрылыстың жоспарын; - жаңадан басталатын құрылыстардың атаулы тізімін; - ауыспалы құрылыстардың ішкі құрылыстық атаулы тізімін; - жобалауға, салуға немесе құрылыстар үшін жабдықтар беруге арналған шарттардың (келісім-шарттардың) көшірмелері (оларға қосымша келісімдер); - құрылыс құнының жиынтық сметалық есебінің көшірмесі.
Тармақ 6
6. Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жобалау-іздестіру жұмыстарына ақы төлеу жөніндегі шығыстарды жүзеге асыру үшін ("Жобалау" 30 бағдарламасы, "Үлгілік жобалауға арналған күрделі трансферттер" 463 экономикалық сыныптау ерекшелігі) аймақтық қазынашылық органдарына жалпы республикалық маңызы бар жобалау-іздестіру жұмыстарының тізбесі негізінде жасалған, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Энергетика, өнеркәсіп және сауда министрлігі бекіткен тізбенің негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімдерінің негізінде жасалған шарттар (келісім-шарттар) тапсырылады.
Тармақ 7
7. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен күрделі қосылымдарға ақы төлеу жөніндегі шығыстарды жүзеге асыру үшін аймақтық қазынашылық органдарына тиісті қаржылық органмен келісілген шарттар (келісім-шарттар) тапсырылады.
Тармақ 8
8. Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекеттік геологиялықзерделеу мен жер қойнауын қорғау жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығыстарды жүзеге асыру үшін ("Мемлекеттік геологиялық-зерделеу мен жер қойнауын қорғау" 27 бағдарлама, "материалдық емес активтерді сатып алу" 452 экономикалық сыныптама ерекшелігі) аймақтық қазынашылық органдарына, қаражаттардың лимиті (N 7-ГР және N 5-ГР нысандары бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 7.05.96 ж. N 571 қаулысына сәйкес жұмыстардың бағыттары бойынша бөлінген, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті бекіткен, объектілер бойынша жоспарлар тапсырылады.
Тармақ 9
9. Құрылысты салу кезеңіне жасалған шарт (келісім-шарт) тапсырысшы мен мердігер ұйымдар арасында есеп айырысу үшін негізгі құжат болып саналады. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын объектілерді салу жөніндегі шығындардың қымбаттауы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы шешімімен, жергілікті бюджеттен - жергілікті атқару органының шешімі бойынша жобаларды Мемлекеттік ведомостводан тыс сараптаудың қорытындысы негізінде шешіледі. Бұл жағдайда аймақтық қазынашылық органдарына тапсырысшы 5-тармақта аталған тізбе бойынша атаулы құжаттар тапсырады.
Тармақ 10
10. Әрбір объект бойынша күрделі қосылымдар жөнінде қаржыландырудың және төлемдердің жүзеге асырылуын бақылау үшін аймақтық қазынашылық органдарында бөлінген қаржыландыру лимиттерін және солардың есебінен жүргізілген күрделі қосылымдардың шығыстарын есептеу үшін жеке шот жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Шығыс операцияларын жүзеге асыру аймақтық қазынашылық органдары арқылы төлем қағазының және шарттың (келісім-шарттың) ережелеріне сәйкес бұрын берілген аванстардың ұсталуын ескере отырып, тапсырысшы мен мердігер қол қойған, орындалған жұмыс актілерінің негізінде жүргізіледі. Мердігерлік ұйымға құрылыс материалдарын дайындау үшін аванс беруге, егер мұндай аванс шартта (келісім-шартта) көзделген болса, жылдық көлемнің (кейін оны орындалған жұмыстардың ақысына қоса отырып) 20 процентінен аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі. Аванс мөлшерінің ұлғайтылуы республикалық бюджет бойынша - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, жергілікті бюджет бойынша - тиісті қаржылық органмен келісіледі. Жыл басына дейін жинақталған ауыспалы объектілер бойынша орындалған жұмыстар үшін несиелік берешек ағымдағы жылдағы күрделі қосылымдарды қаржыландырудың тапсырысшыға ашылған лимиттері есебінен төленеді.
Тармақ 12
12. Мердігерлік ұйымның жазбаша өтініші бойынша тапсырысшы орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары және қосалқы мердігерлік ұйым орындаған жұмыстар мен шығыстар үшін оған саналатын сомадан ақы төлеуге құқылы.
Тармақ 13
13. Шетелдік мердігерлік ұйымдармен есеп айырысу үшін шығыс операциялары жалпы белгіленген тәртіппен теңгені шетелдік валютаға алмастыру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Айрықша жағдайларда есеп айырысу операцияларын жүзеге асыру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес таңдап алынатын агент-банктер арқылы жүргізіледі. Мұндай жағдайда агент-банк, лимиттердің бас басқарушысы мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі арасында агенттік келісім жасалынады.
Тармақ 15
15. Орындалған жұмыстар үшін мердігермен есеп айырысу тапсырысшының агент-банкте ашылған арнаулы шоты арқылы жүзеге асырылады. Бұл орайда ақшаны тапсырысшының бюджеттік шотынан оның арнаулы шотына аударуға рұқсат етіледі. Ақшалардың мақсатты пайдаланылуы үшін агент-банк жауап береді, бұл агенттік келісімде айтылуға тиісті. Қаржылық жылдың аяғында арнаулы шоттағы қаражаттың қалдығы тапсырысшының бюджеттік шотына міндетті түрде қайтаруға жатады.
Тармақ 16
16. Құрылыс, жалпы объект бойынша жұмыстардың ақысын төлеу келісімді бағаның 95 проценті шамасында жүргізіледі. Тапсырысшы мен мердігердің арасында орындалған жұмыстар үшін біржола есеп айырысу құрылыс аяқталып, аймақтық қазынашылық органдарына мемлекеттік немесе жұмыс комиссиясының оның пайдалануға берілгені туралы акті іс тапсырылған соң жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Күрделі қосылымдар жөнінде бөлінген лимиттердің мақсатты пайдаланылуына бақылауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің органдары жүзеге асырады. Бөлінген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылған фактілері ашылған жағдайда кінәлілер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Басқа 21. Күрделі құрылыс объектілерін қаржыландырудың ТІЗІЛІМІ
Қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттің есебінен күрделі қосылымдарды қаржыландырудың тәртібіне N 1 - қосымша Күрделі құрылыс объектілерін қаржыландырудың ТІЗІЛІМІ Рұқсат үшін N _______________ Уақыты _______________ Бюджеттік сыныптаманың коды: ____________________ _________________________________________________________________________ | Объектінің | Жылға | Алдын ала | Ағымдағы | Жыл | Ескерту | | атауы | арналған | рұқсат | рұқсат | басындағы | | | | жоспарлы | | | рұқсат | | | | рұқсат | | | | | |____________|____________|___________|____________|___________|__________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |____________|____________|___________|____________|___________|__________| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |____________|____________|___________|____________|___________|__________| | Барлығы | | | | | | |____________|____________|___________|____________|___________|__________| Тізілім (парақтардың саны цифрлармен және жазбаша көрсетілсін) парақта жазылды, 5 бағананың жалпы сомасы (сома цифрлармен және жазбаша көрсетілсін) Арнаулы нұсқаулар: ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Жауапты атқарушы __________________________ (қолы) Қазынашылық органдарының (жергілікті бюджеттер бойынша - қаржы органдардың) бюджетін (республикалық, жергілікті) қаржыландыру басқармасының (бөлімінің) бастығы _____________________ (қолы)