О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в районе Аққулы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққулы ауданында құқық бұзышулықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындау.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының полиция департаменті полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз ету тапсырылады: осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу; осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Аққулы ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері көтермелеудің түрлері мен тәртібі
Аққулы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «___» ___________ № _____қаулысына қосымша Аққулы ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері көтермелеудің түрлері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері :
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) мақтау қағазымен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы төлеу;
Тармақша 4
4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
Тармақша 5
5) ұйымда, кәсіпорында көтермелеу туралы ұсыныстарды жолдау;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылықтарды алдын алуға елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік марапттама және құрметті атақпен марапаттау туралы ұсынысты еңгізу
Тармақша 7
7) көтермелеудің өзге де шаралары.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылықты алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құратын комиссия қарайды.
Тармақ 3
3. Комиссия қабылдаған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Ақшалай сыйақы мөлшерін комиссия белгілейді және айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақы төлеуді Полиция департаментінің бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
Тармақ 6
6. Көтермелеулерді төлеуге қаражат Павлодар облысы Полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделеді.