Об утверждении перечня товаров, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесі
бұйрығымен бекітілген/ Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесі № Тауардың атауы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН коды) 1. Баспа машиналарының өзге де электрондық модульдері 8443991000 2. Кем дегенде деректерді өңдеу орталық блогынан, пернетақта мен дисплейден тұратын, салмағы 10 килограмм аспайтын портативті есептеуіш машиналар 8471300000 3. Бір корпуста кем дегенде деректерді өңдеудің орталық блогы және біріктірілген немесе біріктірілмеген енгізу және шығару құрылғысы бар өзге де есептеу машиналары 8471410000 4. Жүйелер түрінде жеткізілетін өзге де есептеу машиналары 8471490000 5. 8471 41 немесе 8471 49 субпозициясында сипатталғандардан басқа, бір корпуста мына құрылғылардың біреуі немесе екеуі бар немесе жоқ деректерді өңдеу блоктары: есте сақтау құрылғылары, енгізу құрылғылары, шығару құрылғылары 8471500000 6. Бір корпуста есте сақтау құрылғылары бар немесе жоқ өзге де енгізу немесе шығару құрылғылары 8471607000 7. Орталық есте сақтау құрылғылары 8471702000 8. Магнитооптикалықтарды қоса алғанда, оптикалық дискілерде есте сақтау құрылғылары 8471703000 9. Қатты магнитті дискілерде есте сақтау құрылғылары 8471705000 10. Дискідегі өзге де есте сақтау құрылғылары 8471707000 11. Магниттік таспадағы есте сақтау құрылғылары 8471708000 12. Өзге есте сақтау құрылғылары 8471709800 13. Есептеу машиналарының құрылғылары, өзгелер 8471800000 14. Есептеуіш машиналар және олардың блоктары; магниттік немесе оптикалық есептеуіш құрылғылар, деректерді кодталған нысандағы ақпарат тасығыштарға тасымалдауға арналған машиналар және осындай ақпаратты өңдеуге арналған, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген машиналар 8471900000 15. Есептеуіш машиналар мен олардың блоктарына аудиодабылдарды өңдеуге мүмкіндік беретін аппаратура (дыбыстық карталар); есептеуіш машиналар мен олардың блоктарын жаңғыртуға арналған, бөлшек саудаға арналған, кем дегенде дауыс зорайтқыштардан және/немесе микрофоннан және есептеу машинасына және оның блоктарына аудиодабылдарды өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық модульден (дыбыстық карталар) тұратын жиынтықтар 8473302002 16. 8469-8472 екі немесе одан да көп тауар позицияларына кіретін машиналарға тең дәрежеде арналған электрондық модульдер 8473502000 17. Жартылай өткізгіш құралдарды немесе электрондық интегралды схемаларды шығаруға арналған, ультрадыбыстық процестерді пайдалана отырып жұмыс істейтін станоктар 8486201000 18. Жартылай өткізгіш құралдар өндірісінде пайдаланылатын лазерден басқа, жарық немесе фотонды сәулелену процестерін пайдалана отырып жұмыс істейтін өзге де машиналар мен аппаратура 8486209001 19. Жартылай өткізгіш материалдардағы суретті құрғақ өңдеуге арналған, жартылай өткізгіш аспаптарды немесе электрондық интегралды схемаларды шығаруға арналған өзге де машиналар мен аппаратура 8486209002 20. Жартылай өткізгіш құралдарды немесе электрондық интегралды схемаларды шығаруға арналған фоторезисті жоюға немесе жартылай өткізгіш пластиналарды тазалауға арналған қондырғылар 8486209003 21. Жартылай өткізгіш аспаптар өндірісінде пайдаланылатын ию, жиекті ию, дұрыс (престерді қоса алғанда) машиналар 8486209004 22. Сенсибилизацияланған жартылай өткізгіш материалдарға маска суретін кескіндеуге немесе түсіруге арналған аппаратура 8486209005 23. Жартылай өткізгіш құралдарды немесе электрондық интегралды схемаларды шығаруға арналған өзге де машиналар мен аппаратура 8486209009 24. Төмен температуралы дәнекерлеуге арналған дәнекерлеуіштер мен дәнекерлеуші пистолеттер 8515110000 25. Радионавигациялық аппаратура: радионавигациялық қабылдағыштар 8526912000 26. Радионавигациялық аппаратура: өзгелері 8526918000 27. Өзге де қашықтықтан басқару радиоаппаратурасы 8526920008 28. Тек қана немесе негізінен 8471 тауар позициясының есептеу жүйелерінде пайдаланылатын өзге де мониторлар 8528521000 29. Өзге де мониторлар: түрлі-түсті 8528599009 30. Тек қана немесе негізінен 8471 тауар позициясының есептеу жүйелерінде пайдаланылатын проекторлар 8528621000 31. 8471 тауар позициясының есептеу машиналарымен пайдалану үшін тікелей қосылатын және әзірленген проекторлар, өзгелері: жалпақ дисплей панелінің (мысалы, сұйық кристалдардағы құрылғылар) көмегімен жұмыс істейтін, есептеу машинасынан алынған цифрлық ақпаратты көрсете алатын 8528623000 32. Өзге де түрлі-түсті, айқындығы 2048 х 1080 пиксель цифрлық проекторлар және 8471 тауар позициясының есептеу машиналарымен тікелей қосылатын және олармен бірге пайдалану үшін әзірленген проекторлар 8528629001 33. Құрамына бейнедисплей немесе экран қосылмайтын телевизиялық байланысқа арналған қабылдау аппаратурасы: бейнетюнерлер, есептеуіш машиналарға кірістіруге арналған электрондық модульдер 8528711100 34. Интернетке қол жеткізу үшін модемді қамтитын және интерактивті ақпараттық алмасу функциясы бар, телевизия сигналдарын (коммуникациялық функциясы бар телевизиялық қабылдағыштар) қабылдауға қабілетті, өз құрамына бейнедисплей немесе экранды қосуға арналмаған бейнетюнерлер, микропроцессор негізіндегі аспаптары бар аппараттар 8528711500 35. Интернетке қол жеткізуге арналған модемді қамтитын және интерактивті ақпараттық алмасу функциясы бар, телевизия сигналдарын (коммуникациялық функциясы бар телевизиялық қабылдағыштар) қабылдауға қабілетті, өз құрамына бейнедисплей немесе экран енгізуге арналмаған модемді қамтитын микропроцессор негізіндегі құралдар мен өзге де аппараттар 8528719100 36. Телевизиялық байланысқа арналған қабылдау аппаратурасы: сұйық кристалды дисплейлер технологиясы бойынша орындалған экраны бар өзге де түрлі-түсті суреттер 8528724000 37. Телевизия байланысына арналған қабылдау аппаратурасы: плазмалық панельдер технологиясы бойынша орындалған экраны бар өзге де түрлі-түсті бейнелер 8528726000 38. 8524–8528 тауар позицияларындағы аппаратураға арналған бөліктер, өзге де: 8525 81 110 0, 8525 81 190 0, 8525 82 110 0, 8525 82 190 0, 8525 83 110 0, 8525 83 190 0, 8525 89 110 0, 8525 89 190 0 қосалқы субпозицияларындағы телевизиялық камералар үшін және 8527 және 8528 тауар позицияларындағы аппаратура үшін. 8529909200 39. Электрондық интегралды схемалар: 32 нанометрден аспайтын технологиялық процесс бойынша өндірілген микропроцессорлар: осы топқа арналған 8б (ІІІ) ескертуде аталған есте сақтау құрылғыларымен, түрлендіргіштермен, логикалық схемалармен, күшейткіштермен, синхрондаушылармен немесе басқа да схемалармен біріктірілген немесе біріктірілмеген тауарлар 8542311001 40. Аудармашының немесе сөздіктің функциялары бар электр машиналары: осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген жеке функциялары бар электр машиналары мен аппаратура 8543701000 41. Осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген өзге де электрондық өлшеу немесе бақылау құралдары, құрылғылары мен машиналары 9031803800 Ескерту: 1. Қосылған құн салығынан босату мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.