Об утверждении Правил определения классной квалификации военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті
айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың деректемелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 7-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2026 жылғы «___» ______
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Сыныптық біліктілікті айқындау ҚР ҚК әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті беруді, растауды, сақтауды және төмендетуді қамтиды.
Тармақ 3
3. Сыныптық біліктілік әскери қызметшінің атқаратын әскери лауазымына сәйкес қол жеткізген жеке деңгейін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады және оқу жылын қорытынды тексеру (әскери оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау) нәтижесі бойынша айқындалады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық персоналына сәйкес келетін лауазымда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті айқындау «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық персоналына сыныптық біліктілік беру (растау және төмендету) жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 199қбп бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Сыныптық біліктілікті айқындау ҚР ҚК әрбір әскери қызметшісінің (бұдан әрі – әскери қызметші) кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандыру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 6
6. ҚР ҚК-де:
Тармақша 1
1) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскерге шақыру бойынша офицерлерге:
«3-сыныпты маман»;
«2-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)»;
Тармақша 2
2) әскери оқу орнының курсанттарына, кадеттеріне және мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне «3-сыныпты маман» сыныптық біліктілігі беріледі.
Тармақ 7
7. «3-сыныпты маман», «2-сыныпты маман», «1-сыныпты маман», «1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)» сыныптық біліктілігін беруді, растауды, сақтау мен төмендетуді:
Тармақша 1
1) Қорғаныс министрінің және Бас штаб бастығының орынбасарларына, ҚР Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚМ), ҚК Бас штабы (бұдан әрі – БШ) құрылымдық бөлімшесінің әскери қызметшілеріне, әскер түрінің бас қолбасшыларына, Арнайы операциялар күштерінің және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшыларына, 14776 әскери бөлімінің командиріне, ҚР ҚК құрылымдық бөлімшесінің бастықтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығына, ҚМ және БШ құрылымдық бөлімшесіне бағынысты әскери бөлім (мекеме) командирлеріне (бастықтарына) – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы;
Тармақша 2
2) бағынысты әскери қызметшіге – Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, бас басқарма (басқарма) бастықтары, әскер түрінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерінің және әскер тегінің қолбасшылары, қорғаныс істері департаментінің, орталықтың, әскери оқу орнының бастықтары, әскери бөлім (мекеме) командирлері (бастықтары) жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қорғаныс министрінің және Бас штаб бастығының орынбасарларына, ҚР ҚМ, БШ және ҚК құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына, әскер түрінің бас қолбасшыларына, ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшыларына, 14776 әскери бөлімінің командиріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығына сыныптық біліктілікті айқындау үшін Жоғары біліктілік комиссиясы тағайындалады. Жоғары біліктілік комиссиясының отырысына сыныптық біліктілік беру туралы материалдарды дайындау мен ұсынуды ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаменті жүзеге асырады.
ҚР ҚК қалған әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау үшін біліктілік комиссиясы тағайындалады.
Біліктілік комиссияларының жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған.
Тарау 2. 2-тарау. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті айқындау тәртібі
2-тарау. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті айқындау тәртібі
Тармақ 9
9. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру мынадай жүйелілікпен жүргізіледі: «3-сыныпты маман», «2-сыныпты маман», «1-сыныпты маман», «1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)».
Сыныптық біліктілік беру қорытынды тексеру (бақылау сабағы, әскери оқу орнында білім алушыларды қорытынды аттестаттау) нәтижесі бойынша:
Тармақша 1
1) «3-сыныпты маман» – барлық әскери қызмет өткеру кезеңіне беріледі;
Тармақша 2
2) «2-сыныпты маман» – кезекті берілгеннен кейін бір оқу жылы өткеннен кейін;
Тармақша 3
3) «1-сыныпты маман» – кезекті берілгеннен кейін екі оқу жылы өткеннен кейін;
Тармақша 4
4) «1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)» – кезекті берілгеннен кейін үш оқу жылы өткеннен кейін жүргізіледі.
Сыныптық біліктілігі 13-тармаққа сәйкес айқындалған әскери қызметшіге келесі сыныптық біліктілігін айқындау кезінде ағымдағы жыл толық оқу жылы деп саналсын.
Тармақ 10
10. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің кораблінде (кемесінде) немесе құрама (бөлім) қолбасшылығының (командир, штаб бастығы, командирдің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары) лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін қосымша сыныптық біліктілікті айқындау:
Тармақша 1
1) кұрама (бөлім) қолбасшылығы үшін құраманы (бөлімді) және құрама (бөлім) құрамында болатын барлық жоба кораблін (кемесін) дербес басқаруға рұқсатнама алғаннан кейін;
Тармақша 2
2) корабль (кеме) командирлері және командирдің аға көмекшілері (көмекшілері) үшін корабльді (кемені) дербес басқаруға рұқсатнама алғаннан кейін;
Тармақша 3
3) жауынгерлік бөлім (топ) командирлері, корабль (кеме) старшиналары, команда старшиналары, бөлімше старшиналары үшін бөлімшені дербес басқаруға рұқсатнама алғаннан кейін;
Тармақша 4
4) боцмандар мен техниктер үшін өз жұмыс орнына дербес қызмет көрсетуге және лауазымын атқаруға рұқсатнама алғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Сыныптық біліктілік берілген және әскери лауазымға әскери-есептік мамандығын өзгертіп тағайындалған әскери қызметшінің сыныптық біліктілігі күнтізбелік жылдың соңына дейін сақталады. Кейіннен бар сыныптық біліктілікті негізге алып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 12
12. Өкімде тұрған, баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болатын әскери қызметшілердің, жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста болатын әскери қызметші әйелдердің, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің әскери оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігі барлық кезең ішінде және осы негіздер тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін сақталады. Кейіннен бар сыныптық біліктілікті негізге алып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 13
13. Әскери қызметші демалыста, қызметтік іссапарда, емделуде болуы, науқастануы бойынша әскери қызмет міндеттерін орындаудан уақытша босатылуы себебінен қорытынды тексеруге қатыса алмаған жағдайда оған берілген сыныптық біліктілік осы негіз тоқтатылғанға дейін сақталады. Жоғарыда көрсетілген негіздер аяқталғаннан кейін әскери қызметшінің сыныптық біліктілігін айқындау мақсатында командир (бастық) әскери қызметшінің қызметке шыққан күнінен бастап 30 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тиісті бұйрық шығарып, бақылау сабақтарын қосымша өткізеді.
Тармақ 14
14. Қорытынды тексеруді тапсырған, бірақ жаңа қызмет орнына ауысуына байланысты командирдің (бастықтың) бұйрығына енгізілмеген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік әскери қызметшінің жаңа қызмет орны бойынша біліктілік комиссиясының қорытындысы негізінде әскери қызметшіге ұсынылған елтаңбалы мөрмен куәландырылған қорытынды тексеру бақылау сабағы нәтижесінің жиынтық бағалау ведомосын қарағаннан кейін әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен айқындалады.
Тармақ 15
15. Қорытынды тексеру кезінде жыл сайынғы медициналық тексеру нәтижесі бойынша немесе емделуден кейін емдік дене шынықтыру тобына енгізілген әскери қызметшілер «дене шынықтыру дайындығы» оқыту пәні бойынша бағаланбайды.
Бұл жағдайда сыныптық біліктілік берілмейді, тек берілген сыныптық біліктілікті растау жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Жүктілігі бар және әскери қызмет міндеттерін орындаудан ішінара босатылуға мұқтаж әскери қызметші әйелдер «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес «дене шынықтыру дайындығы», «саптық даярлық», «оқ ату даярлығы» оқыту пәні бойынша қорытынды тексеруді тапсыру кезінде бағаланбайды.
Бұл жағдайда сыныптық біліктілік берілмейді, тек берілген сыныптық біліктілікті растау жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткерген әскери қызметшілердің және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органы қызметкерлерінің берілген сыныптық біліктілігі ҚР ҚК-дегі әскери лауазымға ауысқан кезде күнтізбелік жылдың соңына дейін сақталады. Кейіннен бар сыныптық біліктілікті негізге алып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 18
18. Авиациялық персонал лауазымында тұрған әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігі авиациялық емес персонал лауазымына тағайындалған кезде күнтізбелік жылдың соңына дейін сақталады. Кейіннен бар сыныптық біліктілікті негізге алып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан бұдан бұрын шығарылған және келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген адамдарға, егер қызметтен шығарылған күн мен әскерге шақырылған күн арасында бір жылдан аспаған болса, қызметтен шығарылған күніне бар сыныптық біліктілігі күнтізбелік жылдың соңына дейін (ол келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылған жылы) сақталады.
Егер қызметтен шығарылған күн мен әскерге шақырылған күннің арасында бір жылдан астам уақыт өткен жағдайда қызметтен шығарылған күні бар сыныптық біліктілігі әскери қызметші шақырылғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде қосымша бақылау сабақтарының қорытындысы бойынша күнтізбелік жылдың соңына дейін расталады.
Кейіннен сыныптық біліктілік осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 20
20. «2-сыныпты маман», «1-сыныпты маман», «1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)» сыныптық біліктілігін растау жыл сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Әскери бөлімде (мекемеде) қорытынды тексеруді өткізу басталған сәтте күнтізбелік есептеумен еңбек сіңірген жылдары 25 және одан көп жыл болған әскери қызметшілерге бар «1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)» сыныптық біліктілігі одан әрі расталмай, әскери қызметі аяқталғанға дейін сақталады.
Тармақ 22
22. Әскери қызметшілердің даярлық деңгейі қорытынды тексеруді тапсыру кезінде бақылау сабағы, сондай-ақ осы Қағидалардың 13, 19-тармақтарында көрсетілген әскери қызметшілер үшін қосымша бақылау сабағы (әскери оқу орнында курсанттар мен кадеттерді қорытынды аттестаттау) барысында айқындалады.
Сыныптық біліктілікті айқындауға бақылау сабағы әскери қызметшілердің бұйрықтарда айқындалған оқу пәні бойынша теориялық және практикалық даярлығын тексеруді қамтиды.
Тармақ 23
23. ҚР ҚК әскери бөлімі (мекемесі) әскери қызметшілерінің даярлық деңгейі әскери қызметшіге ӘЕМ бойынша жүктелетін міндеттерді ескеріп, сондай-ақ жауынгерлік даярлық бағдарламасына (курсына) сәйкес алты оқу пәні бойынша бағаланады.
Пәндер тізбесі Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының, ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының, ҚР ҚК Арнайы операциялар күштері қолбасшысының және ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының, 14776 әскери бөлімі командирінің, бағынысты әскери бөлімдер үшін ҚР ҚМ, БШ мен ҚК құрылымдық бөлімшелері бастықтарының бұйрығымен айқындалады.
Бұйрық шығару өкілеттігі берілмеген ҚР ҚМ, БШ және ҚК құрылымдық бөлімшесіне бағынысты әскери бөлім үшін пәндер тізбесі Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен айқындалады.
Сыныптық біліктілікті айқындау үшін пәндер тізбесіне міндетті түрде тактикалық (тактикалық-арнайы, арнайы), оқ ату (атыс) даярлығы мен дене шынықтыру дайындығы енгізіледі.
Тармақ 24
24. ҚР Қорғаныс министрлігі, Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, ҚК бас басқармаларының (басқармаларының), ҚР ҚК Тыл, Қару-жарақ бастығы басқармасының, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери оқу орындарының, әскери кафедралардың, ҚР ҚК түрі бас қолбасшылары, әскер тегі мен өңірлік қолбасшылық әскері қолбасшылары басқармасының әскери қызметшілері үшін мынадай оқу пәні шығарылады:
Тармақша 1
1) арнайы даярлық (құрылымдық бөлімше қызметінің ерекшелігін ескеріп);
Тармақша 2
2) оқ ату даярлығы (атыс даярлығы);
Тармақша 3
3) дене шынықтыру дайындығы;
Тармақша 4
4) жалпыәскери жарғылар;
Тармақша 5
5) мемлекеттік-құқықтық даярлық.
Тармақ 25
25. ҚР ҚК әскери бөлімі әскери қызметшілерінің іс жүзіндегі дағдысын тексеру жауынгерлік даярлық бағдарламасында, оқ ату, көлік жүргізу курсында және жауынгерлік даярлық бойынша нормативте белгіленген оқу-жаттығу, сынақ және бақылау жаттығуын орындау арқылы жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Кәсіби даярлық деңгейі бойынша әскери қызметшілерге мынадай сыныптық біліктілік айқындалады:
Тармақша 1
1) «3-сыныпты маман» – барлық пән бойынша «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен емес бағаланса;
Тармақша 2
2) «2-сыныпты маман» – барлық тексерілген пән бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес бағаланса;
Тармақша 3
3) «1-сыныпты маман» – кемінде екі тексерілген пән бойынша, оның ішінде тактикалық (тактикалық-арнайы немесе арнайы) даярлық бойынша «өте жақсы», ал қалған пән бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес бағаланса;
Тармақша 4
4) «1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)» – кемінде үш тексерілген пән бойынша, оның ішінде тактикалық (тактикалық-арнайы немесе арнайы) даярлық бойынша «өте жақсы», ал қалған пән бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес бағаланса.
Тармақ 27
27. Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде сыныптық біліктілікті бір сатыға төмендету жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Сыныптық біліктілігін төмендету бойынша шаралар қабылданған әскери қызметші осы Қағидалардың 9-тармағының талаптары ескерілмей, бір оқу жылы өткеннен кейін сыныптық біліктілік алуға құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Біліктілік комиссиясының сыныптық біліктілікті айқындау бойынша жұмыс тәртібі
3-тарау. Біліктілік комиссиясының сыныптық біліктілікті айқындау бойынша жұмыс тәртібі
Тармақ 29
29. Сыныптық біліктілікті айқындау үшін комиссия құрылады. Оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, кемінде үш мүше және хатшы кіреді. Комиссия құрамы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының), ҚР ҚМ, БШ және ҚК құрылымдық бөлімшелері үшін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 30
30. Біліктілік комиссиясы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша сыныптық біліктілік беру, растау және төмендету материалын қарайды. Қажет болған жағдайда даярлық деңгейін айқындау үшін оқу бағдарламасын (курсын) орындауды есепке алу және есеп беру құжаттарына қатысты қосымша мәліметтерді талап етеді. Жұмыс нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті айқындау туралы акт (бұдан әрі – акт) жасалады.
Актіге комиссия мүшелері қол қояды және ол комиссияны тағайындаған командирге (бастыққа) бекітуге беріледі. Акт бекітілгеннен кейін оқу жылының аяқталуынан кешіктірмей, даярлық кезеңін ескермей, бірақ күнтізбелік жылдың соңына дейін тиісті сыныптық біліктілік беру, растау және төмендету құқығы берілген командирдің (бастықтың) сыныптық біліктілікті айқындау туралы бұйрығы шығарылады.
Тармақ 31
31. Сыныптық біліктілік беру туралы бұйрықты жариялау, сондай-ақ «Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15755 болып тіркелген) төсбелгіні табыс ету әскери қызметшілердің қызмет өткеретін жері бойынша салтанатты жағдайда өткізіледі.
Тармақ 32
32. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті айқындау жөніндегі материалдар (акт, жиынтық бағалау ведомосы) тиісті әскери бөлім (мекеме) штабында сақталады.
Тармақ 33
33. Сыныптық біліктілікті айқындау туралы бұйрықтан үзінді әскери қызметшінің жеке ісіне тігіледі.
Басқа 1.1. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беруге, растауға, сақтауға және төмендетуге
оқыту пәні бойынша бақылау сабағы нәтижесінің
жиынтық бағалау ведомосы
(құрылымдық бөлімше, әскери бөлім көрсетіледі)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілікті айқындау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беруге, растауға, сақтауға және төмендетуге
оқыту пәні бойынша бақылау сабағы нәтижесінің
жиынтық бағалау ведомосы
(құрылымдық бөлімше, әскери бөлім көрсетіледі)
Р/с №
Әскери атағы, Т.А.Ә.
Лауазымы
Сыныптық біліктіліктің болуы
(кім берді, растады, күні және бұйрық нөмірі)
Еңбек өтілі
(күнтізбелік есептеуде)
Оқу пәні
Ұсынылатын сыныптық біліктілік
(беру,
растау, сақтау және төмендету)
Тактикалық даярлық
(ТАД, АД)
Мемлекеттік-құқықтық даярлық
Оқ ату даярлығы
Дене шынықтыру дайындығы
Жалпыәскери
жарғылар
Саптық даярлық
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
(басқарма, бөлім, бөлімше көрсетіледі)
1.
полковник
Баймұханов Әсет
Қанатұлы
Бөлім командирі
«1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)» сыныптық біліктілігін растау
БК ___ ж. № __ бұйрығы
41 жас
9 ай
4
5
5
4
5
5
ҚР ҚМ ___ ж.
№ __ бұйрығының
20-тармағына сәйкес
«1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)»
сыныптық біліктілігін кезекті растау –
20___ жылы
2.
полковник
Баймұханов Әсет
Қанатұлы
бөлім командирі
«1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)» сыныптық біліктілігін растау
БК ___ ж. № __ бұйрығы
41 жас
9 ай
4
5
5
4
5
5
ҚР ҚМ ___ ж.
№ __ бұйрығының
13-тармағына сәйкес
«1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)»
сыныптық біліктілігі сақталсын
3.
майор Ахметов Рауан Кәрібайұлы
басқарма бастығы
«1-сыныпты маман» сыныптық біліктілігін беру
БК ___ ж. № __ бұйрығы
38 жас
4 ай
5
4
5
5
4
5
ҚР ҚМ ___ ж.
№ __ бұйрығының
9-тармағына сәйкес
«1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)»
сыныптық біліктілігі берілсін
Бұдан әрі сыныптық біліктілік беруге, растауға, сақтауға және төмендетуге ұсынылатын әрбір әскери қызметші бойынша
Құрылымдық бөлімше (әскери бөлім) бастығы (командирі)
(лауазымды адамның қолтаңбасымен расталады)
Ескертпе: құрылымдық бөлімше (әскери бөлім) бастығы бағынысты жеке құрамға сыныптық біліктілік беруге (растауға), сақтауға, төмендетуге ұсыну бойынша жиынтық бағалау ведомосын қоса беріп, баянат (еркін нысанда) ұсынады. Баянатқа, жиынтық бағалау ведомосына құрылымдық бөлімшенің (әскери бөлімнің) бастығы қолтаңба қояды және белгіленген тәртіппен іс жүргізуде тіркеледі. Жоғарыда көрсетілген құжаттар біліктілік комиссиясының қарауына қағаз нұсқада (қол қойылған және тіркелген түпнұсқа) ұсынылады.
Басқа 1.2. Сыныптық біліктілікті айқындау жөніндегі
біліктілік комиссиясы отырысының актісі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілікті айқындау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
Әскери бөлім (құрылымдық бөлімше)
командирі (бастығы)
әскери атағы А.Ә.Т.
20 __ ж. «____» ______________
Сыныптық біліктілікті айқындау жөніндегі
біліктілік комиссиясы отырысының актісі
(бұдан әрі кімге екені көрсетіледі)
20___ ж. «___» _________________ қ.
Тармақ 1
1. Құрылымдық бөлімше (әскери бөлім) әскери қызметшілерінің кәсіби қызметті жүзеге асыруға әзірлігін және олардың даярлық деңгейін (сыныптық біліктілігін) айқындау мақсатында бұйрықпен (кімнің бұйрығы, күні, нөмірі мен атауы көрсетіледі) тағайындалған мынадай құрамдағы комиссия:
комиссия төрағасы;
комиссия төрағасының орынбасары;
комиссия мүшелері – кемінде 3 адам;
комиссия хатшысы.
Біліктілік комиссиясы 20___ оқу жылының қорытындысы бойынша әскери қызметшінің (құрылымдық бөлімше, басқарма, бөлім, бөлімше көрсетіледі) сыныптық біліктілікті айқындау бойынша материалын қарау жөнінде отырыс өткізді.
Тармақ 2
2. Біліктілік комиссиясы қабылдаған шешім кестеде көрсетілген.
Р/с №
Әскери атағы, тегі,
инициалы және атқаратын лауазымы
Біліктілік комиссиясының қорытындысы
(басқарма, бөлім, бөлімше көрсетіледі)
1.
полковник Г.К. Кан, штаб бастығы
«1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)» сыныптық біліктілігі расталсын
2.
майор Р.Н. Ахметов, бөлім бастығы
«1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)» сыныптық біліктілігі берілсін
Бұдан әрі сыныптық біліктілік беруге, растауға, сақтауға және төмендетуге ұсынылатын әрбір әскери қызметші бойынша
Ескертпе: 21-тармақта көрсетілген әскери қызметшілер санаты актіге енгізілмейді.
Біліктілік комиссиясының төрағасы:
ә/атағы тегі, инициалы
Біліктілік комиссиясы төрағасының орынбасары:
ә/атағы тегі, инициалы
жоғары біліктілік комиссиясының мүшелері:
ә/атағы тегі, инициалы
ә/атағы тегі, инициалы
ә/атағы тегі, инициалы
комиссия хатшысы:
ә/атағы тегі, инициалы
Ескертпе: актіге қол қойылып, бекітілгеннен кейін ол белгіленген тәртіппен іс жүргізуде тіркеледі.