О присвоении наименования безымянной улице села Байтерек Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының атауы жоқ көшесіне атау беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 27 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
Қызылжар ауылдық округінің Бәйтерек ауылындағы атаулы жоқ көшеге – Талғат Бигелдинов көшесі деп атау берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.