О переименовании улицы города Аягоз Аягозского района Қолданыста
Басқа 0
Аягөз ауданы Аягөз қаласының
көшесін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына және 31-бабына сәйкес, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысын ескере отырып, Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданы Аягөз қаласының «Зеленый тұйық» көшесі «Құдаш, Бакен Мұхамедиевтер» көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің қаулысы мен Аягөз аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.