Об изменениях в административно-территориальном устройстве Щербактинского района Павлодарской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Щарбақты ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 3) тармақшасына, Павлодар облысы Шарбақты ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 13 мамырдағы (III сайланған V сессиясы) "Доменка, Богодуховка, Второе отделение селолары елдi мекендерiн тарату туралы" № 26//5 бiрлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 қарашадағы "Шарбақты ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" № 272/9 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI: Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Соснов селолық округiнiң Доменка селосы, Хмельницк селолық округiнiң Второе отделение селосы, Красилов селолық округiнiң Богодуховка селосы елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты таратылсын және кейiннен есептiк деректерден шығарылсын; Доменка селосы Соснов селолық округiнiң Софиевка селосының құрамына; Богодуховка селосы Красилов селолық округiнiң Красилов селосының құрамына; Второе отделение селосы Хмельницк селолық округiнiң Хмельницк селосының құрамына енгiзiлсiн. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.