О мерах по дальнейшей оптимизации системы государственных органов Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін арттыру және жауапкершілігін күшейту мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Мынадай мемлекеттік органдардың штат саны оларды қамтуға арналған тиісті шығыстармен қоса қысқартылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті - офицерлік құрамдағы 1000 әскери қызметшіге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - 500 қызметкерге.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының штат санын офицерлік құрамдағы 1500 әскери қызметшіге оларды қамтуға арналған тиісті шығыстармен қоса қысқартуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлықтың 1, 2-тармақтарында аталған мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан былай - Агенттік) құрылсын. см.U990280
Тармақ 5
5. Агенттікке мынадай негізгі міндеттерді орындау жүктелсін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды талдап жасау және шаралар қолдану;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызметтің кадрлық резервін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, соның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесі үшін қызметкерлер даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты, оларды әлеуметтік-құқықтық қорғаудың өзге де шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қызмет туралы заңдарды жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды талдап жасау және шаралар қолдану, соның ішінде мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру, мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, қабылдау;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызмет туралы заңдардың сақталуын бақылау, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін сақтауын бақылау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің қызметін қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымында Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің хатшылығы таратылсын.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде:
Тармақша 1
1) тиісті құрылымдық бөлімшелерді қайта құру мен штат санын қысқартуды осы штат санын Агенттікке бере отырып жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) Агенттікке осы Жарлықтың 7-тармағында аталған мемлекеттік органдардың қайта құрылатын құрылымдық бөлімшелерінің функциялары мен өкілеттіктерін, қажетті материалдық-техникалық құралдары мен өзге де мүлкін Агенттікке жүктелген міндеттер мен Агенттікке берілетін штат саны көлемінде табыс етсін;
Тармақша 3
3) өз құрылымы мен штат санын осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
Тармақ 8
8. "Қазақстан Республикасының Жоғары тәртіптік кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 қазандағы N 3705 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары тәртіптік кеңесі туралы ережеге мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақта "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы" сөздері "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы" сөздерімен алмастырылсын.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кеден комитетінің штат санын осы Жарлықтың 1, 2-тармақтарында аталған мемлекеттік органдардың штат санын қысқарту есебінен ұлғайтсын;
Тармақша 2
2) Агенттіктің қызметін 1998 жылға арналған республикалық бюджетте осы Жарлықтың 7-тармағында аталған мемлекеттік органдарды қамту үшін көзделген қаржы есебінен, осы органдардың штат санының, материалдық-техникалық құралдары мен өзге де мүлкінің Агенттікке берілетін бөлігін қамтуға бөлінген қаражат шегінде, қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) жыл сайын республикалық бюджет жобасында Агенттікті қамтуға арнап қаражат көздейтін болсын;
Тармақша 4
4) өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
Тармақша 5
5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
Тармақ 10
10. Республика Президентінің Әкімшілігі, Республика Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республика Бас прокуратурасы бір ай мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 11
11. Агенттік бір ай мерзімде Мемлекет басшысының қарауына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереженің жобасын;
Тармақша 2
2) Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат саны жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 12
12. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті