Об изменениях в административно-территориальном устройстве Лебяжинского района Павлодарской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 3) тармақшасына, Лебяжi ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 22 қазандағы (III сайланған IХ сессиясы) "Майқарағай, Шақа селолық округтерiнiң шекараларын өзгерту және Шоқтал ауылын Майқарағай селолық округi әкiмшiлiк-аумақтық бағыныштылығынан Шақа селолық әкiмiнiң әкiмшiлiк-аумақтық бағыныштылығына беру туралы" № 6/9 бiрлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 қарашадағы "Лебяжi ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" № 278/9 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Лебяжi ауданының Майқарағай, Шақа селолық округтерiнiң шекараларына жалпы аумағы 7490 га болып келетiн Шоқтал ауылының жерiн Майқарағай селолық округiнен Шақа селолық округiне беру жолымен өзгерiстер енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.