Об упразднении и исключении из учетных данных села Шаукень города Павлодара Павлодарской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Павлодар қаласының Шәукен селосын есептеу деректерінен шығару және тарату туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 3) тармақшасына, Павлодар қаласының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 18 тамыздағы "Шәукен селосын есептеу деректерiнен шығару және тарату туралы" № 70/8 бiрлескен шешiмi, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 23 қарашадағы "Шәукен селосын есептеу деректерiнен шығару және тарату туралы"№ 281/9 қаулысы негiзiнде, облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Шәукен селосы елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты жойылсын және есептеу деректерiнен шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.