Об изменениях в административно-территориальном устройстве Пограничного сельского округа города Аксу Павлодарской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Ақсу қаласы Пограничный селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 3) тармақшасына, Павлодар облысы Ақсу қаласы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 27 қазандағы (III сайланған ХI сессиясы) "Пограничник селолық округiнiң № 1 бөлiмшесiн тарату және оның аумағын Павлодар облысы Ақсу қаласының Пограничник селолық округi Пограничник селосының құрамына қосу туралы" № 66/9 бiрлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 қарашадағы "Павлодар облысының Ақсу қаласы Пограничный селолық округiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" № 273/9 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Ақсу қаласы Пограничный селолық округiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: - Пограничный селолық округiнiң № 1 бөлiмшесi елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты таратылсын және кейiннен есептiк деректерден шығарылсын; - аталған бөлiмшенiң аумағы Ақсу қаласы Пограничный селолық округi Пограничник ауылының құрамына енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.