О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата Туркестанской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 «Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 53 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5471 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.