О Курултае Республики Казахстан и статусе его депутатов Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының ұйымдастырылуы мен қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Құрылтайдың мәртебесі
Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкiлдi органы.
Бап 2
2-бап. Құрылтай қызметiнiң құқықтық негiздерi мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Құрылтай өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Құрылтай өз қызметін Құрылтай сессияларында, оның органдары мен депутаттарының жұмысы арқылы іске асырады.
Тармақ 3
3. Құрылтайдың қызметі заңдылық, алқалылық, жариялылық, саяси әралуандық және оның депутаттарының теңдігі қағидаттарына негізделеді.
Бап 3
3-бап. Құрылтайдың өкiлеттiк мерзiмi
Тармақ 1
1. Құрылтайдың өкiлеттiк мерзiмi кезектi шақырылған Құрылтай депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi бойынша айқындалады.
Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Тармақ 2
2. Кезекті шақырылған Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясының жұмысы басталған кезде аяқталады.
Бап 4
4-бап. Құрылтайдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай Төрағасымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратуға құқылы.
Тармақ 2
2. Құрылтай келісімімен тағайындалатын лауазымға Президент ұсынған кандидатураны тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған, сондай-ақ Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы.
Тармақ 3
3. Құрылтайды төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде немесе Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда таратуға болмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтайды тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күн көрсетілген бір жылдық мерзімнің басталған кезі болып саналады. Бұл мерзім келесі жылдың тиісті айында және күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні көрсетілмеген айға тұспа-тұс келсе, онда мерзім сол айдың соңғы күнінде аяқталады.
Бап 5
5-бап. Құрылтайдың құрамы
Тармақ 1
1. Құрылтай жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе бойынша сайланатын бір жүз қырық бес депутаттан тұрады.
Тармақ 2
2. Құрылтай депутаттарын сайлау тәртібі конституциялық заңда белгіленеді.
Бап 6
6-бап. Құрылтайдың өкілеттігі
Құрылтай:
Тармақша 1
1) конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президенті қарсылық білдірген заңдарды немесе заң баптарын қайта талқылап, дауысқа салады;
Тармақша 3
3) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялайды;
Тармақша 6
6) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім береді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім береді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауына келісім береді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды;
Тармақша 11
11) Конституциялық Сот судьяларын, Жоғарғы Сот судьяларын қол сұғылмау кепілдігінен айырады;
Тармақша 12
12) Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен Құрылтай депутатын қол сұғылмау кепілдігінен айыру мәселесін шешеді;
Тармақша 13
13) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы;
Тармақша 14
14) Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
Тармақша 15
15) жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды;
Тармақша 16
16) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылайды және бекітеді;
Тармақша 17
17) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есебін тыңдауға құқылы;
Тармақша 18
18) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдау және үкімет сағатын өткізеді;
Тармақша 19
19) өз қызметінің регламентін қабылдайды және Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыруға, ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешім қабылдайды;
Тармақша 20
20) Құрылтайдың үйлестіру органын және жұмыс органдарын құрады;
Тармақша 21
21) Құрылтай комиссияларын құрады, төрағаларын сайлайды және лауазымынан босатады, комиссиялардың қызметі туралы есепті тыңдайды;
Тармақша 22
22) Құрылтайға Қазақстан Республикасының Конституциясымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7
7-бап. Құрылтайдың жұмыс тілдері
Құрылтай жұмысында тiлдер Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Бап 8
8-бап. Құрылтайдың халықаралық ынтымақтастығы
Құрылтай шет мемлекеттердің парламенттерімен, халықаралық және парламентаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты Құрылтай Регламентінде көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
2-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Бап 9
9-бап. Құрылтай сессиялары
Тармақ 1
1. Құрылтай сессиясы отырыс түрінде өткізіледі.
Тармақ 2
2. Құрылтайдың бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.
Тармақ 3
3. Құрылтайдың Төрағасы сайланғанға дейiн оның бiрiншi сессиясының отырыстарына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы төрағалық етедi.
Тармақ 4
4. Құрылтайдың кезекті сессиясы жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күні мен маусымның соңғы жұмыс күні аралығында өткізіледі.
Демалыс немесе мереке (ұлттық және мемлекеттік мерекелер) күндері болып саналмайтын күндер жұмыс күндері деп түсініледі.
Тармақ 5
5. Сессия Құрылтай отырысында ашылады және жабылады.
Құрылтай сессиясын, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті ашады, ал ол болмаған кезде Құрылтай Төрағасы ашады.
Тармақ 6
6. Құрылтайдың кезекті сессиялары арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен, Құрылтай Төрағасының немесе Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкін.
Бап 10
10-бап. Құрылтай отырыстары
Тармақ 1
1. Құрылтай отырысын Құрылтай Төрағасы шақырады.
Тармақ 2
2. Құрылтай отырысы Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
Тармақ 3
3. Құрылтай отырысы ашық түрде өтеді. Құрылтай Регламентінде көзделген жағдайда отырыс жабық түрде өткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Құрылтайдың кез келген ашық, сондай-ақ жабық отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды адамдарының отырысқа қатысу қажеттiлігi туралы Құрылтай шешiмi қабылданса, олар Құрылтайға келуге және өздерінің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi түсiнiк беруге мiндеттi. Құрылтайдың Қазақстан Республикасының Президентіне және Вице-Президентіне қатысты осындай шешiм қабылдауға құқығы жоқ.
Бап 11
11-бап. Құрылтай Төрағасы
Тармақ 1
1. Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған Төраға басқарады.
Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы.
Тармақ 2
2. Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда Құрылтай Төрағасы лауазымынан кері шақырып алынуы, сондай-ақ орнынан түсуі мүмкін.
Құрылтай Төрағасын атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтай Төрағасына ұсынуы негізінде не Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің бастамасы бойынша не Құрылтай Төрағасының жеке өтініші негізінде Құрылтай қарайды.
Тармақ 3
3. Құрылтай Төрағасы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Құрылтай сессиясын ашады;
Тармақша 2
2) Құрылтай отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
Тармақша 3
3) Құрылтайдың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық етеді;
Тармақша 4
4) Құрылтай Төрағасының орынбасарларын лауазымға сайлау үшін Құрылтайға кандидатуралар ұсынады;
Тармақша 5
5) Құрылтайдың қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Құрылтай Бюросының қызметіне басшылық етеді;
Тармақша 7
7) Құрылтай шығаратын актілерге қол қояды;
Тармақша 8
8) өзіне осы Конституциялық заңмен және Құрылтай Регламентімен жүктелетін басқа да міндеттерді атқарады.
Тармақ 4
4. Құрылтайда дауыс беру кезінде депутаттардың дауыстары тең бөлінген жағдайда Құрылтай Төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 5
5. Құрылтай Төрағасының үш орынбасары болады, оларды Құрылтай Төрағасының ұсынуы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Құрылтай сайлайды.
Құрылтай Төрағасының орынбасарлары Құрылтай Төрағасының уәкілеттік беруімен оның жекелеген функцияларын орындайды, сондай-ақ Құрылтай Төрағасы орнында болмаған немесе өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін емес жағдайда оның міндеттерін атқарады. Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда Құрылтай Төрағасының ұсынысы бойынша Құрылтай Төрағасының орынбасарлары лауазымынан кері шақырып алынуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Құрылтай Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығарады.
Бап 12
12-бап. Құрылтайдың үйлестіру органы
Тармақ 1
1. Құрылтайдың үйлестіру органы – Құрылтай Төрағасының жанынан құрылатын Құрылтай Бюросы.
Тармақ 2
2. Құрылтай Бюросының құрамына Құрылтай Төрағасының орынбасарлары, тұрақты комитеттердің төрағалары, Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларының жетекшілері кіреді.
Тармақ 3
3. Құрылтай Бюросы:
Тармақша 1
1) Құрылтайдың тұрақты комитеттері мен комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Құрылтай үшін Құрылтай отырыстарында мәселелерді қараудың кезектілігі жөнінде ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 3
3) бірнеше комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша тұрақты комитеттердің бірлескен жұмысын ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді;
Тармақша 4
4) осы Конституциялық заңмен және Құрылтай Регламентімен Құрылтайдың басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған Құрылтай жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.
Тармақ 4
4. Құрылтай Төрағасы Құрылтай Бюросының отырыстарын қажеттілігіне қарай шақырады және олар Бюро мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.
Тармақ 5
5. Құрылтай Бюросының өкілеттігі, қызмет тәртібі осы Конституциялық заңда және Құрылтай Регламентінде айқындалады.
Тармақ 6
6. Құрылтай Бюросы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы шығарады.
Бап 13
13-бап. Құрылтайдың жұмыс органдары
Тармақ 1
1. Тұрақты комитеттер мен комиссиялар – Құрылтайдың жұмыс органдары.
Тармақ 2
2. Тұрақты комитеттер заң жобалау жұмысын жүргізу, Құрылтайдың құзыретіне жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау үшін құрылады.
Тармақ 3
3. Комиссиялар Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда құрылады.
Тармақ 4
4. Тұрақты комитеттер мен комиссиялардың өкілеттіктері, қызмет тәртібі осы Конституциялық заңда және Құрылтай Регламентінде айқындалады.
Тармақ 5
5. Тұрақты комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы шығарады.
Тұрақты комитеттер мен комиссиялардың қаулылары олардың мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Бап 14
14-бап. Құрылтай жанындағы консультативтік-кеңесші органдар
Тармақ 1
1. Құрылтайдың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін оның жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Консультативтік-кеңесші органдарды құру тәртібі Құрылтай Регламентінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Бап 15
15-бап. Құрылтай өткізетін тыңдау
Тармақ 1
1. Құрылтай өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдау өткізеді.
Тармақ 2
2. Тыңдау Құрылтай Бюросының шешімі бойынша өткізіледі, ол тыңдау өткізуді дайындауға жауапты бас комитетті (комитеттерді) айқындайды.
Тыңдау ашық және жабық түрде өткізілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Тыңдау Құрылтай отырыстары кезінде өткізілмейді.
Тармақ 4
4. Құрылтайдағы оппозиция Құрылтай Регламентінде көзделген тәртіппен бір сессия ішінде кемінде бір рет тыңдау өткізуге бастама жасауға құқылы.
Тармақ 5
5. Тыңдау өткізу тәртібі Құрылтай Регламентінде белгіленеді.
Бап 16
16-бап. Үкімет сағаты
Тармақ 1
1. Құрылтайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үкімет сағаты өткізілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Үкімет сағатын Құрылтай Бюросының шешімі бойынша тұрақты комитеттер өткізеді әрі ол ашық және жабық түрде өткізілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Үкімет сағатының күн тәртібіндегі мәселелерді Құрылтай Бюросы Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің ұсынысы бойынша айқындайды.
Құрылтайдағы оппозиция бір сессия ішінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындауға құқылы.
Тармақ 4
4. Үкімет сағаты Құрылтай отырыстары кезінде өткізілмейді.
Тармақ 5
5. Үкімет сағатын өткізу тәртібі Құрылтай Регламентінде белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ АКТІЛЕРІ
3-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ АКТІЛЕРІ
Бап 17
17-бап. Құрылтай актілері
Тармақ 1
1. Құрылтай Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды, оның ішінде конституциялық заңдарды қабылдайды.
Құрылтай өз құзыретіндегі өзге де мәселелер бойынша қаулы шығарады.
Тармақ 2
2. Заңдар мен Құрылтай қаулыларының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші болады.
Тармақ 3
3. Заңдар мен Құрылтай қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуге тиіс. Құрылтайдың қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс.
Тармақ 4
4. Құрылтай өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамалық сипаты жоқ өтініштер, декларациялар мен мәлімдемелер қабылдауға құқылы. Оларды қабылдау тәртібі Құрылтай Регламентінде белгіленеді.
Бап 18
18-бап. Құрылтай Регламенті
Тармақ 1
1. Құрылтай Регламенті:
Тармақша 1
1) Құрылтайдың қызметін ұйымдастыруды;
Тармақша 2
2) Құрылтайдың үйлестіру, жұмыс және консультативтік-кеңесші органдарының қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін;
Тармақша 3
3) Құрылтайда депутаттық бірлестіктерді, оның ішінде саяси партиялардың фракцияларын, сондай-ақ Құрылтайдағы көпшілік пен оппозицияны құру және олардың қызметін ұйымдастыру тәртібін;
Тармақша 4
4) Құрылтай отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібін;
Тармақша 5
5) тыңдауды және үкімет сағатын өткізу тәртібін;
Тармақша 6
6) заң шығару бастамасы құқығын іске асыру тәртібін;
Тармақша 7
7) Құрылтайдағы заң шығару процесінің қағидаларын және Құрылтайдың жұмыс органдарында заң жобаларын талқылау тәртібін;
Тармақша 8
8) Құрылтай депутаттары мен лауазымды адамдарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Құрылтай Регламенті Құрылтай қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Құрылтай депутаттарының Құрылтайдың конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыруды мақсат етіп, Құрылтай Регламентін сақтамай өткізетін кез келген жиналысы заңсыз болады. Мұндай жиналыс қабылдаған актілер жарамсыз болады.
Тарау 4. 4-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІ
4-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІ
Бап 19
19-бап. Заң шығаруға бастама жасау
Тармақ 1
1. Заң шығаруға бастама жасау құқығы субъектісінің Құрылтай қарауға міндетті болатын заң жобасының мәтінін ресми түрде енгізуі заң шығаруға бастама жасау болып саналады.
Тармақ 2
2. Заң шығаруға бастама жасау құқығы тек қана Құрылтайда іске асырылады және ол:
Тармақша 1
1) заң жобасын арнаулы жолдау арқылы енгізетін Қазақстан Республикасының Президентіне;
Тармақша 2
2) заң жобасын ұсыну арқылы енгізетін Құрылтай депутаттарына;
Тармақша 3
3) заң жобасын қаулы арқылы енгізетін Үкіметке;
Тармақша 4
4) заң жобасын шешім арқылы енгізетін Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі.
Тармақ 3
3. Құрылтайға енгізілген заң жобалары Құрылтай Бюросының қаулысымен тиісті комитеттерге қарау үшін жіберіледі және осы заң жобалары бойынша Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің қорытындылары болған кезде ғана олар Құрылтай отырысында қаралуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Үкіметтің оң қорытындысы болған кезде ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасымен Құрылтайға енгізілетін заң жобалары үшін мұндай қорытынды талап етілмейді.
Тармақ 5
5. Заң шығаруға бастама жасау құқығын іске асыру тәртібіне байланысты және осы Конституциялық заңда реттелмеген мәселелер Құрылтай Регламенті арқылы шешіледі.
Бап 20
20-бап. Құрылтайдың заң қабылдау жөніндегі құзыреті
Құрылтай:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектісі болуына, азаматтық құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауаптылығына;
Тармақша 2
2) меншік режиміне және өзге де заттық құқықтарға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
Тармақша 4
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге немесе олардың күшін жоюға;
Тармақша 5
5) республикалық бюджетке, мемлекеттік қарыз, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсету мәселелеріне;
Тармақша 6
6) сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне;
Тармақша 7
7) рақымшылық жасау мәселелеріне;
Тармақша 8
8) білімге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
Тармақша 9
9) кәсіпорындарды және олардың мүлкін жекешелендіруге;
Тармақша 10
10) қоршаған ортаны қорғауға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысына;
Тармақша 12
12) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне;
Тармақша 14
14) халықаралық шарттарды ратификациялауға және денонсациялауға;
Тармақша 15
15) мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарға;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өзге де мәселелерге қатысты аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негіз құраушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заң шығаруға құқылы.
Бап 21
21-бап. Құрылтайдың заң жобаларын қарауының кезектілігі мен мерзімдері
Тармақ 1
1. Құрылтайдың заң жобаларын қарауының кезектілігі мен мерзімдерін Құрылтай Бюросы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайға арнаулы жолдауымен заң жобаларын қараудың басымдығын айқындауға құқылы, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезекте екі ай ішінде қабылдануға тиіс дегенді білдіреді. Оларды қарау тәртібі Құрылтай Регламентінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіптің сақталуына, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі заң шығару бастамасымен енгізген заң жобаларын Құрылтай дереу қарауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда Үкімет өзіне жауапкершілік ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 60-бабының 3-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық акт қабылдауға құқылы. Мұндай акт Құрылтай қабылдаған заң күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заң жобаларын қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады.
Бап 22
22-бап. Конституциялық заңдарды, заңдарды және Құрылтай қаулыларын қабылдау
Тармақ 1
1. Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Құрылтай депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен заңды қабылдайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Құрылтай қаулысы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі заңда және Құрылтай Регламентінде реттеледі.
Бап 23
23-бап. Заңдарды Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсыну
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін заңдарды Құрылтай Төрағасы мен Премьер-Министр алдын ала қол қойып бекемдейді, оларға заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі.
Тармақ 2
2. Құрылтай қабылдаған заң Құрылтай Регламентінде белгіленген тәртіппен он күн ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қоюы үшін берілетін бір ай мерзім Қазақстан Республикасының Президенті заңды алған күннен бастап есептеледі және келесі айдың тиісті күнінде (көрсетілген күні) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні көрсетілмеген айға тұспа-тұс келсе, онда мерзім сол айдың соңғы күнінде аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қайтарылмаған заң қол қойылды деп саналады.
Тармақ 4
4. Егер Құрылтай сессиясы заңды Қазақстан Республикасы Президентінің қайтаруы ықтимал мерзім өткенге дейін жабылса, заң Құрылтайдың кезекті сессиясының алғашқы күні қайтарылады.
Тармақ 5
5. Заң, оның ішінде конституциялық заң Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Бап 24
24-бап. Құрылтайдың Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығын қарауы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығымен қайтарылған заң немесе оның жекелеген баптары Құрылтайдың тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін шешім қабылдау үшін Құрылтай отырысына шығарылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығын туғызған заңды немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу қарсылық жіберілген күннен басталатын және келесі айдың тиісті күнінде (көрсетілген күні) аяқталатын бір ай мерзімде өткізіледі. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні көрсетілмеген айға тұспа-тұс келсе, онда мерзім сол айдың соңғы күнінде аяқталады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 4-тармағында және 60-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер бір ай мерзім уақыты жағынан Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 3-тармағында белгіленген Құрылтай жұмысының сессия өтетін кезеңімен сәйкес келмесе, бұл мерзім үзіледі. Бұл мерзімнің сақталмауы Қазақстан Республикасының Президенті қарсылығының қабылданғанын білдіреді.
Тармақ 3
3. Құрылтайда қарсылықты қарау барысында Қазақстан Республикасының Президенті депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, заңның тұтастай не оның жекелеген баптарының өз қарсылығында ұсынған редакциясын өзгертуге құқылы.
Тармақ 4
4. Құрылтай отырысында заң немесе оның жекелеген баптары қайта талқыланып, дауысқа салынған кезде, егер Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығы тұтастай заңға қатысты туындаса, тұтастай заң бойынша не Президенттің қарсылығын туғызған оның жекелеген баптары бойынша дауысқа салу өткізіледі.
Тармақ 5
5. Егер Құрылтай конституциялық заң немесе оның жекелеген баптары бойынша депутаттардың жалпы санының төрттен үшінің дауысымен, ал заң немесе оның жекелеген баптары бойынша депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға немесе заңға қол қояды.
Тармақ 6
6. Егер Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң немесе заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады.
Бап 25
25-бап. Заң жобаларын қабылдамай тастау
Тармақ 1
1. Құрылтай заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тұтастай қабылдамай тастауға құқылы. Заң жобасы оны қараудың кез келген сатысында қабылданбай тасталуы мүмкін. Қабылданбай тасталған заң жобасы қабылданбады деп саналады және бастамашыға қайтарылады.
Тармақ 2
2. Үкімет енгізген заң жобасы қабылданбаса, Премьер-Министр Құрылтай отырысында Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюға құқылы. Бұл мәселе сенім білдіру мәселесі қойылғаннан бастап қырық сегіз сағаттан кейін ғана дауысқа салынады. Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.
Ағымдағы жыл (1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығы) осы тармақтың бірінші бөлігіне қатысты «жыл» деген уақыт кезеңі ретінде түсініледі.
Бап 26
26-бап. Заң жобаларын кері қайтарып алу
Қазақстан Республикасының Президенті, Құрылтай депутаттары, Үкімет және Қазақстан Халық Кеңесі заң шығару бастамасымен өздері енгізген заң жобасын Құрылтайдан оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы.
Заң жобасын кері қайтарып алу тәртібі Құрылтай Регламентінде айқындалады.
Тарау 5. 5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫН ТАҒАЙЫНДАУҒА КЕЛІСІМ БЕРУ, ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯЛАРЫН САЙЛАУ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ, СОНДАЙ-АҚ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫН ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯЛАРЫН ҚОЛ СҰҒЫЛМАУ КЕПІЛДІГІНЕН АЙЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ
5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫН ТАҒАЙЫНДАУҒА КЕЛІСІМ БЕРУ, ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯЛАРЫН САЙЛАУ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ, СОНДАЙ-АҚ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫН ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯЛАРЫН ҚОЛ СҰҒЫЛМАУ КЕПІЛДІГІНЕН АЙЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ
Бап 27
27-бап. Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарын тағайындауға Құрылтайдың келісім беруі
Тармақ 1
1. Құрылтайдың келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесі Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Вице-Президентін, Премьер-Министрін, Конституциялық Сотының судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатасының мүшесін тағайындауға Құрылтайдың келісімін алу үшін Құрылтайға жазбаша ұсыну енгізеді, солардың негізінде тиісті мәселені Құрылтайдың таяудағы отырысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациядан кейін енгізеді.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында аталған Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарын тағайындауға Құрылтайдың келісімі Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен беріледі.
Құрылтай отырысында лауазымға тағайындауға келісім беру туралы мәселе қаралған кезде кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам ұсынады.
Тармақ 4
4. Конституциялық Сот судьяларының, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің лауазымдарына кандидатуралар Құрылтай отырысында қаралғанға дейін Құрылтай Бюросының шешімімен айқындалатын Құрылтайдың тиісті тұрақты комитетінің отырысында талқылануға тиіс. Талқылау нәтижесі бойынша комитет Құрылтай отырысында жария етілетін қорытынды шығарады.
Тармақ 5
5. Құрылтай Президент ұсынған кандидатураларды тағайындауға келісім беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Президент Құрылтайға сол адамдар немесе жаңа кандидатуралар бойынша жазбаша ұсыну енгізеді.
Конституцияның 62-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Вице-Президентті, Премьер-Министрді, Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратуға құқылы.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың келісімімен тағайындайтын Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының кандидатуралары бойынша Құрылтайдың шешімі, егер Құрылтай дауыс берудің өзге тәртібін айқындамаса, әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы жеке қабылданады және қаулымен ресімделеді.
Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған кандидатураларды тағайындауға келісім беруден бас тарту туралы Құрылтайдың шешімі қабылдамай тастау себептерінің толық уәждемесін қамтуға тиіс.
Бап 28
28-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және лауазымынан босату
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Құрылтай Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен сайлайды және лауазымынан босатады.
Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайға жазбаша ұсыну енгізеді, солардың негізінде тиісті мәселені Құрылтайдың жақын уақыттағы отырысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және лауазымынан босату үшін ұсынылған кандидатуралар Құрылтай отырысында қаралғанға дейін Құрылтай Бюросының шешімімен айқындалатын Құрылтайдың тиісті тұрақты комитетінің отырысында талқылануға тиіс. Талқылау нәтижесі бойынша комитет Құрылтай отырысында жария етілетін қорытынды шығарады.
Тармақ 3
3. Құрылтай отырысында мәселені қарау кезінде кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам ұсынады.
Тармақ 4
4. Құрылтай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау туралы шешім қабылдамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайға сол адамдар немесе жаңа кандидатуралар бойынша жазбаша ұсыну енгізеді.
Құрылтай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын лауазымынан босату туралы шешім қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайға осы мәселе бойынша қайта ұсыну енгізуге құқылы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және лауазымынан босату жөніндегі Құрылтайдың шешімі, егер Құрылтай дауыс берудің өзге тәртібін айқындамаса, Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы жеке қабылданады және қаулымен ресімделеді.
Қазақстан Республикасының Президенті сайлау немесе лауазымынан босату үшін ұсынған кандидатураларды қабылдамай тастау туралы шешім қабылдамай тастау себептерінің толық уәждемесін қамтуға тиіс.
Бап 29
29-бап. Конституциялық Сот судьяларын, Жоғарғы Сот судьяларын қол сұғылмау кепілдігінен айыру
Тармақ 1
1. Конституциялық Сот судьяларын, Жоғарғы Сот судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Тармақ 2
2. Конституциялық Сот судьясын, Жоғарғы Сот судьясын ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін Бас Прокурор Құрылтайға ұсыну енгізеді. Ұсыну Конституциялық Сот судьясын, Жоғарғы Сот судьясын күдіктінің іс-әрекеттерін саралау туралы қаулымен таныстырудың, ұстаудың, оны күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінудің, үйқамаққа алудың, күштеп әкелудің, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберудің алдында енгізіледі.
Бас Прокурордың ұсынуы келіп түскен күнінен бастап екі аптадан кешіктірілмей қаралады және Құрылтай тиісті лауазымды адамдардан қосымша ақпарат беруді талап етуге құқылы. Құрылтай уәжді шешім қабылдайды және оны Бас Прокурорға және анықтау мен алдын ала тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның басшысына үш жұмыс күні ішінде жібереді. Конституциялық Сот судьясы, Жоғарғы Сот судьясы өзіне ешкiмнiң тиiспеуі туралы мәселені Құрылтай қараған кезде қатысуға құқылы.
Тармақ 3
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Конституциялық Сот судьясы, Жоғарғы Сот судьясы қылмыс орнында ұсталған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімін алғанға дейін, бірақ бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып жалғастырылуы мүмкін.
Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Бас Прокурор жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҮКІМЕТПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
6-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҮКІМЕТПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
Бап 30
30-бап. Үкімет мүшелерін тағайындау үшін кандидатуралар бойынша Құрылтаймен консультация өткізу
Тармақ 1
1. Үкімет мүшелерін тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне Премьер-Министр ұсынатын кандидатуралар бойынша Құрылтаймен оның тиісті тұрақты комитеттерінде консультация өткізіледі.
Тармақ 2
2. Тұрақты комитеттің отырысында консультация өткізу кезінде тағайындау үшін кандидатураларды Премьер-Министр немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам ұсынады.
Тармақ 3
3. Консультация нәтижесінде тұрақты комитет талқыланатын әрбір кандидатура бойынша ұсынымдық сипаттағы қорытынды шығарады.
Бап 31
31-бап. Үкімет мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есебі
Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Құрылтай Үкімет мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есебін тыңдауға құқылы.
Үкімет мүшесі Қазақстан Республикасының заңдарын орындамаған жағдайда, Үкімет мүшелерінің есебін тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен Қазақстан Республикасының Президентіне оны лауазымынан босату туралы өтініш білдіру жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады.
Бап 32
32-бап. Премьер-Министрдің Үкімет қызметі туралы баяндамасы
Құрылтай Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның барлық аса маңызды шешімдері туралы Премьер-Министрдің баяндамасын Құрылтай отырысында тыңдайды.
Бап 33
33-бап. Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру
Тармақ 1
1. Құрылтай депутаттардың жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы.
Тармақ 2
2. Құрылтайдың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін бекітпеуі Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі деп саналады.
Тармақ 3
3. Үкімет енгізген заң жобасы қабылданбаса, Премьер-Министр Құрылтай отырысында Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюға құқылы.
Бап 34
34-бап. Құрылтай депутаттарының заң жобалары мен түзетулеріне Үкіметтің беретін қорытындысы
Құрылтай депутаттары бастамашы болған және Қазақстан Республикасы Конституциясының 60-бабының 6-тармағына сәйкес Үкіметтің оң қорытындысын талап ететін заң жобалары Құрылтайға ресми енгізілгенге дейін Үкімет қорытындысын алуға жіберіледі.
Құрылтайдың қарауындағы заң жобаларына депутаттардың мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтін түзетулері Үкіметтің оң қорытындысы болған кезде ғана енгізілуі мүмкін.
Үкімет қорытындыларын ұсыну мерзімі үш айдан аспауға тиіс.
Тарау 7. 7-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИТЕТТЕРІ МЕН КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
7-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИТЕТТЕРІ МЕН КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 35
35-бап. Құрылтайдың тұрақты комитеттері
Тармақ 1
1. Тұрақты комитеттер Құрылтайдың бірінші сессиясында депутаттар арасынан Құрылтай отырысында құрылады.
Комитеттердің саны мен атауы депутаттардың ұсынысы бойынша айқындалады. Комитеттер саны сегізден аспауға тиіс.
Тармақ 2
2. Құрылтай төрағасы мен оның орынбасарлары Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің құрамына кіре алмайды.
Құрылтай депутаты бір ғана комитеттің мүшесі бола алады.
Тұрақты комитеттер саяси партиялар фракцияларының өкілдігі ескеріліп құрылады.
Тармақ 3
3. Құрылтай Бюросы тұрақты комитеттер қызметінің бағыттарын айқындайды.
Тармақ 4
4. Тұрақты комитеттердi қалыптастыру тәртiбi мен олардың қызметiн ұйымдастыруға байланысты және осы Конституциялық заңда реттелмеген мәселелер Құрылтай Регламентi арқылы шешiледi.
Бап 36
36-бап. Тұрақты комитеттердің төрағалары
Тармақ 1
1. Тұрақты комитеттің жұмысына оның төрағасы басшылық етеді.
Тармақ 2
2. Тұрақты комитеттердің төрағалары, егер Құрылтай дауыс берудің өзге тәртібін айқындамаса, Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Құрылтай отырысында ашық дауыс беру арқылы сайланады. Шешім әр кандидатура бойынша жеке қабылданады және қаулымен ресімделеді.
Комитеттер төрағаларының лауазымдарына кандидатураларды депутаттар ұсынады.
Құрылтайдағы оппозиция өз депутаттарының арасынан комитеттер төрағаларының лауазымдарына кандидатуралар ұсынуға құқылы.
Құрылтай комитеттерінің бірінің төрағасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен Құрылтайдағы оппозициядан ұсынылған депутаттар арасынан сайланады.
Тармақ 3
3. Тұрақты комитеттiң төрағасы комитет мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң бастамасы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен лауазымынан керi шақырып алынуы мүмкiн.
Комитет төрағасы Құрылтай Төрағасының атына лауазымынан босату туралы өтініш беруге құқылы, егер Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілігі қолдап дауыс берсе, өтініш қабылданды деп саналады.
Тармақ 4
4. Тұрақты комитет төрағасының бір орынбасары болады, ол комитет мүшелерінің арасынан комитет мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен комитет отырысында ашық дауыс беру арқылы сайланады.
Комитет төрағасының орынбасары лауазымына кандидатураны комитет мүшелері ұсынады.
Құрылтайдағы оппозиция өз депутаттарының арасынан комитет төрағаларының орынбасарлары лауазымдарына кандидатуралар ұсынуға құқылы.
Құрылтайдың екі комитетінің төрағасының орынбасары осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен Құрылтайдағы оппозициядан ұсынылған депутаттар арасынан сайланады.
Комитет төрағасының орынбасары комитет жұмысын ішкі ұйымдастыру мәселелерін шешеді, комитет төрағасының уәкілеттік беруімен комитет отырыстарын жүргізеді, сондай-ақ комитет төрағасы орнында болмаған немесе өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін емес жағдайда оның міндеттерін атқарады.
Комитет төрағасының орынбасары комитет төрағасының немесе комитет мүшелерiнiң ұсынысы бойынша комитет мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен лауазымынан кері шақырып алынуы мүмкiн.
Комитет төрағасының орынбасары комитет төрағасының атына лауазымынан босату туралы өтініш беруге құқылы, егер комитет мүшелерінің көпшілігі қолдап дауыс берсе, өтініш қабылданды деп саналады.
Тармақ 5
5. Құрылтайдағы оппозициядан ұсынылған депутаттар арасынан сайланған тұрақты комитеттердің төрағасы мен орынбасарлары Құрылтайдың әртүрлі комитеттеріне сайланады.
Бап 37
37-бап. Тұрақты комитеттердің өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Заң жобалау жұмысын жүргізу жөніндегі өкілеттікті іске асыру үшін Құрылтайдың тұрақты комитеті:
Тармақша 1
1) заң жобаларына қорытынды береді;
Тармақша 2
2) Құрылтай Бюросының тапсырмасымен заң жобасы бойынша бас комитет болады, депутаттар мен тұрақты комитеттердің түзетулерін жинақтап қорытады;
Тармақша 3
3) өзі бас комитет болатын заң жобасын қарау үшін жұмыс тобын құруға және оның құрамына заң жобасының бастамашыларын, депутаттарды, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін, ғалымдар мен мамандарды тартуға құқылы;
Тармақша 4
4) заң жобасын Құрылтай отырысында қарау туралы Құрылтай Бюросына ұсыныс енгізеді;
Тармақша 5
5) осы Конституциялық заңға және Құрылтай Регламентіне сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Тұрақты комитет Құрылтай Бюросының шешімі бойынша тыңдау өткізуді дайындайды, сондай-ақ үкімет сағатын өткізеді.
Тармақ 3
3. Құрылтай немесе оның Бюросы Құрылтайдың құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді алдын ала қарау және дайындау үшін тұрақты комитетті бас комитет ретінде айқындай алады.
Тармақ 4
4. Тұрақты комитеттер өз құзыретiндегі мәселелер бойынша қызмет нысаны мен әдiсін таңдауда еркiн болады.
Бап 38
38-бап. Тұрақты комитеттердің отырыстары
Тармақ 1
1. Тұрақты комитеттердің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде екі рет өткізіледі.
Тұрақты комитеттің отырыстарына тұрақты комитеттің төрағасы немесе комитет төрағасының орынбасары төрағалық етеді.
Комитеттердің отырыстары мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.
Комитеттер отырыстарын комитет төрағасы өз бастамасы бойынша немесе комитет мүшелерінің ұсынысы бойынша шақырады.
Тармақ 2
2. Тұрақты комитеттердің отырыстары ашық түрде өтеді. Құрылтай Регламентінде көзделген жағдайларда жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президенттің, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Жоғары аудиторлық палата Төрағасы мен мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты басшыларының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Құрылтайдағы өкілдерінің комитеттердің кез келген ашық, сондай-ақ жабық отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Құрылтайда аккредиттелген жағдайда комитеттердің ашық отырыстарына қатыса алады.
Бап 39
39-бап. Құрылтай комиссиялары
Тармақ 1
1. Құрылтай комиссиялары Құрылтай отырысында құрылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген Құрылтай өкiлеттiгiн жүзеге асыру мақсатында Құрылтай арнаулы комиссиялар құрады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 17) және 18) тармақшаларында көзделген Құрылтай өкiлеттiгiн жүзеге асыру мақсатында Құрылтай уақытша комиссиялар құрады.
Тармақ 3
3. Комиссиялардың қызметi уақытша сипатта болады және олардың қарауына шығарылған мәселелермен шектеледi.
Құрылтайдың комиссия құру туралы қаулысында оның міндеттері, құрамы және қызмет ету мерзімі айқындалады.
Тармақ 4
4. Комиссияның жұмысына, егер Құрылтай дауыс берудің өзге тәртібін айқындамаса, Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Құрылтай отырысында ашық дауыс беру арқылы сайланатын оның төрағасы басшылық етеді.
Тармақ 5
5. Комиссияларды қалыптастыру тәртібі мен олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты және осы Конституциялық заңда реттелмеген мәселелер Құрылтай Регламенті арқылы шешіледі.
Тарау 8. 8-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР
8-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР
Бап 40
40-бап. Депутаттық бірлестіктердің түрлері
Тармақ 1
1. Құрылтай депутаттары саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.
Саяси партиялар фракциялары мен депутаттық топтардың өкілеттігі, ұйымдастырылуы мен қызметі, олардың жұмысын қамтамасыз ету Құрылтай Регламентінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Саяси партиялар фракциялары мен депутаттық топтар Құрылтай Бюросында тіркеледі.
Бап 41
41-бап. Саяси партияның фракциясы
Тармақ 1
1. Саяси партияның фракциясы – тиісті саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Құрылтайда құрылатын, саяси партиядан өкілдік ететін Құрылтай депутаттарының ұйымдасқан тобы.
Құрылтайда әр саяси партиядан бір ғана фракция құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне, ал олар болмаған жағдайда не олардың уәкілеттік беруімен саяси партиялар фракцияларының өкілдеріне Құрылтайдың, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, тыңдау мен өзге де іс-шараларда сөз сөйлеу құқығына кепілдік беріледі.
Бап 42
42-бап. Депутаттық топ
Депутаттық топ – депутаттардың өз өкілеттігін бірлесіп жүзеге асыруға арналған бірлестігі.
Депутаттық топтың құрамында Құрылтайдың кемінде он бес депутаты болуға тиіс.
Бап 43
43-бап. Құрылтайдағы көпшілік және оппозиция
Тармақ 1
1. Құрылтайдағы көпшілік – Құрылтайда депутаттық мандаттардың ең көп санын алған саяси партия.
Тармақ 2
2. Құрылтайдағы оппозиция – Құрылтайда өкілдігі бар және Құрылтайдағы көпшілікке кірмейтін, әдетте, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көпшілікке қарағанда өзге позиция ұстанатын саяси партия немесе саяси партиялар.
Құрылтайдағы оппозиция жекелеген мәселелер бойынша Құрылтайдағы көпшілік партиясын қолдауы мүмкін.
Саяси партияның фракциясы Құрылтайдағы қай оппозицияға жататынын тіркеу кезінде көрсетеді.
Тарау 9. 9-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
9-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
Бап 44
44-бап. Құрылтай депутаты
Тармақ 1
1. Құрылтай депутатының өкілеттігі оны Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаты ретінде тіркеген кезден басталады.
Депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін».
Антты Қазақстан Республикасының Президенті өзі айқындайтын тәртіппен қабылдайды.
Тармақ 2
2. Құрылтай депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
Осы талаптарды бұзу Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкілеттігін тоқтатуға алып келеді.
Тармақ 3
3. Құрылтай депутатының өкілеттігі депутат орнынан түскен, қайтыс болған, заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған, депутат саяси партияның басшы органының шешімімен кері шақырып алынған және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Құрылтай депутаты:
Тармақша 1
1) Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 2
2) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
Тармақша 4
4) сайланған саяси партиясынан шыққан немесе шығарылған;
Тармақша 5
5) сайланған саяси партиясы қызметін тоқтатқан кезде мандатынан айырылады.
Тармақ 5
5. Құрылтай депутатының өкілеттігі ол орнынан түскен жағдайда тоқтатылған кезде, сондай-ақ осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мандатынан айырылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісін көрсетіп қаулы қабылдайды және Құрылтай депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынуды Құрылтайға енгізу туралы шешім қабылдайды.
Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде Құрылтай тиісті Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады.
Тармақ 6
6. Құрылтай депутатының өкілеттігі ол қайтыс болған, заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған, депутат саяси партияның басшы органының шешімімен кері шақырып алынған жағдайларда тоқтатылған кезде, сондай-ақ осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ол мандатынан айырылған кезде Орталық сайлау комиссиясы осы адамның Құрылтай депутатының өкілеттігінен айырылу фактісін көрсетіп қаулы қабылдайды.
Тармақ 7
7. Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады.
Бап 45
45-бап. Депутаттық куәлiк және депутаттың төсбелгiсi
Тармақ 1
1. Құрылтай депутатының депутаттық куәлiгi мен төсбелгiсi болады, бұларды сайланған депутат ретiнде тiркелгеннен кейiн оған Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бередi.
Депутат депутаттық куәлiк пен төсбелгiнi өз өкiлеттiгі мерзiмi iшiнде пайдаланады.
Тармақ 2
2. Құрылтай депутатының депутаттық куәлiгi және төсбелгiсi туралы ереженi, олардың үлгiлерi мен сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.
Бап 46
46-бап. Құрылтай депутатының өкiлеттiгi
Тармақ 1
1. Депутат Құрылтай сессияларында және өзi құрамына кiретiн оның органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселе бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 2
2. Құрылтай депутаты:
Тармақша 1
1) Құрылтайдың үйлестiру және жұмыс органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
Тармақша 2
2) Құрылтай отырысының күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қарау тәртiбi мен олардың мәнi жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер енгiзуге;
Тармақша 3
3) Құрылтай сайлайтын және лауазымынан босататын не Құрылтай тағайындауға келісім беретін лауазымды адамдардың кандидатуралары жөнiнде өз пiкiрiн айтуға;
Тармақша 4
4) Құрылтай отырыстарында қарау үшiн ұсынылатын мәселелер бойынша Құрылтай Бюросына ұсыныстар енгiзуге, ал оның ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Құрылтай отырыстарының қарауына енгiзуге;
Тармақша 5
5) Құрылтайдың үйлестiру және жұмыс органдарының отырыстарында қарау үшiн мәселелер ұсынуға;
Тармақша 6
6) Құрылтайға есеп беретін лауазымды адамдардың есебiн немесе ақпаратын Құрылтай сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 7
7) депутаттық сауалмен жүгінуге;
Тармақша 8
8) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ отырысқа төрағалық етушiге сұрақтар қоюға;
Тармақша 9
9) дауысқа салынған мәселе бойынша өз ұсыныстарын негiздеп сөйлеуге, анықтама беруге;
Тармақша 10
10) заң жобаларына түзетулер енгiзуге;
Тармақша 11
11) осы Конституциялық заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген қаулылар мен өзге де актілердің жобаларына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 12
12) Құрылтай депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен таныстыруға;
Тармақша 13
13) Құрылтай отырыстарының стенограммаларындағы депутаттардың сөйлеген сөздерiнiң мәтiнiмен танысуға;
Тармақша 14
14) осы Конституциялық заңға және Құрылтай Регламентiне сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.
Бап 47
47-бап. Депутаттың Құрылтай жұмысына қатысуы
Тармақ 1
1. Құрылтай депутаты Құрылтайдың және өзi құрамына кіретін оның үйлестiру және жұмыс органдарының жұмысына қатысуға мiндеттi.
Құрылтайда депутаттың жеке өзi дауыс беруге тиіс.
Тармақ 2
2. Құрылтай Төрағасы не тиiсiнше депутат мүшесi болатын жұмыс органының жетекшісі Құрылтай Регламентінде белгiленген мерзiмде Құрылтай отырыстарының, Құрылтайдың үйлестіру және жұмыс органдары отырыстарының өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы, сондай-ақ олардың қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутатқа хабарлайды, оған осы мәселелер бойынша қажеттi материалдарды ұсынады.
Тармақ 3
3. Депутат отырысқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда бұл туралы Құрылтай Төрағасына не тиiсiнше Құрылтайдың жұмыс органының жетекшісіне күнi бұрын хабарлайды.
Тармақ 4
4. Депутат Құрылтай мен оның үйлестiру және жұмыс органдарының отырыстарына дәлелді себепсіз үш реттен артық қатыспаса, сол сияқты дауыс беру құқығын басқаға берсе, бұл Конституциялық заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға алып келеді.
Тармақ 5
5. Құрылтайдың үйлестіру және жұмыс органдарының құрамына кiретiн депутат кез келген мәселелер мен ұсыныстарды олардың қарауына енгiзуге, мәселелердi қарауға дайындауға, талқылауға және олар бойынша шешiм қабылдауға, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң жүзеге асырылуын ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға қатысуға құқылы.
Өзi құрамына кiретiн Құрылтайдың үйлестіру және жұмыс органдарының шешiмiмен келiспеген депутат Құрылтай отырысында өз көзқарасын баяндауға не ол туралы төрағалық етушiге жазбаша түрде хабарлауға құқылы.
Тармақ 6
6. Құрылтайдың үйлестіру және жұмыс органдарының құрамына кiрмейтiн депутат көрсетілген органдардың отырыстарына қатысып, ұсыныстар енгiзе алады, қаралатын мәселелердi талқылауға және кеңесшi дауыс құқығымен шешiм қабылдауға қатыса алады.
Депутат Құрылтайдың үйлестіру және жұмыс органдарының шешiмiмен келiспеген жағдайда өз ұсыныстарын заң жобасына, қаулы жобасына түзетулер ретiнде енгiзе алады. Депутат енгiзген түзетулер Құрылтай отырысында қаралады және олар дауысқа салынады.
Бап 48
48-бап. Депутаттық сауалдар мен сұрақтар
Тармақ 1
1. Депутаттық сауал – Құрылтай отырысында депутаттың мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына осы органның немесе лауазымды адамның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Құрылтай сессиясында негiзделген түсiндірме беруiн немесе өз ұстанымын баяндауын ресми сұраған талабы.
Тармақ 2
2. Құрылтай депутатының Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкiметі мүшелерiне, Ұлттық Банкі Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы мен мүшелеріне, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне сауал жолдауға құқығы бар.
Бас Прокурорға не құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жолданған сауал қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты бола алмайды.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына жолданған сауалдарды қарау Құрылтайдың жабық отырыстарында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Сауал Құрылтай отырысында жария етiлуге тиiс.
Депутат сауалда өзі жүгінетін лауазымды адамды және күтілетін жауаптың нысанын көрсетеді.
Тармақ 4
4. Өздерiне сауал жолданған лауазымды адамдар ол жөнінде Құрылтай Регламентінде көзделген тәртіппен жауап беруге міндетті. Сауалға жауап бір айдан аспайтын мерзімде ұсынылады.
Тармақ 5
5. Депутаттың талап етуі бойынша сауалға берілетін жауапты лауазымды адам Құрылтай отырысында жария етеді. Сауалға берілген жауап бойынша жарыссөз өткізілуі мүмкін.
Қажет болған кезде сауалға берiлген жауап және оны талқылау нәтижелерi бойынша Құрылтай қаулысы қабылданады. Сауал мен оған берiлген жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Депутаттар Құрылтай отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметi мүшелерiне, Ұлттық Банкi Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы мен мүшелерiне ауызша сұрақтар қоюға құқылы.
Бап 49
49-бап. Құрылтай депутатының лауазымды адамдардың тарапынан кiдiртпей қабылдануға құқығы
Тармақ 1
1. Депутаттық қызмет мәселелерi бойынша Құрылтай депутатының мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекеттiк ұйымдарға кедергісiз кiруіне құқығы, сондай-ақ олардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының тарапынан оның кiдiртпей қабылдануға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қызметi мемлекеттiк құпиялармен байланысты ұйымдарға депутаттың бару тәртiбi заңда белгiленедi.
Бап 50
50-бап. Құрылтай депутаттарының қызметiн ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Құрылтай Аппараты депутатты Құрылтай, оның үйлестіру және жұмыс органдары қабылдаған актілермен, сондай-ақ ресми таратылатын ақпараттық және анықтамалық материалдармен қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, олардың лауазымды адамдары депутатқа оның депутаттық қызметiнде туындаған мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетедi.
Бап 51
51-бап. Құрылтай депутаттарының қызметiн материалдық, қаржылық және әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Құрылтай депутаттарына жалақы Қазақстан Республикасы Конституциясының 65-бабының 8) тармақшасында көзделген тәртiппен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Құрылтайдың кезектi сессиялары аралығында депутаттарға екi лауазымдық айлықақы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының астанасынан тыс жерде тұратын депутаттарға олардың өкiлеттiк мерзiмiне тегiн пайдалану шартымен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша тұрмысқа жайлы және жиhазбен жабдықталған тұрғын үй берiледi.
Тармақ 4
4. Құрылтай депутаттарының өз сайлаушыларымен өзара қарым-қатынас жасауы, оларды Құрылтай қызметi туралы жүйелі түрде хабардар етiп отыруы, Құрылтайдың, оның үйлестіру және жұмыс органдарының тапсырмаларын орындауы үшiн әрбiр депутатқа:
Тармақша 1
1) көлiкпен жол жүру құжаттарын кезектен тыс алу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша iссапарға шығып тұру құқығы берiледi. Бұл ретте iссапар шығыстары Қазақстан Республикасы Конституциясының 65-бабының 8) тармақшасында көзделген тәртiппен бөлiнетiн қаражаттан өтеледi.
Тармақ 5
5. Құрылтай, оның үйлестіру және жұмыс органдарының тапсырмаларын орындау үшiн депутат iссапарға жiберiлген жағдайда оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша iссапар шығыстары төленедi.
Тармақ 6
6. Құрылтай депутаттарына Қазақстан Республикасының астанасы шегiнде автомобиль көлiгiмен қызмет көрсету, оларға емдеу-сауықтыру және санаторий-курорт қызметін көрсету Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Құрылтай депутатының өкілеттік мерзімі аяқталған соң, сондай-ақ ол орнынан түскен немесе Құрылтай таратылған жағдайда және жұмысқа орналасқан немесе зейнеткерлік жасқа жеткен кезге дейiн оған ай сайын орташа айлық жалақысы мөлшерiнде, бiрақ өкілеттігі тоқтатылған немесе орнынан түсу туралы өтініш қанағаттандырылған күннен бастап үш айдан аспайтын уақытқа жәрдемақы төленедi.
Бап 52
52-бап. Құрылтай депутатының өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кепiлдiктер
Тармақ 1
1. Депутаттық міндеттерін атқаруына бөгет жасау мақсатында депутатқа немесе оның жақын туыстарына қандай түрде болмасын ықпал жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың депутат алдындағы өз мiндеттерiн орындамайтын, оған көрiнеу жалған ақпарат беретін, депутаттық қызметтiң кепiлдiктерiн бұзатын лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 53
53-бап. Депутатқа ешкiмнiң тиiспеуі
Тармақ 1
1. Құрылтай депутатын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Тармақ 2
2. Депутатты ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға келiсiм алу үшiн Бас Прокурор Құрылтайға ұсыну енгiзедi, мұны Құрылтай отырысында қарауға дайындау үшiн Құрылтай Орталық сайлау комиссиясына жiбередi. Ұсыну депутатты күдіктінің іс-әрекеттерін саралау туралы қаулымен таныстырудың, ұстаудың, оны күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінудің, үйқамаққа алудың, күштеп әкелудің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi сотқа жiберудің алдында енгiзiледi.
Бас Прокурордың ұсынуы және Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы келiп түскен күнінен бастап екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады және Құрылтай тиiстi лауазымды адамдардан қосымша ақпарат беруді талап етуге құқылы. Құрылтай уәждi шешiм қабылдайды және оны Бас Прокурорға және анықтау мен алдын ала тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттiк органының басшысына үш жұмыс күні iшiнде жiбередi. Депутат өзiне ешкiмнiң тиiспеуі туралы мәселенi Құрылтай қараған кезде қатысуға құқылы.
Тармақ 3
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Құрылтай депутаты қылмыс орнында ұсталған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімін алғанға дейін, бірақ бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып жалғастырылуы мүмкін.
Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Бас Прокурор жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Орталық сайлау комиссиясы iс бойынша шешiм қабылдаған тиiстi соттан Құрылтай депутатын айыптау бойынша iстi қарау нәтижелерi туралы ақпаратты сұратып алады және оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, Құрылтайға депутаттық мандаттан айыру туралы ұсыну енгiзедi.
Бап 54
54-бап. Депутатқа қолданылуы мүмкiн жазалау шаралары
Тармақ 1
1. Депутат Құрылтайдың, оның үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстарына дәлелдi себепсiз үш реттен артық қатыспаған жағдайда, оған қатыспаған күндерi үшiн жалақы төлеуден бас тартылады.
Депутат Құрылтай, оның үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстарына дәлелдi себепсiз бiр айдан артық қатыспаған жағдайда, депутатқа қатыспаған мерзім үшін:
Тармақша 1
1) жалақы төлеуден;
Тармақша 2
2) көлiкпен жол жүру құжаттарын кезектен тыс алудан;
Тармақша 3
3) іссапарларға шығып тұрудан;
Тармақша 4
4) іссапар шығыстарын өтеуден;
Тармақша 5
5) автомобиль көлігімен қызмет көрсетуден;
Тармақша 6
6) емдеу-сауықтыру және санаторий-курорт қызметін көрсетуден бас тартылады.
Бұл туралы шешiмдi депутат Құрылтай отырысына қатыспаған кезде – Құрылтай Төрағасы, ал Құрылтай органдарының отырыстарына қатыспаған кезде Құрылтай Бюросы қабылдайды.
Тармақ 2
2. Депутат өзiнiң дауыс беру құқығын басқаға берген кезде Құрылтай Бюросының шешiмiмен оған дауыс беру құқығын басқаға берген күн үшiн жалақы төлеуден, ал дауыс беру құқығын басқаға қайта берген жағдайда бір айлық жалақысын төлеуден бас тартылады.
Тармақ 3
3. Осы Конституциялық заңда, Құрылтай Төрағасының шешімінде белгiленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзған жағдайда депутатқа мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) мiнеу;
Тармақша 2
2) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету;
Тармақша 3
3) Құрылтайдың бір отырысында сөз бермеу;
Тармақша 4
4) Құрылтайдың үш отырысында сөз бермеу;
Тармақша 5
5) Құрылтайдың бір отырысы уақытына отырыс залынан шығарып жiберу;
Тармақша 6
6) Құрылтайдың үш отырысы уақытына отырыс залынан шығарып жiберу;
Тармақша 7
7) бiр күндiк жалақысынан айыру.
Тармақ 4
4. Депутаттарға аталған шараларды қолдануға байланысты мәселелердi Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы дайындайды. Құрылтайдың, оның үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстарына депутаттардың келуiн, сондай-ақ депутаттың өз дауысын басқаға бермеуiн Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерi бақылайды.
Тармақ 5
5. Құрылтай депутаттарына осы бапта көзделген жазалау шараларын қолдану туралы мәселеге Құрылтайда өкілдігі бар, құрамына депутаттар кіретін саяси партиялардың фракциялары бастамашы болуы мүмкін.
Тарау 10. 10-тарау. ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕП
10-тарау. ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕП
Бап 55
55-бап. Депутаттық әдеп қағидалары
Тармақ 1
1. Құрылтай депутаттарының депутаттық әдеп қағидаларында олар депутаттық өкілеттігін атқарған кезде, сондай-ақ оны атқармаған кезде басшылыққа алуға тиіс мінез-құлық нормалары айқындалады. Бұл нормалар мынадай:
Тармақша 1
1) бір-біріне және Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс және консультативтік-кеңесші органдарының, депутаттық бірлестіктердің жұмысына қатысатын барлық басқа да адамдарға сыйластықпен қарау;
Тармақша 2
2) сөйлеген сөздерінде депутаттардың және басқа да адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін негізсіз айыптауды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолданбау;
Тармақша 3
3) заңсыз және күш қолданатын әрекеттерге шақырмау;
Тармақша 4
4) Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс және консультативтік-кеңесші органдарының, депутаттық бірлестіктердің қалыпты жұмысына кедергі келтірмеу;
Тармақша 5
5) Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс және консультативтік-кеңесші органдарының отырысында сөз сөйлеуді жеке өтініші мен депутаттық өкілеттікті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де өтініш үшін пайдаланбау;
Тармақша 6
6) сөйлеушінің сөзін бөлмеу;
Тармақша 7
7) басқа адамдардың сөзіне түсініктеме бермеу;
Тармақша 8
8) өз әрекеттерімен намысқа тиетін қимыл-ишарат жасауға, сес көрсетуге және қорлауға жол бермеу.
Тармақ 2
2. Депутат мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар ақпаратты ондай құпияларды сақтаудың белгіленген тәртібін сақтай отырып пайдалануға міндетті.
Депутаттық өкілеттігін жүзеге асыру кезінде өзіне белгілі болған мәліметтер Құрылтайдың, оның үйлестіру және жұмыс органдарының жабық отырыстарында қаралған мәселелерге қатысты болса, депутат бұл мәліметтерді жария ете алмайды.
Тармақ 3
3. Депутат депутаттық бланкілерді тек ресми сауалдар, хаттар, құжаттар үшін ғана пайдаланып, оларға өзі қол қоюға міндетті.
Тармақ 4
4. Құрылтайдың атынан өкілдік етуге арнаулы өкілеттігі жоқ депутат басқа мемлекеттердің лауазымды адамдарымен және мемлекеттік органдарымен тек өз атынан ғана қарым-қатынас жасай алады.
Бұл ретте депутат Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға, өз әрекеттерімен Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмеуге, сол сияқты басқа мемлекеттердің заңдарын бұзбауға, оларда тұратын халықтардың ұлттық дәстүрлері мен салттарын құрметтеуге міндетті.
Тармақ 5
5. Депутат масс-медиада, баспасөз конференцияларында, митингілерде, өзге де көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде немесе мәлімдемелерінде анық және тексерілген фактілерді ғана пайдалануға, қоғамдық пікірді бұрмалайтын пайымдауға жол бермеуге, кез келген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздерді қолданбауға міндетті.
Сынап сөйлеген сөздерінде шындыққа үйлеспейтін не тексерілмеген фактілерді қасақана немесе абайсызда қолданып қалған жағдайда, мүдделері мен намысына нұқсан келген ұйымдардан, органдар мен адамдардан көпшілік алдында кешірім сұрау – депутаттың парызы.
Тармақ 6
6. Депутаттық әдеп қағидаларын бұзған депутатқа осы Конституциялық заңға сәйкес жазалау шаралары қолданылады.
Бап 56
56-бап. Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес
Тармақ 1
1. Депутаттар депутаттық әдеп қағидаларын бұзған жағдайда оларға жазалау шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін Құрылтай Төрағасының жанынан кеңесші орган – Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құрылады.
Тармақ 2
2. Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Конституциялық заңды және Құрылтай Регламентін басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес:
Тармақша 1
1) депутаттардың масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы сұхбаттарына, мақалаларына және басқа да жария сөздеріне депутаттық әдеп қағидаларын бұзу белгілерінің бар-жоғы тұрғысынан мониторингті жүргізеді;
Тармақша 2
2) депутаттардың мінез-құлқына жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттардың депутаттық әдеп қағидаларын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 4
4) депутаттық әдеп қағидаларын бұзу фактілеріне жол бермеу мақсатында депутаттармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 5
5) депутаттық әдеп қағидаларын бұзуға болмайтынын назарына салады;
Тармақша 6
6) Құрылтай Төрағасына материалдарды Орталық сайлау комиссиясына беру туралы ұсыным енгізеді;
Тармақша 7
7) депутаттар депутаттық әдеп қағидаларын бұзған жағдайда, оларға жазалау шараларын қолдану жөнінде Құрылтай Төрағасына ұсыныс енгізеді;
Тармақша 8
8) өз қызметі барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
Тармақ 4
4. Депутаттық әдеп жөніндегі кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Депутаттық әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 5
5. Депутаттық әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері Құрылтай Регламенті арқылы шешіледі.
Тарау 11. 11-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
11-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 57
57-бап. Құрылтай қызметін қаржыландыру
Құрылтай қызметі республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
Бап 58
58-бап. Құрылтай Аппараты
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жоғары өкiлдi органы ретінде Құрылтайдың қызметiн ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзге де жағынан оның Аппараты қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Құрылтай Аппаратының штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. Құрылтай Аппаратының құрылымын Құрылтай Бюросы айқындайды.
Тармақ 3
3. Құрылтай Аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Құрылтай өкілеттігі мерзімдерінің аяқталуына байланысты Құрылтай таратылған және жоғары өкiлдi орган депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайда Аппараттағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі тоқтатылмайды.
Тармақ 5
5. Құрылтай Аппаратының қызметкерлері мәртебесі, жалақы мөлшері мен деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тиісті қызметкерлеріне теңестіріледі.
Тарау 12. 12-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
12-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 59
59-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Құрылтай – Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мирасқоры.
Тармақ 2
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілген заң жобаларын Құрылтай осы Конституциялық заңға және Құрылтайдың Регламентіне сәйкес қарайды.
Тармақ 3
3. Құрылтай Аппараты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының құқықтық мирасқоры. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Құрылтай Аппараты қалыптастырылғанға дейін өз қызметін жалғастырады.
Бап 60
60-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Конституциялық заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілген күннен бастап:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.