Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Карагандинской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы әкімдігінің: «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 8 қарашадағы №31/02; «Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 8 қарашадағы №31/02 «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 29 қазандағы №69/01 қаулылары күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 02 маусымдағы № 33/01 қаулысына қосымша «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) әкімнің және Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – әкімдік) қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппараттың «Қарағанды облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қарағанды облысы әкімдігінің істер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деген ведомстволық бағынысты ұйымы бар.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Аппараттың мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретінің мәселері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13 құрылыс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Аппараттың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындауда кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге Аппаратқа жол берілмейді. Егер Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке аударылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) облыс әкімінің және әкімдігінің өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде іске асыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) өкілеттіктер шегінде тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктерін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру; өзінің құзіреті шегінде сұратуларды жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалар мен өзге ұйымдардан облыс әкімінің және әкімдігі құзыретінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды алу; өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша облыс аумағында орналасқан ұйымдар басшыларына қажетті тапсырмалар беру (келісім бойынша); тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстағы ішкі саяси және экономикалық ахуалды зерделеу және талдау, оның дамуын болжау, қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың жұмысын талдау, облыс әкіміне және әкімдік мүшелеріне олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;
Тармақша 2
2) облыс әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығаруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) облыс әкімі аппаратының, қалалар, аудандар әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінде атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізу;
Тармақша 4
4) облыс әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда облыс әкімі мен әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, бақылау-қадағалау органдарының актілерін қарау;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылықтың профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу
Тармақша 6
6) облыс әкімдігінің отырыстарын, облыс әкімі мен оның орынбасарларының кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды және дайындау мен өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру, кеңестердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді және таратуды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) облыс әкімінің және әкімдігінің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің, облыстық басқармалардың, қалалар, аудандар әкімдіктерінің облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) облыс әкімінің және әкімдіктің іс қағаздарын, соның ішінде құпиялы іс қағаздарын жүргізуді нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 10
10) облыс әкімінің, әкімдік мүшелерінің тапсырмалары бойынша құзыреті шегінде тексерулер жүргізу, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғаларды ауызша тыңдау және жазбаша түсініктемені талап ету;
Тармақша 11
11) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын даярлауды және қайта даярлауды үйлестіру;
Тармақша 12
12) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 13
13) ақпараттандыру деңгейін арттыру және мемлекеттік мекеме жүйесін дамыту бойынша жұмыс жүргізу;
Тармақша 14
14) мемлекеттік наградалармен, облыс әкімінің грамотасымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, облыс әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) өзінің құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сайлауды өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық дайындықты және іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) жобалау қызметінің тиімді өзара іс-қимылын және үйлестірілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) мемлекеттік құпияларды қорғау;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Аппаратты басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Аппараттың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және босатылады.
Тармақ 18
18. Аппараттың бірінші басшысының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және босатылады.
Тармақ 19
19. Аппараттың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Аппараттың мүддесін білдіреді;
Тармақша 2
2) Аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 3
3) Аппарат туралы Ережені, құрылымы және штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды әкімдіктің отырысына бекітуге енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге материалдық ынталандыру (сыйақылар) белгілейді;
Тармақша 4
4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, Аппараттың бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Аппараттың қызметкерлерін тағайындайды, жұмыстан босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Аппараттың қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
Тармақша 9
9) әкімге әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын қол қоюға ұсынады;
Тармақша 10
10) әкімдіктің қабылданған қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;
Тармақша 12
12) құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
Тармақша 13
13) қызметкерлерді іссапарларға жібереді;
Тармақша 14
14) азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
Тармақша 16
16) әкім жүктейтін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайды. Аппараттың бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттігін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Аппараттың бірінші өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.