О Қазақстан Халық Кеңесі Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Халық Кеңесі туралы Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін, құрылу, құрамын қалыптастыру және қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Конституциялық заң, Қазақстан Халық Кеңесінің Регламенті, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттары Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің құқықтық негізін құрайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесін ұйымдастырудың және оның қызмет тәртібінің осы Конституциялық заңмен реттелмеген мәселелері Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентімен реттеледі.
Бап 2
2-бап. Мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты – мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға консультативтік тұрғыдан қатысу арқылы Қазақстан халқының мемлекеттік басқару саласындағы мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесі мынадай міндеттерді іске асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша жалпыұлттық диалогты ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайтады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетеді.
Бап 3
3-бап. Қызметінің қағидаттары Қазақстан Халық Кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) тәуелсіздік;
Тармақша 2
2) заңдылық пен құқықтық тәртіп;
Тармақша 3
3) диалог пен ашықтық;
Тармақша 4
4) консенсус пен алқалылық;
Тармақша 5
5) инклюзивтілік пен кемсітпеушілік қағидаттарын негізге ала отырып жүзеге асырады.
Бап 4
4-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің өкілеттіктері Қазақстан Халық Кеңесі:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Құрылтайына заң жобаларын енгізеді;
Тармақша 3
3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтық қоғам институттары арасындағы жалпыұлттық диалогты қамтамасыз ету үшін қоғамдық алаңдарды, консультациялар мен тыңдауларды, семинарларды, конференцияларды, сондай-ақ өзге де іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттің ішкі саясатының мәселелері, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсатымен және міндеттерімен байланысты мәселелер бойынша қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҒЫ
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҒЫ
Бап 5
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты өкілеттігі Қазақстан Республикасының Президентi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығын құрады және оның басшысын тағайындайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Халық Кеңесінің сессияларына қатысуға және Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының өзге де мәселелері бойынша ұсыныстармен және бастамалармен сөз сөйлеуге құқылы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 6
6-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің құрылымы
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің құрылымын Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы мен Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы құрайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесі өзінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру бағыттары бойынша тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтарын, сондай-ақ өзге де консультативтік-кеңесші органдар құруға құқылы. Оларды құрудың және қызметінің тәртібі Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде айқындалады.
Бап 7
7-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы – Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жиналысы (бұдан әрі – Сессия) Қазақстан Халық Кеңесінің жоғары басшылық органы болады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші Сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті шақырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесінің кезекті Сессиясын Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Сессияны шақыру туралы өкім оның өтетін күні, орны және күн тәртібі көрсетіліп, басталуынан отыз күннен кешіктірмей шығарылады, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы Қазақстан Халық Кеңесінің:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Құрылтайына заң жобаларын енгізу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 2
2) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру;
Тармақша 3
3) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша тұжырымдамалық тәсілдер, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі өкілеттіктерін іске асырады.
Тармақ 5
5. Сессия жұмысына Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Сессия заңды болып есептеледі.
Тармақ 6
6. Сессия шешіміне Қазақстан Халық Кеңесінің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Сессия шешімін Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы бекітеді. Сессия шешімдеріндегі мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар міндетті түрде қаралуға тиіс.
Тармақ 8
8. Сессияда талқыланатын мәселелер, қабылданған ұсынымдар мен ұсыныстар жұртшылық назарына жеткізіледі.
Тармақ 9
9. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының шешімімен Сессия отырыстарына Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі емес лауазымды және өзге де адамдар, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері шақырылуы мүмкін.
Бап 8
8-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясында төрт жыл мерзімге сайланады. Бір адам екі реттен артық Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайлана алмайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері ұсынады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасын сайлау жөніндегі Қазақстан Халық Кеңесінің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан кезде заңды болады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Халық Кеңесінің қызметіне жалпы басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясын шақырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Халық Кеңесі басшылыққа алатын құжаттарды бекітеді, оларды іске асыру жөнінде тапсырмалар береді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясында және Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының отырыстарында төрағалық етедi;
Тармақша 5
5) Қазақстан Халық Кеңесі Сессиясының күн тәртібін айқындайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентін бекітеді;
Тармақша 7
7) бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Халық Кеңесінің атынан үндеулер мен мәлімдемелер жасайды;
Тармақша 8
8) өз өкілеттігінің бір бөлігін өзінің орынбасарларына беруге құқылы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің арасынан ротациялау қағидаттарына сәйкес екі жыл мерзімге тағайындайды. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасарларын ротациялау Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады. Бір адам бір реттен артық Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындала алмайды.
Бап 9
9-бап. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігін тоқтату
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өкілеттік мерзімі аяқталған;
Тармақша 2
2) өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған немесе шет мемлекеттің аумағында тұруға ықтиярхат не тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжат алған;
Тармақша 4
4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Тармақша 5
5) заңды күшіне енген сот шешімімен ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылған;
Тармақша 6
6) заңды күшіне енген сот шешімімен ол хабарсыз кеткен деп танылған;
Тармақша 7
7) қайтыс болған немесе заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болған деп жарияланған;
Тармақша 8
8) Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша шешім қабылданған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Өкілеттікті тоқтату туралы шешім Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігі тоқтатылған жағдайда жаңа Төраға сайланғанға дейін оның міндеттерін Төрағаның орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы уақытша атқарады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Халық Кеңесінің жаңа Төрағасын сайлау Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының өкілеттігі осы баптың 1-тармағының 2) – 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Халық Кеңесінің жаңадан сайланған Төрағасы өкілеттігін қалған мерзімде жүзеге асырады.
Бап 10
10-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы (бұдан әрі – Төралқа) сессиялар аралығындағы кезеңде Қазақстан Халық Кеңесіне басшылық жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Төралқа – этномәдени бірлестіктерден, қоғамдық бірлестіктерден және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінен тең дәрежеде өкілдік ететін мүшелерінің арасынан Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы қалыптастыратын алқалы орган.
Тармақ 3
3. Төралқа отырыстарын Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы немесе Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасымен келісу бойынша оның орынбасарлары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет шақырады.
Тармақ 4
4. Төралқаның өкілеттігіне:
Тармақша 1
1) заң жобаларын әзірлеу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасына кезекті Сессияны шақыру және оның күн тәртібі туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Халық Кеңесінің жұмыс жоспарына ұсыныстар тұжырымдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың бағыттары бойынша тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтарын құру туралы ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 5
5) Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттері, салалық комиссиялары мен жұмыс топтары жетекшілерінің ақпаратын тыңдау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің әдеп нормаларын бұзуы не өз міндеттерін тиісінше орындамауы фактілері анықталған жағдайда Этика жөніндегі комиссия қорытындысы негізінде оның өкілеттігін тоқтату жөнінде ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 7
7) Сессияның құзыретіне жатпайтын өзге де шешімдерді қабылдау жатады.
Тармақ 5
5. Төралқа отырысының жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі.
Тармақ 6
6. Төралқа шешімі хаттамамен ресімделеді және отырысқа қатысқан Төралқа мүшелерінің кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Бап 11
11-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы – Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы туралы ережемен регламенттеледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығын Хатшылық басшысы басқарады, ол бір мезгілде Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары болады және лауазымға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі емес адамдар арасынан төрт жыл мерзімге тағайындалады.
Тарау 3. 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚҰРУ, ОНЫҢ ҚҰРАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚҰРУ, ОНЫҢ ҚҰРАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Бап 12
12-бап. Қазақстан Халық Кеңесін құру және оның құрамын қалыптастыру тәртібі
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы азаматтық қоғам мен жергілікті өзін-өзі басқару институттарының ұсынымдары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан мынадай пропорцияда қалыптастырылады: этномәдени бірлестіктерден – қырық екі адам, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардан – қырық екі адам, астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарынан және қоғамдық кеңестерінен – қырық екі адам.
Тармақ 2
2. Егер осы Конституциялық заңда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы туралы ұсыныстарды Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы қалыптастырады және олар Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіту үшін Қазақстан Республикасының Президентіне жіберіледі.
Бап 13
13-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі бола алады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесінің этномәдени бірлестіктерден, қоғамдық бірлестіктерден және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан қабылданған мүшесінің қоғамдық қызмет тәжірибесі кемінде үш жыл, оның ішінде тиісті этномәдени бірлестіктің, қоғамдық бірлестіктің және өзге де коммерциялық емес ұйымның қызметіне қатысу тәжірибесі кемінде бір жыл болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған адам;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам;
Тармақша 3
3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі бола алмайды.
Бап 14
14-бап. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өз қызметін осы Конституциялық заңда белгіленген өкілеттіктер шеңберінде қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің этносқа, дінге, партияға немесе өңірге жататыны негізінде бірігуіне жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Халық Кеңесінің жұмыс жоспарына және сессиялардың күн тәртібіне ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттерінің, салалық комиссияларының және жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Халық Кеңесі конференцияларының, семинарларының, дөңгелек үстелдерінің жұмысына және өзге де іс-шараларына қатысуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өз өкілеттігін басқа адамдарға беруге құқылы емес.
Тармақ 4
4. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесі ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша Сессияның және Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының шешімдерін орындауға;
Тармақша 3
3) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділік пен алауыздықты қоздыруға бағытталған әрекеттерге немесе мәлімдемелерге жол бермеуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің қағидаттарын, Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің осы Конституциялық заңның 21-бабында белгіленген әдеп нормаларын және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
Бап 15
15-бап. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өкілеттігін тоқтату
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өкілеттік мерзімі аяқталған;
Тармақша 2
2) өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған немесе шет мемлекеттің аумағында тұруға ықтиярхат не тұрақты тұруға құқығын растайтын өзге де құжат алған;
Тармақша 4
4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Тармақша 5
5) заңды күшіне енген сот шешімімен ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылған;
Тармақша 6
6) заңды күшіне енген сот шешімімен ол хабарсыз кеткен деп танылған;
Тармақша 7
7) қайтыс болған немесе заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болған деп жарияланған;
Тармақша 8
8) Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі осы Конституциялық заңда белгіленген өз міндеттерін тиісінше орындамаған, Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының тиісті шешімі болған;
Тармақша 9
9) Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі осы Конституциялық заңның 21-бабында белгіленген әдеп нормаларын бұзатын теріс қылық жасаған, Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының тиісті шешімі болған;
Тармақша 10
10) Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде белгіленген тәртіппен ротацияланған;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 2) – 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Халық Кеңесінің шығып қалған мүшесінің орнына кірген Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің өкілеттігі Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің қалған өкілеттік мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Бап 16
16-бап. Заң шығаруға бастама жасау құқығын іске асыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесі өзінің мақсаты мен міндеттерін осы Конституциялық заңда көзделген тәртіппен жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығаруға бастама жасау құқығын іске асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесінде заң жобаларын әзірлеуге Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірі бастама жасауы, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының шешімімен бастама жасалуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Заң жобалары Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентіне сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттерінде, салалық комиссияларында және жұмыс топтарында міндетті түрде алдын ала талқылануға тиіс.
Тармақ 4
4. Заң жобаларын Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізу туралы шешім Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясында Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданады.
Бап 17
17-бап. Бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесі өзінің мақсаты мен міндеттерін іске асыру шеңберінде осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеруге құқылы.
Тармақ 2
2. Бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру жөніндегі мәселені қою құқығы Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісіне тиесілі.
Тармақ 3
3. Бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру жөніндегі мәселе Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентіне сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттерінде, салалық комиссияларында және жұмыс топтарында міндетті түрде алдын ала талқылануға тиіс.
Тармақ 4
4. Бүкілхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру жөніндегі шешім Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясында Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады.
Бап 18
18-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің Қазақстан Республикасының Құрылтайымен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауы
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесі өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде қоғамдық мүдделерді білдіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Құрылтайымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесі заң жобаларын енгізу, өз өкілдерінің оның өкілеттігіне жатқызылған мәселелер бойынша тыңдауға, комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысуы, қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша дайындалған қорытындылар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Құрылтайына жіберу арқылы Қазақстан Республикасының Құрылтайымен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесі тұрақты және уақытша комитеттердің, салалық комиссиялардың және жұмыс топтарының жұмысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы, ұсыныстар, сұрау салу енгізу және Қазақстан Халық Кеңесіне ақпарат пен талдамалық материалдар ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің қорытындылары мен ұсынымдарын жіберу арқылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге және осы Конституциялық заңға сәйкес оның мақсаты мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуге міндетті.
Бап 19
19-бап. Қоғамдық бірлестіктермен, өзге де коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан халқының мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету және қоғамдық диалогқа жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктерімен, өзге де коммерциялық емес ұйымдарымен және азаматтарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесі қоғамдық бірлестіктерді, өзге де коммерциялық емес ұйымдарды, сарапшылық және ғылыми қоғамдастықтарды, кәсіптік одақтарды, сондай-ақ жекелеген азаматтарды қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға, қоғамдық сараптама жүргізуге, талдамалық, консультативтік материалдарды, ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындауға тартуға құқылы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесі өз өкілеттігінің мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің, өзге де коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстар, бастамалар және өтініштер беру мүмкіндігін Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Қоғамдық бірлестіктермен, өзге де коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау Қазақстан Халық Кеңесіне, мемлекеттік органдарға шешімдер қабылдау бойынша міндеттемелер жүктемейді және мұндай өзара іс-қимылға қатысушылардың дербестігін шектемейді.
Бап 20
20-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін іске асырудың өңірлік тетіктері
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі өңірлік деңгейде «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер Қазақстан Халық Кеңесінің азаматтық қоғам институттарымен және халықпен диалогын және өзара іс-қимылын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік деңгейінде қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Қоғамдық кеңестер өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған қызметті жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Халық Кеңесінің шешімдерін басшылыққа алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Халық Кеңесінің өкілеттігін іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды Қазақстан Халық Кеңесіне енгізеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Халық Кеңесінің жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде айқындалады.
Бап 21
21-бап. Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің әдеп нормалары
Тармақ 1
1. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Конституциялық заңды, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, сондай-ақ Қазақстан халқының мүдделеріне қызмет ету қағидатын басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі қоғамдық мүдделерге және өзінің мәртебесін жеке басының мақсаттарында, корпоративтік не өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге басымдық беруді негізге ала отырып, адал, тәуелсіз және бейтарап әрекет етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі адамның және азаматтың құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді, қоғамдық маңызы бар мәселелерді қарау кезінде өзара құрмет, ашықтық және сындарлы диалог қағидаттарын сақтайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Қазақстан Халық Кеңесінің беделіне нұқсан келтіруге, қоғамның сенімін бұзуға ықпал ететін не Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты мен міндеттеріне қайшы келетін әрекеттер мен мәлімдемелерден бас тартады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің әдеп нормаларын сақтамауы осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 6
6. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің әдеп нормаларын сақтауын, сондай-ақ олардың өз міндеттерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері және қажет болған кезде азаматтық қоғамның өзге де өкілдері арасынан Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының шешімімен Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Әдеп жөніндегі комиссия құрылады.
Тармақ 7
7. Әдеп жөніндегі комиссия шағымдарды, өтініштерді, әдеп нормаларын ықтимал бұзу фактілері, Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы туралы өзге де материалдарды қарау негізінде қорытынды мен ұсынымдар дайындайды және оларды Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасына жібереді.
Тармақ 8
8. Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің әдеп нормаларын бұзу фактілері не оның өз міндеттерін тиісінше орындамау фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы оның өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылдауға құқылы.
Бап 22
22-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қаржылай қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бап 23
23-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Конституциялық заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілген күннен бастап «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.