О статусе столицы Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының астанасы (бұдан әрі – астана):
Тармақша 1
1) мемлекеттің саяси және әкімшілік орталығы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясында сақталатын Қазақстан Республикасының Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары орналасқан жер.
Тармақ 3
3. Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы, Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Үкіметі, Жоғарғы Соты және өзге де орталық мемлекеттік органдары орналасқан. Қазақстан Республикасының жекелеген орталық мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астанадан тыс жерде орналасуы мүмкін.
Бап 2
2-бап. Астананың мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Астананың мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Конституциялық заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан тұрады.
Бап 3
3-бап. Астананың өңірлік нышаны Астананың өз өңірлік нышаны бар. Өңірлік нышанның сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін астананың мәслихаты айқындайды.
Бап 4
4-бап. Қала атынан берілетін атақ және көтермелеу түрлері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға астананың экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымы мен мәдениетін дамытуға сіңірген айрықша еңбегі үшін астана әкімінің ұсынуымен астана мәслихаты «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беруі мүмкін.
Тармақ 2
2. Астананың жергілікті өкілді органы (мәслихаты) және жергілікті атқарушы органы (әкімдігі) көтермелеудің өзге де түрлерін белгілеуге және қолдануға құқылы.
Бап 5
5-бап. Астананың аумағы мен қала маңындағы аймағы
Тармақ 1
1. Астананың шекарасындағы жер, су объектілері астана аумағын құрайды, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі астананың шекарасын өзгерту туралы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып белгілейді және өзгертеді.
Тармақ 2
2. Қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақты құрайтын қала аумағынан тысқары жерлер астананың қала маңындағы аймағы болып саналады, оның көлемі мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкіметі астана мәслихаты мен әкімдігінің және аумағы қала маңындағы аймаққа қосылған облыс мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысы бойынша белгілейді және өзгертеді. Астананың қала маңындағы аймағына қосылған жерлерді пайдаланудың тәртібі мен режимін Қазақстан Республикасының Үкіметі астана мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысы бойынша айқындайды, бұл ұсыныс аумағы қала маңындағы аймаққа қосылған облыстың мәслихатымен және әкімдігімен, сондай-ақ жергілікті агломерация кеңесімен келісіледі.
Тарау 2. 2-тарау. АСТАНАДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2-тарау. АСТАНАДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 6
6-бап. Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының міндеттері Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының астана функцияларын қаланың орындауын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері:
Тармақша 1
1) астананың Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығының рөлін атқаруы үшін жағдай жасау;
Тармақша 2
2) астананың әлемдегі басқа астаналар арасындағы бәсекелестік мүмкіндіктерін арттыру, орнықты дамыған қаланы құру;
Тармақша 3
3) астананы халықаралық қатынастар орталығы ретінде дамыту;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
Тармақша 5
5) астанада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жағдай жасау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқару.
Бап 7
7-бап. Астана мәслихатының өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттікпен қатар, астананың мәслихаты өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен халықаралық байланыс орнатады;
Тармақша 2
2) мыналарды: астананы дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, астана бюджетін және олардың атқарылуы туралы есепті; астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағын қала құрылысы үшін игеру схемаларын; астана аумағының қала құрылысы регламентін; астананың орманды саябақ аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидасын; астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін; астанада жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын бекітеді;
Тармақша 3
3) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келіседі.
Бап 8
8-бап. Астананың жергілікті атқарушы органының өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттікпен қатар, астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүліктің тізбесін бекітеді;
Тармақша 2
2) астананың сәулет-қала құрылысы кеңесі үшін алдын ала қорытындылардың материалдарын дайындайды;
Тармақша 3
3) реконструкциялау объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімін бақылайды;
Тармақша 4
4) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, қызметінің негізгі нысанасы астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық іс-шаралар мен көрмелерге дайындауға жәрдемдесу болып саналатын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 5
5) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мен оның дизайн-кодын сақтауға бағытталып жөнделуге тиіс көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды;
Тармақша 6
6) астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар қатарынан астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мен оның дизайн-кодын сақтауға бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті ұйымды (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) айқындайды;
Тармақша 7
7) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мен оның дизайн-кодын сақтауға бағытталған, астананың көппәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 8
8) авариялық жағдайдағы көппәтерлі тұрғын үйлерді сүруді ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, астана тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды;
Тармақша 10
10) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, астанада арнаулы трассаларды және автомобиль жолдарының оларға іргелес жатқан жекелеген учаскелерін, көшелерді және көше-жол желісін жинау және санитариялық тазарту жөніндегі заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 11
11) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту және олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады;
Тармақша 12
12) қалалық шаруашылық объектілерінің, абаттандыру элементтерінің біртұтастығын және олардың сақталуын қамтамасыз ету және қаланы дамыту жөніндегі шараларды жүргізеді;
Тармақша 13
13) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша транзиттік автомобиль көлігінің жүру схемалары мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 14
14) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;
Тармақша 15
15) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны айқындайды;
Тармақша 17
17) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, астанада жол жүрісін ұйымдастыруға, орынтұрақ кеңістігін басқаруға жауап беретін заңды тұлғаны (бұдан әрі – астанада жол жүрісін ұйымдастыру орталығы) айқындайды;
Тармақша 18
18) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 19
19) жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ендіру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 20
20) көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 21
21) астана аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;
Тармақша 22
22) астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағын қала құрылысы үшін игеру схемаларын әзірлейді;
Тармақша 23
23) астананың жазғы алаңдарын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 24
24) астананың орманды саябақ аймағын күтіп-ұстау және дамыту үшін жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 25
25) астананың орманды саябақ аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 26
26) астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін әзірлейді;
Тармақша 27
27) астанада ұлттық қолөнерді және оның инфрақұрылымын құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 28
28) астанада жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын әзірлейді.
Бап 9
9-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық іс-шаралар мен көрмелерге дайындауға жәрдем көрсететін ұйым Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық іс-шаралар мен көрмелерге дайындауға жәрдем көрсететін ұйым:
Тармақша 1
1) астананың брендін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеп, оларды астана әкімдігінің қарауына енгізеді және осы іс-шараларды іске асырады;
Тармақша 2
2) астананың әкімдігіне астананың брендін ілгерілету бойынша қызмет көрсетеді;
Тармақша 3
3) инвестиция тартады және туристік дестинацияны дамыту шеңберіндегі жобаларды іске асырады;
Тармақша 4
4) жаңартылатын энергия көздері саласында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытады;
Тармақша 5
5) астанада туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілетеді;
Тармақша 6
6) жергілікті және шетелдік туристерге астана туралы қажетті ақпарат береді;
Тармақша 7
7) туризм саласындағы инновациялық шешімдерді қарастырады, зерделейді, тартады және ендіреді;
Тармақша 8
8) астана әкімдігіне астананың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 9
9) астана әкімдігі айқындайтын өзге де қызметті атқарады.
Бап 10
10-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
Тармақ 1
1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
Тармақша 1
1) меншік иелерін немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын айқындауды қамтамасыз етеді, өтем мөлшерін айқындайды;
Тармақша 3
3) мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылатын жер учаскелерін ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатудың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларымен келіссөздерді, келісу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселелері бойынша соттарда астана әкімдігінің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 6
6) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылатын жер учаскесі немесе өзге де жылжымайтын мүлік құнының және өтелуге тиіс залалдардың өтемін бюджет қаражаты есебінен төлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылатын жер учаскелерін ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Астананың жергілікті атқарушы органы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласында көрсетілетін қызмет пен жұмысты осы баптың 1-тармағында айқындалған мемлекеттік кәсіпорыннан сатып алады.
Бап 11
11-бап. Астанада жол жүрісін ұйымдастыру орталығы
Тармақ 1
1. Астанада жол жүрісін ұйымдастыру орталығы:
Тармақша 1
1) көше, шеткері және коммуналдық автомобиль тұрақтарын (орынтұрақтар, паркингтер), арнаулы (күзетілетін) үй-жайларды, алаңдар мен тұрақтарды, орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 2
2) паркингтер мен орынтұрақтардың пайдаланылуын мониторингтейді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізумен (эвакуациялаумен), оларды уақытша сақтаумен, жеткізу (эвакуациялау) және сақтау құнын төлеумен, арнаулы (күзетілетін) үй-жайларда, алаңдар мен тұрақтарда тұрған, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кездегі көлік құралдарын, тасталған немесе иесіз көлік құралын, заттай дәлелдемелер деп танылған көлік құралдарын, сондай-ақ тыйым салу қолданылған көлік құралдарын қайтарумен байланысты қызметті ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) бағдаршамдарды басқарады;
Тармақша 5
5) жол жүрісін ұйымдастыру жобалары мен схемаларын әзірлейді;
Тармақша 6
6) көлік ағынын талдайды, болжайды және басқарады;
Тармақша 7
7) интеллектуалдық көлік жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) көліктік инфрақұрылым объектілерін басқарады;
Тармақша 9
9) жол жүрісін және аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша есептер дайындайды;
Тармақша 11
11) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыным әзірлейді;
Тармақша 12
12) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 13
13) қала құрылысы құжаттамасының аумақтық-көліктік жоспарлауға және жол жүрісін ұйымдастыруға қатысты ұсынымдар әзірлейді;
Тармақша 14
14) жол-көлік оқиғаларынан болған шығындарды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалған бюджет шығындарын, сондай-ақ жолдардағы авариялар деңгейін төмендету үшін қабылданатын шаралардың тиімділігін мониторингтеуге қатысады;
Тармақша 15
15) елді мекендерге көлік жүктемесін азайту бойынша шараларды: жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемаларын және көлік жүйесін кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу; қалалардағы жол жүрісін ақпараттық қамтамасыз ету арқылы орындайды;
Тармақша 16
16) ауыр салмақты және ірі габаритті жүк көлік құралдарының жүруін ұйымдастырады, оның ішінде олардың көше-жол желісі бойынша жүруін әкімшілендіреді;
Тармақша 17
17) бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де іс-шараларға көліктік қызмет көрсету схемаларын келіседі;
Тармақша 18
18) қоғамдық көлік жүрісінің маршруттары мен параметрлерін және аялдау пункттерінің орналасуын келіседі.
Тармақ 2
2. Астанада жол жүрісін ұйымдастыру орталығы осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлігінде Астана қаласында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес ақылы негізде жеткізеді (эвакуациялайды), сақтайды.
Бап 12
12-бап. Астана әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астана әкімі өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасының Құрылтайымен, Үкіметімен, өзге де орталық мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттердің өкілдерімен қатынаста астананың атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) астананың мүдделерін тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіседі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына астананың жұмыс істеуі және оны дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да ұсыныстарды енгізеді;
Тармақша 4
4) астанада жалпымемлекеттік және халықаралық сипаттағы іс-шараларды өткізу мәселелерін шешуге қатысады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына астана аумағында орналасқан, республикалық меншіктегі, қаланың астана функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін зор маңызы бар объектілерді қаланың коммуналдық меншігіне беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Бап 13
13-бап. Астананың коммуналдық меншігі Астананың коммуналдық меншігі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік меншігінің құрамдас бөлігі, ол:
Тармақша 1
1) жеке меншіктегі жер учаскелерін қоспағанда, астана аумағындағы жер меншігінен;
Тармақша 2
2) астана әкімдігі акционері (қатысушысы) ретінде әрекет ететін акционерлік қоғамдардағы акцияларға меншік құқығынан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлесінен;
Тармақша 3
3) астана көшелерінен, жылжымайтын мүлік меншігінен;
Тармақша 4
4) астана әкімдігі меншік иесі ретінде әрекет ететін мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мүлкінен;
Тармақша 5
5) өзге де мүліктен, оның ішінде мүліктік құқықтан тұрады.
Бап 14
14-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
Тармақ 1
1. Астананың аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі астананың бас жоспарына, қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесіне (мемлекеттік нормативтік құжаттарға), астананың бірыңғай сәулеттік келбетіне, дизайн-кодына қойылатын талаптарға және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Бiрыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөнiндегi iс-қимылды үйлестiру, адам өмір сүретін және тiршiлiк ететін ортаның сапасын арттыру, астананың орнықты дамуын қамтамасыз ету және заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру үшiн астана әкiмдiгi жанынан сәулет-қала құрылысы кеңесi құрылады, оның құрамын астананың жергiлiктi өкiлдi органы қалыптастырады. Астананың сәулет-қала құрылысы кеңесi туралы ереженi астана әкiмi бекiтеді және оны өзі басқарады. Астананың сәулет-қала құрылысы кеңесiнiң құрамына жергiлiктi атқарушы органның өкiлдерi, сәулетшiлер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, жобалау, қоғамдық және өзге де ұйымдардың, оның iшiнде мүгедектiгi бар адамдардың мүдделерiн бiлдiретiн ұйымдардың өкiлдерi кiредi. Астананың сәулет-қала құрылысы кеңесі:
Тармақша 1
1) астананың аумағы мен қала маңындағы аймағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс жобаларын қарайды;
Тармақша 2
2) астананың сәулеттік-көркем келбеті мәселелері бойынша ұсынымдарды қарайды және енгізеді;
Тармақша 3
3) сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді атқарады. Сәулет-қала құрылысы кеңесі отырыстарының жиілігін астана әкімі айқындайды.
Тармақ 3
3. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мен оның дизайн-кодын сақтау үшін астананың жергілікті атқарушы органы көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қарауды жүргізеді. Астананың жергілікті атқарушы органы техникалық зерттеп-қарау актілері негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мен оның дизайн-кодын сақтауға бағытталып жөнделуге тиіс көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
Тармақ 4
4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мен оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз ету үшін уәкілетті ұйымға:
Тармақша 1
1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мен оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) мыналармен: көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен; мердігер ұйыммен шарттар жасасу;
Тармақша 3
3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу;
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарын мониторингтеу және бақылау өкілеттіктері берілген.
Бап 15
15-бап. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-коды
Тармақ 1
1. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар дизайн-код объектілеріне қолданылады, оларға астананың ғимараттары мен құрылысжайлары, инженерлік және көлік коммуникациялары, стационарлық емес объектілері, инфрақұрылым объектілері, астананың тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік), өнеркәсіптік (өндірістік), рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтарындағы олардың кешендері, аяқталмаған құрылыс объектілері, көше-жол желісі, сондай-ақ сыртқы безендіру, жарықтандыру және иллюминация объектілері, жарнама объектілері, маңдайшалар мен нұсқағыштар да жатады.
Тармақ 2
2. Астананың аумағын дамыту мен онда құрылыс салуды ұйымдастыру, қала құрылысын жоспарлау астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Дизайн-код объектілерін салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату, уақытша немесе тұрақты орналастыру, сондай-ақ осы жұмыс түрлерін ұйымдастыру, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және сыртқы безендіру астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптарға сәйкес астананың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Астананың дизайн-кодын қалыптастыру мен әкімшілендіруге жауапты ұйым астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптардың сақталуын бағалайды.
Тармақ 5
5. Қалалық инфрақұрылымды ұйымдастыру кезінде астананың жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымының тиісті түрдегі жай-күйін көрсететін қолжетімді орта қалыптастырылуға және аталған инфрақұрылым жол жүрісіне қатысушыларды, мүгедектігі бар адамдарды, кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлерді қоса алғанда, азаматтардың барлық санаттарының оған жайлы қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс.
Бап 16
16-бап. Астананың орманды саябақ аймағы режимінің ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Астананың орманды саябақ аймағы деп астана аумағы шегіндегі, қорғау, сауықтыру және рекреациялық функцияларды орындауға арналған жерлер танылады.
Тармақ 2
2. Астананың орманды саябақ аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы шешімді астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Тармақ 3
3. Астананың орманды саябақ аймағының жерлерінде экологиялық жүйенің, өсімдіктердің, жануарлар мен басқа да организмдердің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне теріс әсер ететін кез келген қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға және айдауға, қоқысты жинап қоюға, топырақтың бұзылуына, аң аулауға, жануарларды заңсыз аулауға, алып қоюға және жансыздандыруға, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға, осы аймақтың табиғи келбетін өзгертетін немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығын бұзатын өзге де қызметке тыйым салынады.
Бап 17
17-бап. Астананың инфрақұрылымы Астананың инфрақұрылымын:
Тармақша 1
1) инженерлік инфрақұрылым;
Тармақша 2
2) көліктік инфрақұрылым;
Тармақша 3
3) тұрғын үй қорын, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі сауда объектілерін инженерлік жағынан қамтамасыз ету, пайдалану және жөндеу жүйесі;
Тармақша 4
4) абаттандыру және көгалдандыру жүйесі;
Тармақша 5
5) астананың жұмыс істеуі үшін қажет басқа да объектілер мен жүйелер құрайды.
Тарау 3. 3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 18
18-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Конституциялық заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілген күннен бастап «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.