О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Костанайской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9001 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26796 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.