Об установлении публичного сервитута Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 67, 69 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1 «Мойынқұм ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдык мемлекеттік мекемесіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бетпақдала жер қоры жерінен антенна діңгек құрылысына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін жалпы алаңы 2,234 гектар және 10 кВт электр желісін жүргізу үшін жалпы алаңы 1,371 гектар жер учаскесінде 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мойынқұм ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдык мемлекеттік мекемесіне антенна діңгек құрылысына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізуден және 10 кВт электр желісін жүргізуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және 10 кВт электр желісін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.