Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунального государственного предприятия Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы, 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес, Қызылөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қараөзек ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі таза табыс кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.