Об установлении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Алатау Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1 тармағының 4-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары – С.К. Шәуменге жүктелсін.
Басқа 3. Алатау қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Қала әкімдігінің 2026 жылғы «___» _____ № ___ қаулысына қосымша Алатау қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары № Сауда объектілерінің орналастыру орындары Аумағы (шаршы метр) Сауда қызметін жүзеге асыру мерзімі Өнім түрі 1 Алматы-Қонаев авто-трассасы бағытындағы 47 шақырымы (Алматы облысы, Алатау қаласы, Жаңаарна шағын ауданы, №24А) 5000 м2 1 жыл Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 2 Қонаев-Алматы авто-трассасы бағытындағы (Алматы облысы, Алатау қаласы, Жаңаарна шағын ауданы, №727) 5000 м2 1 жыл Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы