Об утверждении формы постановления государственных инспекторов о приостановлении деятельности в сфере строительства Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулыcының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулысының нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы актісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 333 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35125 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулы
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 285 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулы
1) Жедел ден қою шарасының
түрі:________________________________________________________________
2) Қаулының жасалған күні, уақыты мен орны:
_______________________________________________________________
__________________________________________________________________
3) Мемлекеттік органның атауы:
_______________________________________________________________
__________________________________________________________________
4) Қаулыны жасайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы:
__________________________________________________________________
5) Бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ қаулыны ресімдеу кезінде қатысушы бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің лауазымы:________________________________
__________________________________________________________________
6) Жедел ден қою шарасын қолдану негізі:_________________________________
7) Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде):_________
__________________________________________________________________
8) Қаулыны алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (күні және бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің қолтаңбасы):______________________________________________________
__________________________________________________________________
9) Қаулыны ресімдеген лауазымды адамның қолтаңбасы:
_________________________________________________________
__________________________________________________________________
10) Бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолтаңбасы:_________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ескертпе:
Осы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес прокурормен келісуге жатады.
Осы қаулыға шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.