О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының төртінші, жетінші және оныншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 1304 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
14-тармақтың 1) тармақшасы елу алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы елу жетінші абзацпен толықтырылсын:
«ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін цифрлық объектілерді құру, сүйемелдеу, дамыту және пайдалану;»;
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 80-1) тармақшамен толықтырылсын:
«80-1) үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
135) және 136) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:
«141-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық инфрақұрылым объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
156) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«156) ұлттық қауіпсіздік органдарында жергілікті есептеуіш желілерін ұйымдастыру мен құру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;»;
182) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«182) техникалық, криминалистік және полиграфологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
316) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«316) қызмет бабында пайдалану үшін;».
Тармақ 2
2. Құпия.
_______________________________________