Об объявлении чрезвычайной ситуации объектового масштаба Қолданыста
Басқа 0
Объектілік масштабтағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Заңының Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Жылыой аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 13 қазандағы хаттамасының 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жылыой ауданы, Құлсары қаласында № 244 көшесі № 173-6 тұрғын үйде апатты жағдайдың туындауы мүмкін болуына байланысты объектіде объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы етіп салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарын тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.