Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19 бабына, 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына сәйкес Майский ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ шектеулі жер пайдалану құқығы (жария сервитут) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Майский ауылдық округінің, Майское ауылы мекенжайында бойынша орналасқан эскиздік жобаға сәйкес жалпы ауданы 20,000 гектар жер учаскесіне су бұру жүйесін қайта жаңарту үшін берілсін.
Тармақ 2
2. "Майский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) Осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін "Майский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.