О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы «1» маусымдағы № 11-1-4/295 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-4/196 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 11-1-4/136 бұйрығына өзгерістер енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 11-1-4/228 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.».
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығына өзгерістер енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 11-1-4/232 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.».