Об утверждении норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа по Алматинской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына және «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Алматы облысы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары
Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы «8» маусымдағы № 124 қаулысына қосымша Алматы облысы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары № р/н Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы Өлшем бірлігі Газды тұтыну нормасы 1 Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда тамақ әзірлеу Бір айда 1 адамға шаққанда текше метр 10,0 2 Газ плитасы және газ су қыздырғыш болған жағдайда су жылыту (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жоқ жағдайда) Бір айда 1 адамға шаққанда текше метр 24,50 3 Газ плитасы болған жағдайда және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және су қыздырғыш болмаған жағдайда су жылыту Бір айда 1 адамға шаққанда текше метр 14,50 4 Тұрғын жайларды жеке (пәтермен) жылыту Бір айда 1 шаршы метрге шаққанда текше метр 7,0 № п/п Сұйытылған мұнай газын тұтыну сипаттамасы Тұтыну бірлігі Газды тұтыну нормасы 1 Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда тамақ әзірлеу Бір айда 1 адамға килограмм 7,0 2 Газ плитасы және газ су қыздырғыш болған жағдайда су жылыту (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жоқ жағдайда) Бір айда 1 адамға килограмм 17,0 3 Газ плитасы болған жағдайда және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және су қыздырғыш болмаған жағдайда су жылыту Бір айда 1 адамға килограмм 10,5 4 Тұрғын жайларды жеке (пәтермен) жылыту Бір айда бір шаршы метрге шаққанда килограмм 5,0