О присвоении наименований некоторым составным частям города Астаны Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 қазандағы, Республикалық ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 27 наурыздағы қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының «Нұра» ауданы бойынша: жобалық атауы Е754 көшеге – София көшесі; Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталатын, «Астана Арена» спорт кешені мен «Алау» мұзайдыны сарайының арасында орналасқан атаусыз көшеге Марко Поло көшесі атауы берілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.