О признании утратившими силу некоторых приказов и структурного элемента приказа Министра туризма и спорта Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының құрылымдық элементі мен кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының құрылымдық элементі мен кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетектішік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының құрылымдық элементі мен кейбір бұйрықтардың күші жойылған тізбесі
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 9 маусымдағы
№ 97 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының құрылымдық элементі мен кейбір бұйрықтардың күші жойылған тізбесі
Тармақ 1
1. «Туристендіру картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24950 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Туристендіру картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33375 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Туристендіру картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 28 наурыздағы № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35885 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 15 шілдедегі № 131 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36457 болып тіркелген).